Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 2
қаулысымен
бекітілген жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу Ережесіне, Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті жанындағы Комиссиясының жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу шешімі (19.08.2005 ж. хаттама N 2) негізінде және мемлекеттік экологиялық сараптаманың "Қазақстан Республикасы аумағында 2005 жылы аң аулауды жүргізу мақсатында суда жүзетін жыл құстарын аулауға тыйым салуды белгілеу туралы биологиялық негіздеме" қорытындысына сәйкес (23.08.2005 ж. хаттама N 03-1-2-7/7213)
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды (үйрек, қаз, балшықшы, қасқалдақ) аулау мерзімі шектелсін, аң аулау мерзімі 2005 жылдың 1 қазанынан бастап белгіленсін.
2. Жануарлар дүниесі бойынша басқармасы 2005 жылдың 25 қыркүйегіне дейін құс тұмауының таралу жағдайын негізге ала отырып 2005 жылы суда жүзетін жабайы құстарды аулау мерзімін одан әрі шектеу жөнінде ұсыныстар енгізсін.
3. Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармаларының бастықтары:
1) үш күндік мерзімде барлық аңшылық пайдаланушыларға бекітіліп берілген аң аулайтын жерлерде қорықшы қызметінің күшімен жануарлар дүниесін қорғауды күшейту және өлім-жітімге ұшыраған құс табылған жағдайда тиісті шаралар қолдану туралы жазбаша өкім берсін;
2) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға суда жүзетін жабайы құстарды (үйрек, қаз, балшықшы, қасқалдақ) аулау мерзімін шектеу туралы ақпарат мұндай шешім қабылдау мәнін түсіндіре таратылсын;
3) жануарлар дүниесін браконьерліктен қорғауға инспекторлық құрамды жұмылдыру үшін барлық шаралар қолданылсын;
4) осы бұйрықты орындау бойынша іске асырылған шаралар жөніндегі алғашқы ақпарат Комитетке 2005 жылдың қыркүйектің 1 күні, одан кейін апта сайын әр дүйсенбіде сағат 12-ге қарай (Астана уақыты бойынша) берілсін.