"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
67-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Акционерлік қоғамдар өздерінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін Агенттікке ұсынсын.
2. Акционерлік қоғам аффилиирленген тұлғалардың тізімін қағаз және электронды тасымалдаушысында (Excel-файл электронды кестелер) ілеспе хатпен тиісті есепті жылдың 31 қаңтардағы, 30 сәуірдегі, 31 шілдедегі және 31 қазандағы мерзімінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша ұсынады.
3. Агенттік қоғамның аффилиирленген тұлғалары жөніндегі ақпаратты оны Агенттіктің ресми web-сайтында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратуы бойынша жария етеді.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау
агенттігінің Басқармасының
2005 жылғы 30 шiлдедегі
N 272 қаулысына қосымшасы
"____________________" акционерлік қоғамының
|
|||||
Эмиссиялық бағалы
|
Аффилиирленген тұлғалардың тізілімі
|
||||
Жеке тұлғалар |
|||||
N |
Аты-
|
Туған күні* |
Аффилиирлен-
|
Аффилирлен-
|
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
Заңды тұлғалар |
|||||
N |
Заңды
|
Заңды
|
Аффилиирлен-
|
Аффилиирлен-
|
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
Басшының/орынбасарының қолы _____________ Басшының аты-жөні
(қоғамның мөрімен бекітілген)
* Күндер айы/күні/жылы форматта толық санмен толтырылады,
қоғамның акционерлері және лауазымды тұлғалары қоғамның жарғысында
белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтер негізінде айқындалады.
** "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 64-бабы 1-тармағының тиісті тармақшасына сілтеме жасау
қажет.