"Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі N 355 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3789. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Күшін жойған

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және 17 бабының 11) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрдің
      міндетін атқарушы
      2005 жылғы 29 шілде

Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау министрінің  
м.а. N 355 бұйрығымен      
2005 жылғы 14 шілдеде      
бекітілген           

"Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар 1. Жалпы ережелер

      1. "Өндірістік үй-жайлардың ауасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ережелер) туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар жұмыс аумағындағы орындалатын жұмыстың ауырлығымен жылы кезеңдерін ескере отырып, жабық өнеркәсіптік үй-жайлардағы метеорологиялық жағдайлардың керекті мөлшерінің көрсеткіштері мен оңтайлылығын анықтайды.

      2. Осы санитарлық ережелер мен нормалар жер асты және кен өндіретін жылжымалы көлік құрылымдарына, мал шаруашылығының және құс шаруашылығының, ауылшаруашылық өнімдерін сақтауға арналған үй-жайларға, мұздатқыштарға, қоймаларға және нормативті құжаттары бар басқа да нысандарға таралмайды.

      3. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
      1) өндірістік үй-жайлар - тұрақты түрде (ауысым ішінде) немесе кезеңді түрде (жұмыс күнінің ішінде) адамдар жұмыс атқаратын арнайы салынған ғимараттар мен имараттардағы жабық кеңістік;
      2) жұмыс аумағы - тұрақты немесе кезеңді түрде жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлардағы кеңістік;
      3) тұрақты жұмыс орны - жұмыс уақытының 50 пайызынан (бұдан әрi - %) көбін немесе 2 сағаттан көп үздіксіз жұмыс істейтін орын;
      4) оңтайлы микроклиматтық жағдай - адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде организмнің қалыпты жылу сақтау мүмкіндігін қиналмай қамтамасыз ететін микроклимат параметрлерінің жиынтығы;
      5) рұқсат етілген микроклиматтық жағдай - адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер еткенде организмнің жылу сақтау қызметін өтпелі түрде өзгертіп, артынан жылдам қалпына келтіретін микроклимат параметрлерінің жиынтығы;
      6) сыртқы ауаның тәулік бойындағы орташа температурасы - тәулік ішіндегі белгілі бір сағаттарда, бірдей уақыт ішінде сыртқы ауа температурасының орташа деңгейі. Ол метеорологиялық қызмет берген мәліметтер бойынша толтырылады.

  2. Ауа микроклиматының оңтайлы және рұқсат
етілген көрсеткіштерінің деңгейіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      4. Организмнің жалпы қуат бөлу мүмкіндігіне қарай атқарылатын жұмыстар мынандай түрлерге бөлінеді:
      1) жеңіл күш жұмсау арқылы атқарылатын жұмыстар (І-ші категория) - сағатына 120 килокалорияға (бұдан әрі - ккал/сағ) дейін қуат жұмсау арқылы атқарылатын қызмет; - 1 а категориясына күш жұмсамай, отырып істейтін, 120-дан 150-ге дейін ккал/сағ. қуат жұмсайтын жұмыс; 1 б категориясына отырып, немесе жүру арқылы аздап күш жұмсау арқылы атқарылатын жұмыс;
      2) орташа күш жұмсау арқылы атқарылатын жұмыстарға (ІІ-ші категория) сағатына 150-ден 200 ккал/сағатқа дейін қуат жұмсау арқылы атқарылатын жұмыс; - 1а категориясына жүру арқылы немесе ұсақ (1 кг дейін) бұйымдар мен заттарды түрегеп тұрып немесе отырып, 200-ден 250 ккал/сағ. дейінгі қуат жұмсайтын жұмыс; 1 б категориясына түрегеп тұру, жүру арқылы аздаған ауырлықты (10 кг дейін) көтеріп, күш жұмсалынатын жұмыс;
      3) ауыр жұмыстар (ІІІ-ші категория) - сағатына 250 ккал/сағ. артық қуат жұмсауды талап ететін жұмыс түрлері. Мұндай жұмыстарға тұрақты түрде қимылдау, қозғалу арқылы (10 кг жоғарғы) салмақ тасу үшін күш жұмсауды талап ететін жұмыстар.

