Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 Қаулысымен.
Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 381 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 2586 тiркелген, "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымында жарияланған, 2003 жыл, N 24) Агенттiк Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 111 қаулысымен енгiзiлген толықтырумен бiрге (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 3613 тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру ережесiнде:
барлық мәтiн бойынша "Депозитарлық қызмет көрсету шарты", "Депозитарлық қызмет көрсету шартын", "депозитарлық қызмет көрсету шартында" деген сөздер тиiсiнше "Номиналды ұстау шарты", "Номиналды ұстау шартын", "номиналды ұстау шартында" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
3. Бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiн және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаментi (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийi" АҚ-на жiберсiн.
4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлiмi (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсiн.
Төраға