"Күзетiлетiн объектiлерден және азаматтардың пәтерлерiнен, оның iшiнде күзет қызметiнiң мемлекеттiк емес күзет субъектiлерi күзететiн объектiлерден Жедел басқару орталығына, Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы iшкi iстер бас басқармаларымен Iшкi iстер басқармаларының кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 280 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі N 541 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 4 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3871

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 наурыздағы N 189 қпү қаулысын iске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Күзетiлетiн объектiлерден және азаматтардың пәтерлерiнен, оның iшiнде күзет қызметiнiң мемлекеттiк емес күзет субъектiлерi күзететiн объектiлерден Жедел басқару орталығына, Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы iшкi iстер бас басқармаларымен Iшкi iстер басқармаларының кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы N 280  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2288 болып тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күзетiлетiн объектiлерден, азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы";

      кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күзетiлетiн объектiлерден, азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қою тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса берiлiп отырған Күзетiлетiн объектiлерден, азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.";

      2-тармақта:
      "Астана, Алматы қалалары Iшкi iстер бас басқармаларының, облыстардағы IIББ-ІІБ-нiң, көлiктегi iшкi iстер басқармаларының" деген сөздер "Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң, көлiктегi iшкi iстер департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "Жедел басқару орталықтарына, IIББ-нiң, IIБ-нiң кезекшi бөлiмдерiне" деген сөздер "Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар IIД-нiң кезекшi бөлiмдерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және азаматтардың пәтерлерiнен, оның iшiнде күзет қызметiнiң мемлекеттiк емес субъектiлерi күзететiн" деген сөздер ", азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Iшкi iстер вице-министрi полиция генерал-майоры А.Ж.Шпекбаевқа, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлер комитетiне (Қ.Ш.Сүлейменов), Мемлекеттiк күзет қызметi департаментiне (А.Қ.Мұқажанов), Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Ғ.А.Алпысбаев) және Жол полициясы департаментiне (Ө.Т.Түсiмов) жүктелсiн.";

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Күзетiлетiн объектiлерден және азаматтардың пәтерлерiнен, оның iшiнде күзет қызметiнiң мемлекеттiк емес күзет субъектiлерi күзететiн объектiлерден Жедел басқару орталығына, Астана, Алматы қалаларының және облыстардағы iшкi iстер бас басқармалары мен iшкi iстер басқармаларының кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Күзетiлетiн объектiлерден, азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулық";

      барлық мәтiн бойынша:
      "IIББ-IIБ" деген аббревиатура "IIД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "ҰТ" және "ПКН" деген аббревиатураларды "ПКК ПКН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "КПП патрульдiк-күзет наряды" деген сөздер "ПКК ПКН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "және азаматтардың пәтерлерiнен, оның iшiнде күзет қызметiнiң мемлекеттiк емес күзет субъектiлерi күзететiн" деген сөздер ", меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кiрiспенiң екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарғысы,", "Қазақстан Республикасының Заңы," деген сөздер "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы", "Қазақстан Республикасының Заңдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-тармақта:
      "полиция кешендi күштерiнiң" деген сөздер "полиция кешендi күштерiнiң патрульдiк-күзет нарядының (бұдан әрi - ПКК ПКН)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ұстау топтарына (бұдан әрi - ҰТ)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мамандандырылған күзет қызметтерiнiң және күзет қызметi субъектiлерiнiң нарядтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "аса маңызды объектiден, тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiсiнен" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мамандандырылған күзет қызметi бөлiмшелерi күзететiн объектiден" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "(жазғы маусымда - 2 минут, қысқы мерзiмде - 3 минут)" деген сөздер "кемiнде 5 минутта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "күзетiлетiн объектiге қатысты карточкаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

      10-тармақтың 3-тармақшасындағы үшiншi абзацта мынадай мазмұндағы бесiншi сөйлеммен толықтырылсын:
      "Объектiнi орналастырудың және оқшаулаудың жоспар-сызбасы болмаған жағдайда КПК ПКН объект құрылысының сәулеттiк және басқа да ерекшелiктерiн есепке ала отырып, әрекет етеді."

      13-тармақта: "iзiн суытпай" деген сөздер алынып тасталсын;

      18-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының" деген сөздер алынып тасталсын;

      6-тараудың тақырыбындағы "Күзетiлетiн пәтерден" деген сөздерден кейiн ", оның iшiнде дабыл сигнализациясы кнопкасымен жабдықталған пәтерден" деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Кезекшi бөлiмнен "Дабыл" сигналын алғаннан кейiн ПКК ПКН қысқа жолмен көрсетiлген мекенжайға барады. Онда бара жатқан кезде ПКК ПКН аға қызметкерi "Дабыл" сигналын алған уақытты белгiлейдi және кезекшiден күзетiлетiн пәтердiң ерекшелiктерiн (кiреберiстердiң, терезелердiң, балкондардың және т.б. орналасуын) нақтылайды. Қажеттi мекенжайға келген кезде жарқырауық маяк алдын ала сөндiрiледi, автомобиль құқық бұзушылар келген нарядты байқап, оқиға орнынан қашып кете алмайтындай болып тоқтайды.";

      32-тармақтағы "және орталықтандырылған күзет пультiне (бұдан әрi - ОКП)" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Полицияның кешендi күштерi патрульдiк-күзет нарядтарының пәтердi қарау тәртiбi";

      35-тармақта:
      "анықтайды" деген сөзден кейiн "немесе автоматтандырылған деректер базасы бойынша тексередi" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi сөйлем алынып тасталсын;

      37-тармақ алынып тасталсын;

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "38. Егер қоңырауға немесе есiктi қаққанға ешкiм жауап бермесе, есiктi, терезелердi және басқа да осал жерлердi бақылауға алуды ұйымдастыру қажет. Егер пәтер жалдаушы немесе сенiмдi адам жоқ болса, онда шартта белгiленген тәртiппен күзет қызметiнiң субъектiсi бiрiншiсi - пәтердiң иесiне берiлетiн, екiншiсi - күзет қызметiнiң субъектiсiнде сақталатын тиiстi актiлердi екi данада жасай отырып, куәгерлердiң қатысуымен өзiнде сақталатын екiншi кiлтпен пәтердi аша алады.";

      39-тармақта "КӨС-тiң электромонтеры сигнализацияның iске қосылу себебiн анықтайды, оның жұмысқа жарамдылығы тексерiледi және пәтер ОКП-ға тапсырылады" деген сөздер "осы пәтерге байланысты бұдан кейiнгi қажеттi барлық әрекеттердi күзет қызметiнiң субъектiлерi жүргiзедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тарау алынып тасталсын.

      2. Мемлекеттiк күзет қызметi департаментi (А.Қ.Мұқажанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр