БҰЙЫРАМЫН:
1. "Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 698/1
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2031 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 1) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін Күлтегін атындағы сыйлықты берудің тәртібі туралы ережеде:
8-тармақтың бірінші абзацында "Әдетте," деген сөз алынып тасталсын, одан кейінгі сөз бас әріппен жазылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен сарапшылардың жұмысына ақы төлеу арқылы тиісті бейіндегі жетекші ғалымдар мен мамандарды, ғылыми және басқа да ұйымдарды тарта отырып, конкурстық жұмыстардың ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастырады.";
18-тармақта "Министрліктің" деген сөз "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақта "Министрлікпен" деген сөз "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Ғылым департаменті (В.В.Могильный) заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.