"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө
бұйрығына
(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2262, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-ө және 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 100-ө бұйрықтарымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларына, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде NN
3490
,
3617
болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесінде:
13-тармақтың екінші абзацы мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"Телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурсын бөлу өтінімдегі көрсетілген нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде бөлінеді. Нөмірлеу ресурсының 50% көлемінде қалған бөлігі нөмірлеу ресурсын алушыға резервленеді және іс-әрекет ету шамасына қарай бөлініп отырады.";
19-тармақтың 1) тармақшасындағы "телефондық желі" деген сөз "телекоммуникация желілері" деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшаның үшінші абзацында "құжаттарды берген күнінен бастап" деген сөзінен кейін ", сонымен сәйкес құжаттар түсіндірме жазбада көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін байланыс саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (Сейтімбеков А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.