Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту жөнінде" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жән қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 387 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3952

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы, 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  45-бабының  4-тармағына,  49-бабына  және "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы, 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту жөнінде" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17  қаулысына  (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3484 тіркелген, 2005 жылы Агенттіктің "Қаржы хабаршысы" N 4 басылымында жарияланған), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 221  қаулысымен  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3751 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3868 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесінде:
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)";
      11-1) тармақшада "Қазақстан Республикасы ұйымдарының" деген сөздердің алдында "Қорға, Ұйымға және Басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-қосымшада:
      "Дефолт коэффициентінің мәні" кестесінде:
      жиырма бесінші жолдағы "А" санаты бойынша сауда-саттық ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (акциялардан басқа)" "А" санаты" деген сөздер "Ең жоғары санат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары

5,93

12,63

18,17

22,18

24,95

Ең жоғарыдан кейінгі санат бойынша сауда-саттық ұйымдастырушылардың ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары (акциялардан басқа)»

11,86

25,26

36,34

44,36

49,9

      2-қосымшада:
      20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Ұйымға және Қорға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К1) және "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті (К2) пруденциалдық нормативтерді есептеуі туралы есеп" кестесінде:
      мынадай мазмұндағы 6.1-жолмен толықтырылсын:

6.1.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

 

100%

 

      11.1-жолда "Қазақстан Республикасы ұйымдарының" деген сөздердің алдында "Ұйымға, Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-қосымшада:
      20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Ұйымға және Қорға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К1) және "Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік коэффициенті (К2) пруденциалдық нормативтерді есептеу үшін қосымша мәліметтер"» кестесінде:

      "Көрсеткіштің атауы"»бағанындағы 8013 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін,«"ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша А рейтингтік бағасы бар Ұйымға, Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Ұйымға, Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

8014

Басқа бағалы қағаздар

 

      4-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К1) пруденциалдық нормативін есептеу туралы есеп"»кестесінде:
      мынадай мазмұндағы 5.1-жолмен толықтырылсын:

5-1.

Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып)

 

100%

 

      10.1-жолда "Қазақстан Республикасы ұйымдарының"»деген сөздердің алдында "Ұйымға, Қорға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын"»деген сөздермен толықтырылсын;

      5-қосымшада:
      "20 ___ жылғы "__"_______________ жағдай бойынша Басқарушыға арналған "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" (К 1 ) пруденциалдық нормативті есептеу үшін қосымша мәліметтер"»кестесінде:

      "Көрсеткіштің атауы" бағанындағы 8014 жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ықтимал шығындар резервін шегере отырып, (негізгі қарыз бен есептелген сыйақы сомасын есепке ала отырып) шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және шетел мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған рыноктарында айналыста жүретін, "ВВ"-ден ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "Ва2"-ден төмен емес ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктеуі бойынша) рейтингтік бағасы бар немесе Қазақстан Республикасының "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "А"» рейтингтік бағасы бар Басқарушыға қатысты аффилиирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

8015

Басқа бағалы қағаздар

 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы"»заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы"»заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға