Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 қарашадағы N 306-НҚ Бұйрығы. Қазақстанг Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 желтоқсандағы тіркелді. Тіркеу N 3962

Жаңартылған

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Телекоммуникациялар және аэронавигация саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (Е.Ш.Әлиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.П.Нефедовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген

      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникация
      министрі

      2005 жылғы "___" ________

Қазақстан Республикасы     
Табиғи монополияларды реттеу  
агенттігі төрағасының      
2005 жылғы 4 қарашадағы     
N 306-НҚ бұйрығымен бекітілген 

Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін
көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің
қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына
пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі - Субъект) қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      2. Нұсқаулық аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) құрамына кіретін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеуді нақтылайды.

      3. Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:
      құзыретті орган - көлiк және коммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыру мәселелерi жөнiндегi басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      қарыз капиталы - айналым қаражаттың орнын толтыруға байланысты қарыздарды қоспағанда есепті кезеңнің аяғында Субъектінің теңгерімінде болған банк операцияларының және өзге қарыздардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың ұзақ мерзімді қарыздарының жиынтықты құны;
      есепті кезең - Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) өзгертуге өтінім беру күнінің қарсаңында аяқталған қаржылық жыл;
      қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы (бұдан әрі - ҚАРБ) - Субъект меншігінде немесе өзге заңды негіздерде бар және аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін өндіру және (немесе) ұсыну кезінде пайдаланылатын, есепті кезең аяғындағы ұзақ мерзімді активтердің (негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің) және таза айналым капиталының (ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің арасында айырмашылық ретінде есептелетін) жинақты құны;
      ҚАРБ-ға пайда ставкасы - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекті капиталының құнына сәйкес келетін операциялық пайданың нормасы;
      капиталдың құны - қарыз және меншікті қаражаттарға сыйақы ставкасын сипаттайтын, табиғи монополия салаларына жатқызылған қызметті жүзеге асыруға байланысты инвестициялық және өзге тәуекелдерді көрсететін шама;
      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
      Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

2. ҚАРБ-ға пайда ставкасын есептеу

      4. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъектінің ҚАРБ-ға пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының әдісімен айқындалады:

             r e . W e + r d . W d
      d = -------------------. k ab , мұндағы:
                W e + W d

      d - пайда ставкасы;
      W e - меншік капиталы, теңге;
      W d - қарыз капиталы, теңге;
      r e - меншік капиталдың құны;
      r d - қарыз капиталдың құны;
      k ab - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгiлейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативінің деңгейін ескеретін коэффициент.

      5. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің меншік капиталының құны қызметтің осы түріне арналған қазіргі бар тәуекел үшін сыйақыларды жиынтықтай отырып, мына формула бойынша айқындалады:

      r e = r f + rs, мұндағы:

      r f - тәуекелсіз ставка;
      rs - аэронавигация саласына тән тәуекелге арналған сыйлықақы.

      6. Тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының еурооблигациясының немесе тарифті бекітуге өтінім берген күніне немесе уәкілетті органның бастамасы бойынша тарифті бекіту туралы шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректерінің негізінде айқындалатын Қазақстан Республикасының рейтингісіне ұқсас кредиттік рейтингісі бар елдер шығарған айналымының сол мерзімдегі облигациялардың ағымдағы табыстылығына тең қолданылады.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгiлейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін ескеретін коэффициент мына формула бойынша есептеледі:

              1
      K ab = --------, мұндағы:
           (1-a)

      a - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен мемлекеттік басқару органы белгiлейтін республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі.

      8. Аэронавигация саласына тән аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсетуден түскен табыстар ысыраптарының мүмкіндігіне байланысты тәуекелдердің негізгі факторлары:
      1) Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы;
      2) дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен ағымдағы жағдайы;
      3) қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі болып табылады.

      9. Аэронавигацияның саласына тән тәуекелдерді бағалауды, тәуекелдердің қорытынды деңгейін және тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшерін айқындауды Нұсқаулыққа берілген қосымшада келтірілген алгоритмге сай құзыретті орган немесе тәуелсіз сарапшы жүзеге асырады.
      Тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін сыйлықтардың мөлшері туралы түпкілікті шешімді құзыретті орган және/немесе тәуелсіз сарапшы берген қорытындысының негізінде уәкілетті орган қабылдайды.

      10. Қарыз қаражат құнын бағалау алдын ала элемент бойынша және кейіннен орташа өлшенген шама түрінде қорытынды бағалау әдіспен мына формула бойынша жүргізіледі:

      r d = r dk . W dk + r do . (1 - W dk ), мұндағы:

      r dk - соңғы есепті кезеңнің аяғындағы банктік және өзге кредиттердің құны, %;
      r do - купон облигациясы немесе облигацияның атаулы пайыздық ставкасы бойынша төленетін шама, %;
      W dk - аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің қарыз капиталындағы есепті кезең аяғындағы айналым қаражатының орнын толықтыруға арналған кредиттерді қоспағанда, банктік және өзге кредиттердің үлес салмағы.

