Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі N 16-6/64п "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 25 қарашадағы N 16-6/100п Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3970. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п бұйрығымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2006 жылғы 8 ақпандағы N 16-6/11п   бұйрығымен .
_________________________________

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 ақпандағы
N 102  қаулысымен бекітілген балық шаруашылық су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережесін және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының 2 тарауы 18 тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегі
N 16-6/64п "Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3874-мен тіркелген, "Заң газеті" және "Юридическая газета" ресми баспасөз басылымдарында жарияланған)  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланушының рейтингтік бағасын анықтаудың ережелеріндегі:
      қосымшасында:
      5 бағандағы "10-балдық" деген сөздер "10-баллдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 1 жолының 2 бағанындағы "мың тнг." деген сөздер "(қорықшылық қызметті құру және ұстауына жаратылған қаражаттан басқа) мың.тнг." деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 4 жолының 2 бағанындағы "өздігінен жүретін, 50 а.к. жоғары" деген сөздер "өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышпен), 40 а.к. және одан жоғары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6 жолының 2 бағанындағы "75%-дан 100%" деген сөздер "75%-дан 100%-ға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті Төрағасының орынбасары Ю.Т.Ромашовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.