"Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырлар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 20 мамырдағы N 24 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3667

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      2013.01.01 бастап бұйрықтың күші жойылады - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30   бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 489 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Қаржы-қаражат" баспасы 1998 жылы жеке ресми басылыммен жариялаған Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 184  бұйрығымен - N 81 тіркелген, Қазынашылық комитеті төрайымының 1999 жылғы 25 мамырдағы  N 238 - N 825 тіркелген, 2000 жылғы 12 маусымдағы  N 278 - N 1188 тіркелген, 2001 жылғы 17 наурыздағы  N 141 - N 1431 тіркелген, 2001 жылғы 30 наурыздағы  N 159 - N 1487 тіркелген, 2001 жылғы 18 мамырдағы  N 260 - N 1546 тіркелген, 2002 жылғы 18 ақпандағы  N 67 - N 1793 тіркелген, 2002 жылғы 2 тамыздағы  N 353 - N 1952 тіркелген, 2004 жылғы 17 наурыздағы  N 17 - N 2788 тіркелген бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта:
      барлық мәтін бойынша:
      "төмен тұрған органдардың" деген сөздер "ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Бюджет бойынша ашылған лимиттер" деген сөздер "Бюджет бойынша рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "төмендегі лимиттерді басқарушылар", "Лимиттердi төменгi тұрған бөлушiлер", "Лимиттердiң төмен тұрған иеленушiлерi", "төмен тұрған лимит таратушы", "төмен тұрған лимит таратушыға", "төмен тұрған лимит таратушымен", "Төмен тұрған лимит таратушыға" деген сөздер "мемлекеттік мекемелер", "Мемлекеттік мекемелер", "Мемлекеттік мекемелер", "мемлекеттік мекеме", "мемлекеттік мекемеге", "мемлекеттік мекемемен", "Мемлекеттік мекемеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер" деген сөздер "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған" және "демеушiлiк және қайырымдылық көмек жөніндегі" деген сөздер "демеушiлiк және қайырымдылық көмек" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Валюталық шот", "валюталық шот", "валюталық шотта", "валюталық шотқа", "валюталық шот" деген сөздер "Шетелдік валютадағы шот", "шетелдік валютадағы шоттар", "шетелдік валютадағы шотта", "шетелдік валютадағы шотқа", "шетелдік валютадағы шот" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шотқа", "ақылы қызметтер жөніндегі шотқа", "ақылы қызметтер жөніндегі шоттарға", "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттары есебiнен", "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған шоттан" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа", "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа", "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттарға", "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есебінен", "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "депозиттік қаражат бойынша", "депозиттік қаражат жөніндегі шот" деген сөздер "депозиттік шоттар бойынша", "депозит шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Арнаулы және валюталық шоттар" деген сөздер "Арнайы шоттар және шетелдік валютадағы шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "лимиттердi жоғары тұрған таратушылар", "жоғары тұрған лимиттердi таратушымен" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері", "бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жоғары тұрған мемлекеттік мекемелер", "жоғары тұрған мемлекеттік мекемелер", "Жоғары тұрған мемлекеттік мекемелер" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі", "бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері", "Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға", "бюджетке түсетін түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгiнiң" деген сөздер "тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдермен және оларды жұмсауға", "тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Сыртқы заемдар бойынша арнаулы шот" деген сөздер "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Гранттар жөніндегі арнайы шот", "Гранттар бойынша арнайы шот" деген сөздер "гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге аудару және басқа шаралар үшін мемлекеттік мекемелердің жұмсауына арналған ашық лимиттер" және "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарына, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерге аударуға және басқа шараларға арналған лимиттер" деген сөздер "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "демеушiлiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан" деген сөздер "демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақылы қызметтерді іске асырудан алатын қаражат", "ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражаттар" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек қаражаты", "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған қаражаттар бойынша" деген сөздер "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек ақшасы", "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "лимиттердi бас таратушылар", "лимиттердің бас басқарушысы", "лимиттерді басқарушылар", "лимиттердiң басты иелiк етушiлерi", "лимиттердi бас таратушының", "лимиттердi бас таратушыны" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері", "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі", "бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері", "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне", "бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің", "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "ақылы қызмет көрсетуден", "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жоғары тұрған орган" деген сөздер "бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік мекемелер жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуын есепке алуды, осы Нұсқаулыққа сәйкес республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алуды жүзеге асырады. 

