Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 459 , 459-1-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы N 213 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2338 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1016-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Бұл ретте, осы Ережемен белгіленген талаптар лицензиаттардың Кеден кодексімен белгіленген біліктілік талаптарын сақтауы бөлігінде кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын іс-шараларға таратылмайды" деген сөздері алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру Кеден кодексінің 459, 459-1 баптарында көзделген негіздер және кезеңділік бойынша жүргізіледі";
8-тармақтағы "Агенттік" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұйғарым Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде N 2744 болып тіркелген "Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулерін ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы
N 12
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқауға
2-қосымшасымен
бекітілген нысаны бойынша Шаруашылық субъектілердің қызметін тексерулерді, ф.-1П карточкаларын және оларға талон қосымшаларын тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркелуі қажет.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Посткедендік бақылау басқармасы (Д.Т. Мамашева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.И. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.