Донорларды марапаттау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3889

Қолданыстағы

      "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Донорларды марапаттау ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде N 2691 тіркелген) 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ережеде:

      4-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

      3-тарау алынып тасталсын;

      18-тармақтың 2) тармақшасындағы "Құрметті донор" кеуде белгісімен" деген сөздер алынып тасталсын;

      22-тармақтағы:
      "кеуде белгілері" деген сөздер "кеуде белгісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      ""Құрметті донор"," деген сөздер алынып тасталсын;

      26-тармақтағы:
      "кеуде белгілері" деген сөздер "кеуде белгісі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және "Құрметті донор"," деген сөздер алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің  
2005 жылғы 22 қыркүйектегі   
N 463 бұйрығымен бекітілген  

  Донорларды марапаттау ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Қан мен оның компоненттерінің донорларын марапаттау ережесі "Қан мен оның компоненттерінің донорлығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленді. K090193

      2. Кеуде белгісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградтан төменірек кеуденің сол жағына тағылады.

      3. Кеуде белгісімен марапаттау қайтадан жүргізілмейді.

      4. "КСРО құрметті доноры" мен "Қазақ КСР Қызыл Крест Қоғамының құрметті доноры" кеуде белгісімен марапатталған донорлар "Құрметті донор" кеуде белгісіне лайықты адамдармен теңестіріледі.

  2. "Құрметті донор" кеуде
белгісімен марапаттау шарты

      5. "Құрметті донор" кеуде белгісімен донорлық функцияны өтеусіз жүзеге асыратын донорлар марапатталады.

      6. Марапаттаудың шарттары:
      1) кемінде 40 рет қан беру;
      2) кемінде 70 рет қан плазмасын беру болып табылады.

  3. "Құрметті донор" кеуде белгісінің сипаттамасы

      7. "Құрметті донор" кеуде белгісі алтын түсті шеңбер арасын қосқан медаль мен түйреуіш түрінде жасалған.
      Көлемі 23 мм - 9 мм түйреуіш, алтын түсті "Қазақстан Республикасы" деген жазуы бар, көгілдір түсті (Қазақстан Республикасы туының түсі) эпоксидті эмальмен боялған ашық конвертті түрде болады.
      Медаль 23 мм дөңгелек нысанда болады. Дөңгелектің төменгі бөлігіне Қазақстан Республикасы туының белгісі фрагменті - көгілдір фонда (эпоксидті эмаль) қанатын жайған алтын түсті қыран құс орналастырылған.
      Медальдің ортасында сары фонда (эпоксидті эмаль) алтын түсті донордың нышаны - қызыл түсті қан тамшысы бейнеленген.
      Медальдің жиегінде алтын түсті "Құрметті донор" деген жазу болады. Тамшының астындағы эпоксидті эмальмен ақ фонда алтын түсті "Құрметті донор" деген жазу бар. Белгі латуннан жасалады.

      8. "Құрметті донор" кеуде белгісімен марапатталған адамдарға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі куәлік беріледі.
      Куәлік таңқұрай түсті қатты мұқабалы екі беттен тұрады. Мұқабасында "Құрметті донор" кеуде белгісінің суреті, төменде "Құрметті донор" деген жазу бар.
      Сол жақ бетінің ішкі жағында кеуде белгісінің суреті және мынадай жазулар болады:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі";
      "Министерство здравоохранения Республики Казахстан"; 
      ортасында - КУӘЛІК/УДОСТОВЕРЕНИЕ;
      N_______;
      марапатталатын адамның аты, тегі, әкесінің аты;
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі";
      200____ж "____"________N____ бұйрығы;
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі";
      ______________________________.
      Оң жақ бетінің ішкі жағында мынадай жазбалар бар:
      "Қазақстан Республикасының Құрметті доноры" кеуде белгісі туралы ереже
      1. Науқастың өмірін сақтау үшін ұзақ уақыт бойы өз қанын, плазмасын берген адам "Құрметті донор" кеуде белгісімен марапатталады.
      2. "Құрметті донор" кеуде белгісімен марапаттауды республикалық мекемелердің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау департаменттерінің (басқармаларының) ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі жүргізеді.
      3. "Қазақстан Республикасының "Құрметті донор" кеуде белгісі омыраудың оң жағында, мемлекеттік наградалардан төмен тағылады.
      Парақтың ортасында медальдің суреті болады.
      1. Положение о нагрудном знаке "Құрметті донор".
      2. Нагрудном знаком "Құрметті донор" награждаются лица, многократно сдавшие свою кровь или плазму для спасения жизни больных;
      Награждение нагрудным знаком "Құрметті донор" производит Министр здравоохранения Республики Казахстан по представлению республиканских организаций, областных, городских департаментов (управлений) здравоохранения.
      3. Знак "Құрметті донор" носится на правой стороне груди, ниже государственных наград.
      По центру листа рисунок медали.