      2. Бюджет бойынша қаржыландыру жоспарларының және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның, демеушілік пен қайырымдылық көмек шоттарына, депозит шоттарына, шетелдік валютадағы шоттарға және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарына түскен ақшаның түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуының бухгалтерлік есебі осы Нұсқаулықта көзделген шоттардың жоспары бойынша бірыңғай теңгерімде жүргізіледі.";

      10-тармақта:
      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының орындалуына және олардың бухгалтерлік есепті жүргізуіне бақылау;
      мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсімдері мен шығыстарын есепке алу, депозит шотындағы демеушілік және қайырымдылық көмектің ақшалары бойынша операцияларды есепке алу, республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операцияларды есепке алу";

      20-тармақта:
      төртінші абзацта "арнаулы және валюталық шоттардағы қаржылардың жылжуы" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушілік және қайырымдылық көмектен, депозит шотынан, шетелдік валютадағы шоттан және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарынан түсетін ақшаны есепке алу";
      он төртінші абзацта "ақылы қызмет көрсетуді" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-тармақта:
      "Қосалқы шоттың атауы" бағанын V бөлімде. Ақшалай қаржылар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары
      Жолдағы рұқсаттар
      Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар
      Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар
      Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар
      Сыртқы қарыздардың есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар
      Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты
      Жергілікті бюджеттер бойынша күрделі салымдарға арналған рұқсаттар
      Жергілікті бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар
      Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты
      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шот
      Депозит шоты
      Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты
      Есеп айырысу шоты
      Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты
      Шетелдік валютадағы шот
      Жолдағы ақша
      Касса
      Аккредитивтер
      Ақшалай құжаттар
      Қаржылық салымдар";
      "с/е нөмірі" бағанында "095" деген сан алынып тасталсын;

      VII бөлімінде. Есеп айырысулар:
      "Қосалқы шоттың атауы және с/е нөмірі" бағандары мынадай мазмұндағы отыз төртінші абзацпен және тиісінше санмен толықтырылсын:
      "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар 194";

      101-тармақта "ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражаттар бойынша табыстар және шығыстар" деген сөздер "тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаның жұмсалуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      109 және 110-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "109. "Ақша қаражаты" бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекемелер бюджет шоты жөніндегі, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шот жөніндегі, демеушілік және қайырымдылық көмек шоты жөніндегі, депозит шоты жөніндегі, шетелдік валютадағы шот жөніндегі және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары жөніндегі, сондай-ақ кассадағы ақшаны және өзге де ақшалай құжаттарды есепке алу жөніндегі операцияларды ескереді.

      110. Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесімен белгіленген мерзімде, тәртіппен және нысандар бойынша рұқсаттар беріледі.";

      112-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      113-тармақтың екінші абзацында "Республикалық бюджет бойынша алынған мiндеттемелердi ескере отырып лимиттер және кассалық шығыстар қозғалысының ведомосы н.032-А көшірмесін немесе" деген сөздер алынып тасталсын;

      114, 115, 116, 117, 118-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "114. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қаражаттың қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 381 нысанның (2 мемориалдық ордер) жинақтау тізімдемесінде жүргізіледі. "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" 4-20 және "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" 5-15-нысандарының негізінде жазбалар жүргізіледі.
      Орталықтандырылған бухгалтериялардан алынған қаражаттың талдамалы есебі 294-а-нысанының талдамалы есеп карточкаларында бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың бөлінісінде жүргізіледі. 294-а-нысанның карточкаларындағы қорытынды бір айдың ішінде және жылдың басынан бастап есептеледі.
      Қаржыландыру жоспарларының орындалуын дербес есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жалпы жоспарларын жасау кезінде орталықтандырылған бухгалтерияларда берілген рұқсаттардың, кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдамалы есебі бюджет сыныптамасының бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бойынша 294-нысанның  лимиттер (қаржы бөлу) мен шығыстарды есепке алу кітабында жүргізіледі. Жазбалар бір күн бұрын түскен әрбір құжат бойынша жүргізіледі.

