Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің вексельдер есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1015 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің вексельдер есебін жүргізу ережесінде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі - банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдерін (бұдан әрі - вексельдер) есепке алу тәртібін реттейді.";
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтағы "Заңның" деген сөз "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақтың 4) тармақшасындағы "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
20-тармақтағы "тауар сатып алу-сату мәмiлесi" деген сөздер "тауарлар сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетуді қоспағанда) шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Банк активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес эмитенттердің кластық деңгейі бойынша есепке алынатын барлық вексельдерді жіктейді, сондай-ақ есепке алынатын вексельдер бойынша провизиялар қалыптастырады.";
45 және 46-тармақтар алынып тасталсын;
47-тармақтың:
бірінші абзацындағы "Банк" деген сөзден кейін "есепке қабылданған және" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы ", оның iшiнде вексельдi шетел кредиторына берешектi өтеу үшiн пайдалануды" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде 49-тармақтағы "жүзеге асырылады" деген сөздер өзгермейді;
"заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
51-тармақтағы "Есеп жүргiзу кеңселерi" деген сөздер "Валюталық операциялар жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар есеп жүргізу кеңселері" деген сөздермен ауыстырылсын;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Банк осы Ереженің талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.
Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.";
54 және 55-тармақтар алынып тасталсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы