Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 24 қарашадағы N 296 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3967

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210  қаулысымен  бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы  Жолдауын  іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесінің 56-тармағының 56.1. тармақшасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік органдарының немесе өзге ұйымдарының жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіркеу туралы" Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 1037 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 75 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақта "С.Т.Тауекелге" деген сөздер "Қ.Қ.Жанахановқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік органдардың немесе өзге ұйымдардың жанында бұқаралық ақпарат құралдарының және ақпарат агенттіктерінің журналистерін тіpкey туралы ережеде:

      1-1-тармақта "Субъектілерінің" деген сөз "Мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың, сондай-ақ тіркелген журналистердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақта "Мемлекеттік орган немесе өзге ұйым" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - тіркеуші ұйым)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Тіркелген журналист тіркеуші ұйымнан осы органның немесе ұйымның бірінші басшысы немесе бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға қол қойған тіркеу туралы куәлігін алады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Тіркеуші ұйым тіркелген журналисті жиналыстар, мәжілістер және өзге де шаралар туралы үш күн бұрын мерзімде алдын-ала хабарлауға, хаттамалармен, мемлекеттік және орыс тіліндегі өзге де құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті.";

      8-тармақта "тіркейтін органға" деген сөздер "тіркеуші ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын, "он бес күн" деген сөздер "он жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақта:
      бірінші абзацта "Мемлекеттік орган немесе өзге ұйым" деген сөздер "тіркеуші ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацта "тіркеген орган" деген сөздер "тіркеуші ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10 және 17 тармақтарда "тіркеген орган" деген сөздер "тіркеуші ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Егер БАҚ пен Агенттіктің меншік иесі ауысқан жағдайда, немесе БАҚ меншік иесінің уәкілеттігі бойынша редакция тіркелген журналисті басқа журналиспен ауыстырған жағдайда оны тіркеу Ереженің осы тарауында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
      Журналисті тіркеу туралы бұған дейін берілген куәлік өтінішке қоса беріледі.";

      13-тармақта "тіркеген органға" деген сөздер "тіркеуші ұйымға үш күннен кешіктірмей" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпарат агенттіктерін Есепке алу жөніндегі Нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2001 жылғы 3 қыркүйектегі N 175  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 24 қазандағы N 1661 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінің 2001 жылғы N 36-37 сандарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақта "БАҚ Департаментінің директоры Ж.С.Омаровқа" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы Қ.Қ.Жанахановқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпарат агенттіктерін есепке алу жөніндегі Нұсқауда:
      преамбуласында:
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі
N 499 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы Ереженің" деген сөздер алынып тасталсын;

      3-тармақтың екінші абзацында "бірінші басшының міндетін атқарушы адам" деген сөздер "бірінші басшының міндетін атқару ресми түрде жүктелген тұлға қол қояды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақта "Уәкілетті органның жергілікті органдары (бұдан әрі - жергілікті орган)" деген сөздер "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақтың екінші абзацында "оның түпнұсқасы" деген сөздерден кейін "қайта есепке қою туралы өтінішпен бірге" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақтың үшінші абзацында "Уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      28-тармақ алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Қ.Қ.Жанаханов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы