"Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
54-бабының 1-1-тармағына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сай Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі - банктер) банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Банктер ай сайын қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға электрондық байланыс арқылы және банктің мөрімен куәландырылған, банктің бірінші басшысы және бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қойған қағаз тасымалдаушысында есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен, Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ден кешіктірмей, осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша есепті ұсынады.
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 31 мамырдағы және Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі банк шоттарындағы қалдықтары жөніндегі есептің нысанын мен мерзімін бекіту туралы" 2004 жылғы 31 мамырдағы N 151
бірлескен қаулысының
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2937 тіркелген, 2004 жылы "Қаржы хабаршысы" N 7 (7) журналында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
6. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының 2005 жылғы 28 мамырдағы
N 162 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
банк шоттарындағы қалдықтары туралы есеп
_________________________________
банк атауы
______________________жағдай бойынша
мың теңгемен
Рет нө-
|
Сақ-
|
Ағымдағы және карт шоттары |
||||||
Бар-
|
шоттардағы ақша
|
есептелген сыйақы
|
||||||
қалдық |
жиын-
|
қалдық |
жиын-
|
|||||
тең-
|
теңге
|
тең-
|
теңге-
|
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
таблицаның жалғасы:
Талап еткенге дейінгі салымдар |
||||||
Бар-
|
шоттардағы ақша сомасы |
есептелген сыйақы сомасы |
||||
қалдық |
жиын-
|
қалдық |
жиын-
|
|||
тең-
|
теңгеге
|
теңге-
|
тең-
|
|||
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
таблицаның жалғасы:
Мерзімді салымдар |
||||||
Бар-
|
шоттардағы ақша сомасы |
есептелген сыйақы сомасы |
||||
қалдық |
жиын-
|
қалдық |
жиынтығы |
|||
тең-
|
теңге-
|
теңгемен |
теңгеге есептел-
|
|||
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
таблицаның жалғасы:
Шартты салымдар |
||||||
Бар-
|
шоттардағы ақша сомасы |
есептелген сыйақы
|
||||
қалдық |
жиынтығы |
қалдық |
жиынтығы
|
|||
теңге-
|
теңгеге
|
тең-
|
теңге-
|
|||
24 |
25 |
26 |
27 |
28 |
29 |
30 |