Кеме капитанының құқыққа қарсы іс-әрекет жасау мақсатында кемеге адамдардың шабуыл жасау жағдайындағы іс-қимылы ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 215-І Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3727

Қолданыстағы

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 36-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Кеме капитанының құқыққа қарсы іс-әрекет жасау мақсатында кемеге адамдардың шабуыл жасау жағдайындағы іс-қимылы ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Көлік және коммуникация      
министрдің міндетін атқарушының  
2005 жылғы 22 маусымдағы     
N 215-І бұйрығымен бекітілген   

  Кеме капитанының құқыққа қарсы іс-әрекет жасау
мақсатында кемеге адамдардың шабуыл жасау
жағдайындағы іс-қимылы ережесін бекіту туралы

  1. Жалпы ережелер

      1. Кеме капитанының құқыққа қарсы іс-әрекет жасау мақсатында кемеге адамдардың шабуыл жасау жағдайындағы іс-қимылы ережесі (бұдан әрі - Ереже) кеме капитанының құқыққа қарсы іс-әрекет жасау мақсатында кемеге адамдардың шабуыл жасау жағдайында жолаушылар мен экипаждың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекаралық қызметінің туын көтеріп жүзетін кемелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің барлық капитандарына таралады.

      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелердің капитандары порт капитанымен сенімді байланысты қамтамасыз ету қажет және кеме бортына қабылданған және кеме экипажының мүшелері, жолаушылары мен тасымалданатын жүктердің серіктері болып табылмайтын барлық тұлғалар туралы ақпаратты уақтылы ұсыну тиіс.

  2. Кемеге шабуыл жасау жағдайында кеме
капитаны қолданатын қажетті шаралар

      4. Кеме капитаны кемеге шабуыл жасау жағдайында кеме үшін, кемеге шабуыл жасау кезінде кемені басқару, кемеге шабуыл жасау кезінде кеме жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кемеде тәртіп сақталуы, кемеге шабуыл жасау кезінде кемеге, кемедегі адамдарға, багажға және жүкке зиян келтіруді болдыртпау үшін жауапты тұлға болып табылады.

      5. Кеме капитаны кемеге шабуыл жасау жағдайында кеме экипажының мүшелері іс-қимылының дағдыларын пысықтау үшін іс-шаралар өткізеді.

      6. Кеме капитаны кемеге шабуыл жасау жағдайында экипаждың әрбір мүшесінің, олар жүзуге шығуда, іс-қимылы туралы кеме экипажының мүшелеріне нұсқаулық өткізеді.

      7. Ең жақын жағалау күзеті бөлімшелерінің, шекаралық қызмет бекеттерінің, ішкі істердің аумақтық органдарының кеме қозғалысы бағдарғысы бойынша орналасуы немесе орнығуы туралы ақпаратты кеме капитанының талабы бойынша порт капитаны немесе ішкі су көлігі саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, ішкі су көлігі қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі ұсынады.

      8. Жүзуге шығу алдында кеме капитаны кеме экипажының командалық құрамынан жолаушылардың, багаж бен жүктің қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны тағайындайды.

      9. Кемеге шабуыл жасау жағдайында кеме капитаны мүмкіндік бар болса, құзыретті органдарға шабуылдың мақсаты, қарақшылардың саны, қару, жарылғыш құрылғылардың бар болуы туралы хабарлайды.
      Сондай-ақ кеме капитаны экипаждың әрбір мүшесіне олардың одан әрі іс-қимылдары туралы нұсқаулық өткізеді.

      10. Кемеге шабуыл жасау кезінде кеме экипажының мүшелері жолаушыларды болған оқиға туралы хабардар етеді және олардың каюталарда болуын қамтамасыз етеді.

      11. Кемені басып алу кезінде кеме капитаны немесе экипаждың өзге де мүшелері капитанның бұйрығы бойынша құқық қорғау органдар кемені босату үшін күш операциясын жүргізуіне мүмкіншілік беру үшін кеменің қозғалтқыштарын өшіреді.