Банктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi одан әрi жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Агенттiк Басқармасының "Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiн және банктiк әрi банктер жүзеге асыратын өзге операцияларды жүргiзуге лицензияны беру, тоқтата тұру және қайтарып алу ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 12 шiлдедегi
N 197
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3034 тiркелген, "Қаржы хабаршысы" N 10 журналында 2004 жылы жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Банктi ашуға рұқсат беру, банк филиалдарын ашуға келiсiм беру және банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн ашу, жабу ережесiнде:
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргiзу";
18-тармақтағы "дербес және шағын кәсiпкерлiк, микробизнес субъектiлерiн қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдамайды, банк шоттарын ашпайды және жүргiзбейдi, сондай-ақ заңды тұлғалардың экспорт-импорт операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.