      5. Өндірістік үй-жайларға берілетін сипаттама, ондағы істелінетін жұмыстарға, жұмсалатын қуатқа және белгіленген тәртіп бойынша бекітілген ведомстволық нормативтік құжаттардың талаптарына сай болғанда және жұмыс істейтіндердің 50% артығы осындай тиісті үй-жайларда істегенде беріледі.

      6. Жабық өнеркәсіптік үй-жайлардағы метеорологиялық жағдайлардың (микроклиматтың) көрсеткіштері болып, мыналар саналынады: ауаның температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу көзінің жылу беру қарқындылығы.

      7. Өндірістік үй-жайлардағы микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері жұмыс орындарына бөлінбей-ақ барлық жұмыс аумағына таралып, тұрақты және тұрақсыз көрсеткіштер болып бөлінеді. Рұқсат етілген көрсеткіштер тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындары үшін анықталынады. Өндірістік үй-жайлардағы микроклимат көрсеткіштерінің оңтайлы және рұқсат етілген деңгейі, осы санитарлық ереженің 1 қосымшасындағы талаптарға сай болуы керек.

      8. Микроклиматтың рұқсат етілген шектеу шегі өндірісте технологиялық талаптардың орындалуы техникалық және экономикалық себептердің салдарынан оңтайлы нормаларды сақтауға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана анықталынады.

      9. Жүйке жүйесін тоздыратын операторлық жұмыстарды атқаратын басқа үй-жайларда ең оңтайлы деген ауа температурасы (22-24 0 С), оның салыстырмалы ылғалдылығы (60-40), ауаның жылжу жылдамдығы (0,1 м/с жоғары болмауы керек) сақталуы керек. Микроклиматтың оңтайлы нормалары сақталынатын басқадай өндірістік үй-жайлардың тізімі жобалау құжаттарын жасаған уақытта анықталады.

      10. Құрылымдардың, жұмыс аумағының (қабырға, еден, төбе) қоршайтын немесе қорғайтын қондырғылардың (экрандар және т.б.), ішкі беттерінің микроклиматтарының оңтайлы көрсеткішін қамтамасыз еткенде, сондай-ақ технологиялық құрал-жабдықтардың сыртқы беттерінің температурасының көрсеткіштері, осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген жекеленген жұмыс категорияларына арналған оңтайлы көрсеткіштерден ауытқып өзгеруі 2 0 С шамасында болуы керек.

      11. Қоршалатын құрылымдардың ішкі беттерінің температурасы жұмыс орындағы ауадағы оңтайлы температурадан төмен немесе жоғары болса, жұмыс орны ол жерден кем дегенде 1 метр (бұдан әрі - м) жерге алыстатылуы керек. Ауа температурасының жұмыс орындағы биіктік және өн бойындағы өлшемдері бойынша және ауысым барысындағы өзгеруі кейбір категориядағы жұмыскерлер үшін, осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген оңтайлы температура деңгейінен артпауы керек.

      12. Жұмыс аумағын қоршайтын құрылымдардың (қабырға, еден, төбе), немесе қондырғылардың (экрандар және т.б.) ішкі бетіндегі микроклиматына қойылатын шектеу мөлшерін қамтамасыз етерде, белгілі бір категориядағы жұмыстар үшін ауа температурасының деңгейі осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген шектен шықпауы керек. Жұмыс аумағындағы ауа температурасының өзгеруі барлық категорияда атқарылатын жұмыстар үшін 3 0 С аспауы керек.
      Температураның өзгеруі ауысым ішінде әртүрлі биіктікте, әртүрлі үй-жайларда өлшеніліп, осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген мөлшерден аспауы үшін жұмыс аумағының өн бойында және қабырғалардың маңында 4 0 С дейін - жеңіл жұмыстар үшін, орта ауыртпалықтағы жұмыстар үшін 5 0 С дейін, ал ауыр жұмыстар үшін 6 0 С дейін өзгертуге болады.