      11. Банк кредиттерінің құны кредиттің пайыздық ставкасына тең немесе бірнеше кредиттер тартқан жағдайда, тартылған және есепті кезең аяғындағы аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсететін Субъекттің теңгерімінде бар осы кредиттердің орташа өлшенген құнына тең және мына формула бойынша айқындалады:

       , мұндағы:

      P i - i кредиті бойынша кредиторға төленетін пайыз;
      n - кредиттердің саны;
      W i - i кредитінің кредиттердің жалпы сомасындағы үлесі;
      H - пайдаға салынған салық ставкасы.

      12. Купон облигациясы бойынша төленетін шама немесе оның атаулы құнына пайыздармен көрсетілетін облигацияның атаулы пайыздық ставкасы мынадай формула бойынша анықталады:

                       C H - C p
            C H * p 2 +  --------
                          t
      r do = (-------------------) * (1-H) , мұндағы:
                C H + C p
               --------
                   2

      p 2 - дисконт ставкасы;
      C H - облигациялардың атаулы құны;
      C p - облигациялардың өткізу бағасы;
      t - қарыз мерзімі (жыл саны).

                                      Аэронавигацияның реттеліп
                                      көрсетілетін қызметтерін
                                    көрсететін табиғи монополиялар
                                      субъектілерінің қолданысқа
                                       енгізілген активтерінің
                                      реттелетін базасына пайда
                                     ставкасын есептеу жөніндегі
                                         нұсқаулыққа қосымша

           Аэронавигация саласына тән тәуекелдердің
            қорытынды деңгейін айқындау алгоритмі

N

Тәуекел факторлары

Тәуекелді бағалау

Тәуекел-
дердің
қорытынды
деңгейі

ең төмен

орташа

жоғары


1.

Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы

1

2

3


2

Дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен ағымдағы жағдайы

1

2

3


3.

Қолданысқа енгізілген активтердің жай-күйі

1

2

3



Тәуекелдің есептік деңгейі (орташа)





   Аэронавигация саласына тән тәуекелдерді бағалау алгоритмі

N

Тәуекел факторлары

Тәуекелді бағалау

Көріністер

1

Қазақстан Республикасының авиация саласының инфрақұрылымы дамуының жағдайы

ең төмен

Экономиканы дамытудың жақсы перспективалары, халықаралық талаптарға сай және мемлекет пен азаматтардың сапалы авиация қызметтеріне үдемелі сұранысын қамтамасыз ететін мемлекеттің тиімді авиакөлік жүйесін жасау  арқылы әуе кеңістігін пайдаланушылардың тарапынан сұранысының елеулі  өсуі

орташа

Қалыпты экономикалық өсудің перспективалары, тұрақты авиатасымалдауға оны елеулі түрде арттырмастан сұраныс күтілуде

жоғары

Құлдыраудың белгілі бір мүмкіндігінің болуы, республикадағы авиатасымалы көлемдерінің өсу перспективасының болмауы, сондай-ақ радиотехникалық және аэронавигациялық жабдықтардың жеткіліксіз модернизациялануы және әуежайлардың төменгі деңгейде техникалық жарақтандыруына байланысты әуе қозғалысының Қазақстан әуе кеңістігінен кетуі

2

Дүниежүзілік авиатасымалдау рыногы дамуының жалпы әлемдік үрдісі мен  ағымдағы жағдайы

ең төмен

Дүниежүзілік экономиканы дамытудың жақсы перспективалары, Қазақстан мен басқа да елдер арасындағы әуе қатынастары туралы екіжақты келісімдердің сақталуын бақылауды қамтамасыз ететін халықаралық экономикалық кеңістік интеграциясы, ұшу мен қону рейстерін орындаған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін толық пайдалану

орташа

Қалыпты дүниежүзілік экономикалық өсудің перспективалары, авиатасымалдауға оны елеулі түрде арттырмастан тұрақты сұраныс күтілуде

жоғары

Азаматтық авиация саласындағы жалпы дүниежүзілік құлдырау, террорлық актілердің көріністері, табиғи катаклизма және мемлекет тарапынан әсер етуге болмайтын және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы өтетін әуе қозғалысы көлемінің төмендеуіне алып келетін басқа да сыртқы факторлар.

3

Қолданысқа енгізілген активтердің
   жай-күйі

ең төмен

Негізгі құралдардың 40 %-ға дейін тозуы

орташа

Негізгі құралдардың 40 %-дан 70 %-ға дейін тозуы

жоғары

Негізгі құралдардың 70 %-дан астам тозуы

              Тәуекелдердің қорытынды деңгейі үшін
                 сыйлықақылардың диапазондары

N

Қорытынды тәуекелді бағалау диапозондары

Тәуекелдердің қорытынды деңгейі

Сыйлықақылар %

1

Ең төмен

1 < 1,5

3 - 5 %

2

Орташа

> 1,5 және <2

6 - 9 %

3

Орташадан жоғары

> 2 және <3

10 - 13 %

4

Жоғары

=3

15 %