"Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 6 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің 2005 жылғы 12 қазандағы N 135 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3913. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 28 маусымдағы N 194 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010.06.28 N 194 Бұйрығымен.

      Қоғамдық қадағалау комиссиясының қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және комиссия мүшелерінің мекемелерге және тергеу изоляторларына келіп-кету тәртібін реттеу үшін, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  ережесінің 4-тармағын басшылыққа алып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтардың жазаны орындау мекемелеріне келіп-кету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 2135 тіркелген) 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 6  бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауында және 1-тармақтағы "жазаны орындау" деген сөздерден кейін ", тергеу изоляторларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақта:
      "бірінші" деген сөз "жетекшілік ететін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "әділет полковнигі Қ.М.Есқалиев" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, жазаларды орындау мекемелеріне азаматтардың келіп-кету ережесінде:

      атауындағы "жазаларды орындау" деген сөздерден кейін ", тергеу изоляторларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақта:
      бірінші абзацтағы "жазаны орындау" деген сөздерден кейін ", тергеу изоляторларын" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшадағы "(бұдан әрі - ТМ)" деген сөздерден кейін "мен тергеу изоляторларын (бұдан әрі - АИ)" деген сөздермен толықтырылсын;

      3, 13-тармақтардағы, 15, 17, 18-тармақтардың 2) тармақшасындағы, 2, 3, 4 тарауларының атауларында "түрмелер", "жазаны орындау", "түзеу мекемелеріндегі", "түзеу мекемелерін", "түзеу мекемесіне", "түзеу мекемелерді" деген сөздерден кейін ", және тергеу изоляторлары", "және тергеу изоляторларын", "және тергеу изоляторларын", "және тергеу изоляторды" деген сөздермен тиісінше толықтырылсын;

      4-тармақтың 4) тармақшасындағы "мен ведомстволардың" деген сөздерден кейін "қоғамдық қадағалау комиссиясының мүшелерін," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақта:
      "түзеу мекемелеріне" деген сөздерден кейін "және тергеу изоляторларына" деген сөздермен толықтырылсын;
      1), 4) тармақшалардағы "ТМ" аббревиатурасынан кейін "және АИ" деген аббревиатурасымен толықтырылсын;

      6-тармақтың 4), 6) тармақшалардағы, 9) тармақшаның екінші абзацында, 12-тармақтағы, 14-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы, 15-тармақтың бірінші абзацында және 4) тармақшасындағы, 20, 22-тармақтардағы, 4, 5 қосымшалардағы "ТМ" аббревиатурасынан кейін "және АИ" деген аббревиатурасымен толықтырылсын;

      12-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) қоғамдық комиссия мүшелерінің ҚАЖ режимдік объекті аумағына және ТМ және АИ кедергісіз кіру мен кетуге ТМ, АИ бастықтарына немесе оның міндетін атқаратын адамға, немесе ҚАЖ жоғары тұрған органның бір жолғы рұқсат қағазы бойынша рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1 тармағымен толықтырылсын:
      "17-1. Көрсетілген азаматтардың келіп-кету және болу барлық жағдайларында ТМ және АИ әкімшілігімен олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.".

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуге жатады және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЖ комитеті төрағасының
      міндетін атқарушы
      әділет полковнигі