      115. 09 "Бюджет бойынша рұқсаттар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
      090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты";
      091 "Жолдағы рұқсаттар";
      093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар";
      096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар";
      098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар";
      099 "Сыртқы қарыздардың есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар".
      Осы қосалқы шоттардың дебетінде берілген рұқсаттардың сомалары, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сомалар, ал кредитте Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес нысаналы мақсат бойынша жұмсалған қаражат көрсетіледі.
      Берілген рұқсаттардың сомаларына 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты", 091 "Жолдағы рұқсаттар", 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар", 098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 099 "Сыртқы қарыздардың есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетіне және 23 "Қаржыландыру" немесе 14 "Қаржыландыру бойынша ведомство ішіндегі есеп айырысулар" шотының тиісті қосалқы шотының кредитіне жазбалар жүргізіледі. Кассалық шығыстарды қалпына келтіруге түскен сомалар 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты", 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетіне және 120 "Касса", 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады. Чектер және төлеуге берілетін шоттар бойынша сомалар 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты", 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредитіне және 06 "Материалдар мен тамақ өнімдері", 12 "Касса", 15 "Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілермен, мердігерлермен және тапсырысшылармен есеп айырысу" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады.

      116. 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты" қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің аппаратын ұстауға және басқа да іс-шараларға арналған рұқсаттардың сомалары ескеріледі.

      117. 091 "Жолдағы рұқсаттар" қосалқы шотында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі берген, бірақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер алған рұқсаттар келесі айда ескеріледі.

      118. 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 420 "Негізгі капиталды құру" ішкі сыныбы бойынша бюджеттен бөлінетін күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға арналған рұқсаттар ескеріледі.";

      120-тармақ алынып тасталсын;

      120-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "120-1. 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шотында республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджеттен рұқсаттарды алған кезде және керісінше жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен рұқсаттар беру кезінде берілген рұқсаттардың қозғалысы, оның ішінде ресми трансферттердің (субвенциялардың) қозғалысы ескеріледі.";

      120-2, 120-3 және 121-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "120-2. 098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдер есебінен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға арналған рұқсаттардың сомалары ескерiледi.
      Мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар рұқсаттың негiзiнде республикалық бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі.
      Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару тиiсінше 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.

      120-3. 099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша қаржыландыруға рұқсаттар сомасы ескеріледі. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері рұқсаттарының сомасында лимиттерге иелiк етушiлер 099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебетiне және 239 "Сыртқы қарыздар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргiзедi, қаржылық жыл аяқталғаннан кейiн берілген рұқсаттарды пайдалану 239 "Сыртқы қарыздар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының дебетi және 099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.

      121. 10 "Жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер" шотында жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге бөлінген рұқсаттар ескеріледі.
      Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауға рұқсаттар беру ережесінде анықталған тәртіппен, нысандар бойынша және мерзімде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді.";

      122-тармақ алынып тасталсын;

      123, 124-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "123. 10 "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шотының дебетінде берілген рұқсаттардың сомасы, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатқа сай бюджеттік сыныптаманың кодтарына сәйкес жұмсалған қаражаттар көрсетіледі.
      10 "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шоты бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын салыстыру үшін мемлекеттік мекеме айдың соңғы күні үшін және Аумақтық қазынашылық органдарымен келісім бойынша мерзімде N 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанын алады.

      124. Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қаражаттар қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу N 381 нысаны (2-мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосында жүргізіледі.
      Орталықтандырылған бухгалтерияларда кассалық шығыстардың талдамалы есебі ерекшеліктер бойынша шығыстарды көрсете отырып, әрбір бағдарлама, ішкі бағдарлама бойынша 294-б-нысанның кассалық шығыстардың талдамалы есебінің карточкаларында жүргізіледі.
      Қаржыландыру жоспарларының орындалуын есепке алуды дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жалпы жоспарларын жасау кезінде берілген рұқсаттардың, кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдамалы есебі бюджеттік сыныптаманың бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бойынша 294-нысанның кітабында жүргізіледі. Жазба бір күн бұрын түскен әрбір құжат бойынша жүргізіледі.

      125-тармақта екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары";
      103 "Күрделі салымдарға рұқсаттар";
      108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар";

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "126. 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелерді ұстауға рұқсаттар сомасы ескеріледі.";

      127-тармақта "лимиттер" деген сөз "рұқсаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      127-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "127-1. 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер есебiнен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға рұқсаттардың сомасы ескерiледi.
      Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар рұқсаттың негiзiнде жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.
      Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";

      129, 130-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "129. 11 "Арнайы шоттар және шетел валютасындағы шоттар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
      110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты";
      111 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот";
      112 "Депозиттік шот";
      113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты";
      115 "Есеп айырысу шоты";
      116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты";
      118 "Шетел валютасындағы шот";
      119 "Жолдағы ақша".
      Мемлекеттік мекемелердің шоттары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3333 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447  бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесінде анықталған тәртіппен ашылады және жабылады.

      130. "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалардан демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынатын ақша түсімі және оның жұмсалуы ескеріледі.
      Демеушілік және қайырымдылық көмек шотына түскен сомаға 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шоты дебеттеледі және 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты есебінен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      Сатып алынған материалдық құндылықтар үшін берушiге демеушiлiк және қайырымдылық көмек шотынан қаражаттарды аударған кезде 178 "Өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша және 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Сатып алынған материалдық құндылықтарды кiрiске алу 01 "Активтер", 04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми зерттеулерге арналған материалдар", 06 "Материалдар және тамақ өнімдері", 07 "Арзан және тез тозатын заттар" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 178 "Өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта активтерді, арзан және тез тозатын заттарды сатып алған кезде 213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шоттың дебетi бойынша және тиiсiнше 250 "Активтердегі қор", 260 "Арзан және тез тозатын заттардағы қор" қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Жұмсалған материалдардың, ақша қаражаттарының және басқа да шығыстардың сомасына 213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебетi және "Материалдық қорлар", "Ақша қаражаттары", "Есеп айырысулар" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу N 381 нысаны (N 3 мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосында N 5-20 "Мемлекеттік мекеме шотынан көшірме" нысаны және оған қоса берілген құжаттар негізінде жүргізіледі.
      110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шот бойынша талдамалы есеп демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң кейбір түрлерi бойынша 292-а нысан карточкаларында (кітапта 292-нысан) жүргiзiледi."