      13. Жылдың қыстың мезгілінде жұмыс орындарын микроклиматтың рұқсат етілетін көрсеткіштерімен қамтамасыз еткенде терезе шыныларынан келетін суықтан қорғайтындай шаралар қарастырылып, ал жылдың жаздың мезгілінде күн көзінің жарығы жұмыс орнына тікелей түспеуін қарастыру керек.

      14. Құрылымдар мен қондырғылардың ішкі беттеріндегі температураға осы санитарлық ережелердің 9 және 10 бағандарда көрсетілген талаптар үй-жайдағы және жұмыс орындарындағы жалпы және жергілікті жылыту және суыту жүйелеріне таралмайды.

      15. Технологиялық құрал-жабдықтардан, жарық беретін құралдардан, тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарын жылумен қамтамасыз етудің, жарықтандырудың қарқындылығы дененің 50% және одан да көп мөлшері жылытылғанда 1 шаршы метрге 35 ваттан (бұдан әрі - Вт/м 2 ) аспауы керек, ал дененің 25-тен 50% дейінгі мөлшері жылытылғанда 70 Вт/м құрап, дененің жылытылу мөлшері 25% кем болғанда 100 Вт/м 2 болуы керек.
      Жылу беретін көз ашық болғанда (қыздырылған металл, шыны, "ашық жалын") жылу көздерінің қарқындылығы дененің 25% көп емес мөлшері жылытылғанда жылу қарқындылығы 140 Вт/м болып, міндетті түрде жеке бастың қорғану құралдарын, оның ішінде көзбен бетті қорғайтын құралдарды қолдану керек.
      Тұрақты жұмыс орындарындағы ауаның температурасы, жылдың жылы кезінде осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген деңгейдің жоғарғы шегінен аспауы керек; тұрақты емес жұмыс орындарында - тұрақты жұмыс орындарына арналған рұқсат етілген мөлшердің жоғарғы деңгейінен аспауы керек.

      16. Төртінші құрылыстық-климаттық аумақтағы өндірістік үй-жайларда 17-ші бағанында көрсетілген талаптарды сақтағанда, жылдың жаз кезінде (осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасы) рұқсат етілген ауа температурасының деңгейін тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарында көтеруге болады. Бірақ жеңіл жұмысты орындағанда 31-32 0 С дейін, орташа ауырлықтағы жұмысты орындағанда 30-31 0 С дейін, ал ауыр жұмысты орындағанда 29-30 0 С дейін көтеруге болады.
      Мұндайда ауаның қозғалу жылдамдығы секундына 0,1 метрге өсуі, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы рұқсат етілген жоғарғы деңгейден басталатын әрбір жоғарлаған градус үшін 5% төмендеуі керек.

      17. Сыртқы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары аудандарда орналасқан өндірістік үй-жайларда, жылдың жылы мезгілінде, тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарлатуға болады, бірақ оның мөлшері, осы санитарлық ережелердің 1-қосымшасында ауаның әртүрлі температуралық параметріне сай көрсетілген рұқсат етілген деңгейдің 10% аспауы керек.

      18. Технологиялық талаптарды және техникалық жолмен оларды орындауға мүмкіндіктер болмайтындықтан, соның салдарынан микроклиматтың рұқсат етілген нормативті деңгейін өндірістік үй-жайларда жұмыс атқаратындарды ыстықтан немесе суықтан (жергілікті ауаны тоңазыту, арнайы киімдерді қолдану, жұмыс уақыты мен демалу мөлшерін реттеу) қорғайтындай шаралар қарастырылуы керек. Ыстықтан болатын өзгерістердің алдын алу үшін ыстықтан қорғайтын қоршаулардағы температура 45 0 С аспауы керек.

