"Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 11 тамыздағы N 396 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3823

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438  Жарлығымен  бекiтiлген Денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 941  бұйрығына  (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2635 тiркелген, 2004 жылғы 17 қаңтардағы "Ресми газетте" N 3 (160) жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережеде:
      7-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi бойынша мемлекеттiк орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң (филиалының)" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның құрылымдық бөлiмшесiнiң (филиалының)" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын бағалау және талдау" деген сөздер "сараптау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      15-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердің сапасын бақылау және оның аумақтық бөлiмшелерi бойынша мемлекеттік органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын бағалау және талдау" деген сөздер "сараптау" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша комиссия туралы ережеде:

      6-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздер "медициналық қызметтердiң сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақта "медициналық қызметтердiң сапасын талдауды және бағалауды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздер "медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi (У.Ахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өтуге жiберсiн.

      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Д.В.Акрачкова) оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жiберсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бiрiншi вице-министрi А.Ақановқа жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Министрдiң
      мiндетiн атқарушы