"Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 87 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 16 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3678

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 10 маусымдағы N 87  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде N 1882 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет органдарының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі нұсқаулықта:

      30-тармақтың 7-абзацында "нұсқаманың негізінде," деген сөздерден кейін "қосымшаның тізіліміне сәйкес және" деген сөздермен толықтырылсын;

      Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің тізілімімен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің      
2005 жылғы 13 маусымдағы   
N 152 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы     
әділет органдарының      
әкімшілік құқық бұзушылық  
туралы істердің өндірісі  
жөніндегі нұсқаулыққа   
қосымша           

  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құруға
құқығы бар әділет органдары қызметкерлерінің
тізілімі

      1. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің директоры, директордың орынбасары, басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары.

      2. Зияткерлік меншік құқығын қорғау комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары.

      3. Тіркеу қызметі комитетінің басқарма бастықтары, басқарма бастықтарының орынбасарлары, бөлім бастықтары, бас мамандары;

      4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары Әділет департаменті бастықтарының орынбасарлары.

      5. Облыстық, Астана және Алматы қалалары Әділет департаменттерінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімдерінің бастықтары, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімдерінің бастықтары және бас мамандары, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу, зияткерлік меншік құқығы, азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімдерінің бастықтары, бас мамандары, жетекші мамандары, және мамандары.

      6. Нормативтік құқықтық актілерді, зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды, азаматтық хал актілерін жазбаларын мемлекеттік тіркеумен айналысатын аудандық (қалалық) әділет басқармалары бастықтарының орынбасарлары, бас мамандары, жетекші мамандары, мамандары.