"Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
9-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Су көлiгi департаментi (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi Т.Б.Әбiлғазинге жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң
2005 жылғы 15 маусымдағы
N 208-А бұйрығымен
бекiтiлген
Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң
айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына
арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды
орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және
кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және
сақтау ережесiн бекiту туралы
1. Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген.
2. Ереже кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуi, арқандап байлануы және тоқтап тұруы арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыруға, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтауға қойылатын талаптарды айқындайды.
3. Ереже Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында қызмет ететiн барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
4. Ереже Қазақстан Республикасы Әскери-теңiз күштерiнiң және Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
5. Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылды:
1) уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстар (бұдан әрi - құрылыстар) - кемелердiң қауiпсiз тоқтап тұруына, жүгiн өңдеуге және кемелерге қызмет көрсетуге арналған (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелi қонақ үйлер, жатақханалар, демалыс үйлерi, мейрамханалар, жүзбелi шеберханалар, сорғы станциялары) порттың немесе айлақтың құрамындағы инженерлiк гидротехникалық құрылыстар;
2) арқандап байлау - кеменiң айлаққа, пирсқа немесе басқа кемеге жақындап келуi және кеменi осыларға бекiту жөнiндегi iс-қимылдар.
2. Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң
айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына
арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды
орналастыруға, жолаушыларды кемелерге отырғызу және
кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтауға
қойылатын талаптар
6. Тасымалдаудың транзиттiк, аралық және соңғы пункттерiнде кемелерге, салдарға және жолаушыларға қызмет көрсетудi, жүк пен багажды түсiрудi ұйымдастыру үшiн құрылыстар қолданылады.
8. Жолаушыларға қызмет көрсету үшiн құрылыстар мыналармен:
1) құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдармен;
2) кеменiң алдыңғы және артқы жағынан арқанмен байлау құрылғыларымен және жағалау жағынан тiреуiш құрылғылармен;
3) кеменiң алдыңғы және артқы жағынан тiркеп сүйреу кнехтарымен;
4) енi құрылғыдан кемеге дейiн кемiнде 1 метр және енi құрылғыдан жағаға дейiн 2 метр орташа шыбықпен, биiктiгi 110 см тұтқалармен қоршалған берiк және қауiпсiз басқыштармен;
5) мүгедектiк арбашалардағы мүгедектердi отырғызу және түсiру Құрылғыларымен;
6) қажеттi құрылғылары мен мүкәммалы бар жүк тиеу жұмыстары үшiн жабдықтарымен және құрылғылармен;
7) дауыс зорайтқыш байланыспен, телефондармен;
8) сигнал оттарын көтеру және түсiру, атқару үшiн құрылғылармен, антеннамен және "жай тартқышпен" жабдықталған кеме мачтасымен;
9) теплоходтың отырғызу алаңы деңгейiндегi құрылыстың корпусындағы құрылғысы, теплоходтың негiзгі палубасы деңгейiндегi отырғызу эстакадасы бар отырғызу алаңдарымен жабдықталуы тиiс. Кез келген жағдайда траптың көкжиекке көлбеу бұрышы 30 градустан аспауы тиiс;
10) тұрыстағы кемелердiң электр құралдарын және жағалаудан электрмен жабдықтауды қосуға арналған құрылғылармен;
11) жерге тұйықтағыш сенiмдi құрылғымен жабдықталуы тиiс.
9. Құрылыстарға кiрме жолдар жиегi бар қатты жамылғымен, қарсы келе жатқан автокөлiктiң жүрiп-тұруы үшiн жүру бөлiгiнiң жеткiлiктi енiмен, автокөлiк тұратын орынмен, периметрi бойынша жарықталумен, қоқыс жинау орнымен, ал iрi жолаушылар портында қосымша су құбырымен және кәрiздермен жабдықталуға тиiс.
10. Аралық аялдау пункттерiнде айлақтық жақтау понтондар орнатылуы мүмкiн.
Жақтау понтондары жолаушыларды отырғызу және түсiру кезiнде кемелердiң қауiпсiз арқандап байлануы үшiн неғұрлым қолайлы терең орындарға орнатылуы, арқандап байлау тростарымен сенiмдi бекiтiлуi және су өткiзбейтiндей болуы тиiс.
11. Жүк-жолаушы құрылыстары құрылғылар мен мүкәммалдың қажеттi жинақтамасы бар тиеу жұмыстары үшiн құрылғылармен, жүк пен багажды уақытша сақтау үшiн қойма алаңдарымен, жүктер үшiн жабық үй-жайлармен жабдықталуы тиiс.