Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесін бекіту жөніндегі" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы N 221 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3751. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 17 маусымдағы N 132  қаулысымен .
__________________________________________

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,  45-бабының  4-тармағына,  49-бабына  және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесін бекіту жөніндегі" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 17  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3484 тіркелген, "Қаржы хабаршысы" N 4 (16) Агенттік басылымында 2005 жылы жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесінде:
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 11-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) ықтимал шығын резервін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыстағы Қазақстан Республикасының Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және ықтимал шығын резервін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыстағы Қазақстан Республикасының Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары;";
       мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      13-1) ықтимал шығын (елу процентке азайтылған) резервін шегергендегі ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары;";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Басқару жөніндегі қызметті клиенттердің шоттарын номиналды ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен брокерлік-дилерлік қызметпен қоса атқарғанда және олар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалған банк және өзге операцияларды жүзеге асырғанда, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

К 1 =(ӨА - М)/ МКАМ, мұнда

      ӨА - Басқарушының өтімді активтері;
      М - Басқарушының жиынтық міндеттемелері;
      МКАМ - Басқарушының меншікті капиталының ең аз мөлшері.
      МКАМ = 125 млн. теңге
      Егер басқаруға қабылданған активтердің құны 40 миллиард теңгеден астам болса, онда Басқарушының меншікті капиталының ең аз мөлшері мына формула бойынша есептеледі:
      МКАМ = (125 миллион теңге + (БҚА - 40 миллиард теңге)*0,0002 БҚА - басқаруға қабылданған активтер.
      МКАМ-ның ең жоғары мәні 1,6 миллиард теңгеден аспауы тиіс.";
      Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесінің 2-қосымшасы:

      мынадай мазмұндағы 11.1-жолмен толықтырылсын:

11.1

Ықтимал шығын резервін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыстағы Қазақстан Республикасының Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және ықтимал шығын резервін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыстағы Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары 

  

100%

  

      мынадай мазмұндағы 13-1-жолмен толықтырылсын:

13-1 Ықтимал шығын резервін шегергендегі             50%
     ашық және аралық инвестициялық
     пай қорларының пайлары

      Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалуы туралы есептерді ұсыну ережесінің 4-қосымшасы:
      мынадай мазмұндағы 10.1-жолмен толықтырылсын:

10.1

Ықтимал шығын резервін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыстағы Қазақстан Республикасының Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының акциялары және ықтимал шығын резервін шегергендегі "ВВ" ("Standard & Poor's" және "Fitch" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ва2" ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің жіктелімі бойынша) кем емес рейтингтік бағасы немесе шет мемлекеттердің немесе Қазақстан Республикасының ұйымдасқан рыноктарында айналыстағы Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "А" рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы ұйымдарының борыштық бағалы қағаздары 

  

100%

  

      мынадай мазмұндағы 12-1-жолмен толықтырылсын:

12-1 Ықтимал шығын резервін шегергендегі             50%".
     ашық және аралық инвестициялық
     пай қорларының пайлары

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы қабылданған күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, "Активтерді басқарушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға