Нормативтік құқықтық актілерді "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3400 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" N 2 (14) журналында 2005 жылы жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті лицензиялау ережесінде:
1-тармақта:
7) тармақша "(бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар үшін, - өтініш берушінің бес және одан астам процентін иемденетін акционерлер туралы мәліметтерді)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) өтініш берушінің акцияларына ақы төлеуге ақша салу алдында соңғы тоқсанның аяғындағы өтініш беруші (заңды тұлғалар) акционерлерінің қаржылық есебін;";
13) тармақшада:
бірінші абзац алып тасталсын;
екінші абзацтағы "негізінде осы тармаққа сәйкес қаржылық тұрақтылықтың пруденциалдық нормативтерінің және өзге де көрсеткіштерінің немесе критерийлердің (нормативтердің) есебі жасалған" деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті.";
15) тармақша алып тасталсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы "брокерлік-дилерлік" деген сөздер "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Уәкілетті орган лицензияны беру, қайтарып алу, тоқтату және жаңарту туралы ақпаратты оны уәкілетті органның ресми web-сайтында не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша орналастыру арқылы ашып көрсетеді.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.