      19. Жұмыс орны үлкен тығыздықта орналасқан үй-жайларда жергілікті жылу, суық немесе ылғалды көздер болмағанда, температураны салыстырмалы ылғалдылықты, ауаның жылжу жылдамдығын өлшеу учаскелерін таңдау бүкіл үй-жайлар бойынша бірдей қашықтықта осы ережелердің 2-қосымшадағы талаптарға сай жүргізіледі.

                                       "Өндірістік үй-жайлардың
                                            ауасына қойылатын
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                             талаптар" туралы
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                         ережелер мен нормаларға
                                                 1-қосымша

            Өндірістік үй-жайлардың жұмыс аумағындағы
      температураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және
      ауа жылжуының жылдамдығының нормаланатын мөлшері

Жыл мез-
гілі

Жұ-
мыс ка-
те-
го-
ри-
ясы

Температурасы,  0 С

Салыс-
тырмалы
ылғал-
дылық

Қозғалыс
жылдам-
дығы,
м/с

Оң-
та-
йлы

Рұқсат етілген шегі

Оң-
та-
йлы

Рұқ-
сат
етіл-
ген
шегі

О
ң
т
а
й
л
ы,

к
ө
п

е
м
е
с

Рұқ-
сат
етіл-
ген
шегі

Жоғарғы шегі

Тө-
мен-
гі
ше-
гі

Тұ-
рақ-
ты
және
тұ-
рақ-
сыз
жұ-
мыс
орын-
дары,
көп
емес

Тұ-
рақты
және
тұ-
рақ-
сыз
жұмыс
орын-
дары*

Жұмыс орнында

Тұ-
рақ-
ты

Тұ-
рақ-
сыз

Тұ-
ра-
қты

Тұ-
рақ-
сыз

Жыл-дың су-
ық мез-
гілі

1
а -
же-
ңіл

22-
24

25

26

21

18

40-
60

75

0,1

0,1
көп
емес

1
б -
же-
ңіл

21-
23

24

25

20

17

40-
60

75

0,1

0,2
көп
емес

ІІ
а -
ор-
таша
ауыр

18-
20

23

24

17

15

40-
60

75

0,2

0,3
көп
емес

ІІ
б -
ор-
таша
ауыр

17-
19

21

23

15

13

40-
60

75

0,2

0,4
көп
емес

ІІІ
-
ауыр

16-
18

19

20

13

12

40-
60

75

0,3

0,5
көп
емес

Жыл-
дың жылы мез-
гілі

1
а -
же-
ңіл

23-
25

28

30

22

20

40-
60

28 0 С-
та
55

0,1

0,1-
0,2

1
б -
же-
ңіл

22-
24

28

30

21

19

40-
60

27 0 С-
та
60

0,2

0,1-
0,3

ІІ
а -
ор-
таша
ауыр

21-
23

27

29

18

17

40-
60

26 0 С
-та
65

0,3

0,2-
0,4

ІІ
б -
ор-
таша
ауыр

20-
22

27

29

16

15

40-
60

25 0 С-
та
70

0,3

0,2-
0,5

ІІІ- ауыр

18-
20

26

28

15

13

40-
60

24 0 С-
та
және
одан төмен
бол-
ғанда
-75

0,4

0,2-
0,6

      * Жылдың жылы кезеңінде ауаның жылжу жылдамдығының артуы
ауаның ең жоғарғы температурасына сай келеді. Жылжу жылдамдылығының
кемуі ауа температурасының төмендеуіне сай келеді. Ауа
температурасының аралық мәнін анықтау үшін ауаның жылжу
жылдамдығында болатын өзгерістер арқылы анықталынады. 

                                       "Өндірістік үй-жайлардың
                                            ауасына қойылатын
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                             талаптар" туралы
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                         ережелер мен нормаларға
                                                 2-қосымша

           Микроклиматтың параметрін өлшеу үшін тексеріс
               жүргізетін участоктердің ең аз саны

Үй-жайлардың аумағы м 2

Тексерілетін учаске саны

100 дейін

4

101-400

8

400 көп

Участкелердің саны олардың арасындағы арақашықтық арқылы анықталынады, олардың арасы
10 м көп болмауы керек.