  4. Марапаттау материалдарын ұсыну мен қарау тәртібі

      9. Қан және плазма донорларын марапаттау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жататын ұйымдар, сондай-ақ облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттері (басқармалары) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы Ережеге 3-қосымша сәйкес марапаттау парағы;
      2) мінездеме - донордың нақты сіңірген еңбектері көрсетілетін ұсыным.

      10. Марапаттау материалдарын Денсаулық сақтау министрлігінің Марапаттау жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ресімделеді.

  5. Қорытынды ереже

      11. Марапаттау марапатталушыға жеке табыс етіледі.

      12. "Құрметті донор" кеуде белгісімен марапатталған донорларды есепке алуды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның кадр қызметі жүзеге асырады.

      13. "Құрметті донор" кеуде белгісімен марапатталған донорлар оның сақталуына ұқыпты қарауы тиіс. "Құрметті донор" кеуде белгісін жоғалтқан жағдайда қайтадан берілмейді. Белгіге куәліктің көшірмесі марапаттау фактісін нақтылайтын құжаттардың негізінде беріледі.

Донорларды марапаттау   
ережесіне 1-қосымша    

суретті қағаз мәтінінен қараңыз

Донорларды марапаттау   
ережесіне 2-қосымша    

суретті қағаз мәтінінен қараңыз

      сурет орны                Қазақстан Республикасының "Құрметті
                                донор" кеуде белгісі туралы ереже
 

                                   1. Аурудың өмірін құтқару үшін өз қанын,
                               плазмасын көп уақыт бойы берген адам
                                 "Құрметті донор" кеуде белгісімен
                                            марапатталады.
     Қазақстан Республикасының               
   Денсаулық сақтау министрлігі

                            2. Республикалық мекемелердің, облыстық,
          КУӘЛІК            қалалық денсаулық сақтау департаментте-
          N____              рінің ұсынуы бойынша "Құрметті донор"
  __________________________ кеуде белгісімен Қазақстан Республика-
           Тегі                 сының Денсаулық сақтау министрі
  __________________________            марапаттайды.
           Аты
  __________________________ 3. Қазақстан Республикасының "Құрметті
        Әкесінің аты           донор" белгісі омыраудың оң жағында,
                                 мемлекеттік наградалардан төмен
                                             тағылады.

  Қазақстан Республикасы Денсаулық            сурет орны
  сақтау министрінің N___ бұйрығы
  "__" _____________ 200__ ж.

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі __________         
 

                                               Донорларды марапаттау
                                              ережесіне 3-қосымша

      "Құрметті донор" кеуде белгісіне марапаттау парағы

   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
___________________________
      Берілген жері

                          МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты ________________________________________
___________________________________________________________________
2. Лауазымы, жұмыс орны, оқу орны, қызметі ________________________
___________________________________________________________________
   (кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, министрліктің нақты атауын
                            көрсету керек)

3. Жынысы _____________ 4. Туған жылы мен айы _____________________
5. Білімі _________________________________________________________
6. Мекен-жайы _____________________________________________________
7. Марапатталушының айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген
мінездеме _________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Кандидатура талқыланды және ұсынылды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
         (ұйымның атауы, талқыланған күні, хаттаманың N)

                                               Ұйым басшысы
                                          ________________________
                                                   (қолы)
                                          _________________________
                                          (тегі, аты, әкесінің аты)

                                          жылғы "____"_____________
                                               (толтырылған күні)

                                                        Мөрдің орны

       Ескерту : марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жеке куәлік
бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде
транскрипциясы көрсетіледі.