      131-тармақта:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "131. 111 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынатын ақша түсімі мен оның жұмсалуы ескеріледі.
      Мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен пайдаланылады.";
      үшінші абзацта "қаражаттарды" деген сөз "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетінші абзацта "(3 мемориалдық ордер)" деген сөздерден кейін "N 5-33 "Ақылы қызметтер жөніндегі шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысаны және оған қоса берілген құжаттар негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "132. 112 "Депозиттiк шот" қосалқы шоты мемлекеттік мекемелердiң уақытша иелiгiне ұлттық және шетел валютасында түскен және белгiлi бiр жағдайлар пайда болған кезде оны бюджетке аударған немесе аударатын тұлғаларға не өзге мақсатқа жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес үшінші тұлғаларға қайтаруға тиесілі ақшаны есептеуге арналған.
      Депозиттiк шотқа соманың түсiмі 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының дебетi және 174 "Депозиттік сома бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi, соманы иесiне қайтарған немесе тиiстi бюджетке депозиттiк шоттан соманы аударған кезде 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының кредитi және 174 "Депозиттік сома бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша жазба жүргiзiледi.
      112 "Депозиттік шот" қосалқы шотында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" (бұдан әрі - Қаржы орталығы) мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төлеуге шоттары негізінде мемлекеттік білімдік кредит және мемлекеттік студенттік кредит бойынша кредит ресурстарының түсімін есепке алу жүргізіледі, бұл ретте жазба 112 "депозиттік шот" қосалқы шотының дебеті бойынша және 174 "Депозиттік сома бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі. Қаржы орталығы жасалған үшжақты кредит келісіміне (Қарыз алушы, Жоғары оқу орны және Қаржы орталығы арасында) сәйкес жоғары білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік білімдік кредит және мемлекеттік студенттік кредит бойынша қаражатты аударады және 199 "Ішкі кредит беру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді.
      Қаржы орталығының депозиттік шотына қайтару мерзімі болған кезде немесе игерілмеген кредит ресурстарын қайтарған жағдайда кредиттерді өтеу есебіне түскен қаражаттар бухгалтерлік есепте 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының дебеті бойынша және 199 "Ішкі кредит беру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба көрсетіледі.
      112 "Депозиттік шот" қосалқы шотында "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қорындағы қаражаттар да көрсетіледі, қорға түсім сомасы 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының дебеті және 272 "Өзге қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Бұдан басқа, 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотында түзету мекемелерінің сотталған адамдары орындаған жұмыстардан депозиттік шотқа түскен ақша ескеріледі, бұл ретте 112 "Депозиттік шот" қосалқы шоты дебеттеледі және 179 "Аванстық төлемдер тәртібінде есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      112 "Депозиттік шот" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 292-а-нысан бойынша (кітапта N 292 нысан бойынша) карточкаларда жүргiзiледi.

      132-1-тармақта:
      бірінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Арнайы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және халықаралық қарыз шартына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаны әкімшілендіруге шығыстардың үлесін үкіметтік сыртқы қарыз есебінен жабу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ашады.";
      үшінші абзацта "жеке шоттардың көшірмесінің" деген сөздер "N 5-20 "Мемлекеттік мекеме шотынан көшірме" нысанының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      132-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "132-4. 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотында байланысы бар гранттар бойынша қаражаттардың түсімі мен оның жұмсалуы жөніндегі операциялар ескеріледі. Арнайы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және байланысы бар грант туралы келісімге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаны әкімшілендіруге шығыстардың үлесін байланысы бар грант есебінен жабу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ашады.
      Байланысы бар грант бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражаттардың түсуі кезінде жазба 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотының дебетіне және 245 "Гранттар" қосалқы шотының кредитіне жүргізіледі.
      Байланысы бар гранттардың қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 381-нысанының жинақ ведомосында (3-мемориалдық ордер) жүргізіледі.
      116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 294-а нысанының карточкаларында жүргізіледі.";

      136-тармақтың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Егер мемлекеттік мекемеде бюджет шоты, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есебіне арналған шот, демеушілік және қайырымдылық шоты, депозиттік шоты және Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қорының шоты бойынша ақша операциялары болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу КО-4-нысанының немесе 440-нысанының кассалық кітабында жүргізіледі.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "141. 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарында мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған қаржыландыру сомасын ескереді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қосалқы шотта ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жүргізген қаржыландыру сомасын ескереді.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 14 "Қаржыландыру бойынша ведомство ішіндегі есеп айырысулар" шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру сомасы және орталықтандырылған іс-шараларға қаржыландыру жоспары бойынша қаржы бөлу есебінен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер үшін жүргізілген шығыстар, ал кредитке - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды азайту және бір жылға мемлекеттік мекемелер жүргізген шығыстардың сомасы жазылады.";

      141-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "141-1. Мемлекеттік мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетін түсімдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиісті бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі.
      Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома тиісті 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";

      142-тармақ алынып тасталсын;

      147-тармақтың бесінші абзацында:
      "бөлінген лимиттерден" деген сөздер "берілген рұқсаттардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      157-тармақта:
      бірінші абзацта "төленуі" деген сөзден кейін "мемлекеттік мекемелер жүргізетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзацта "Әлеуметтік салықты" деген сөздерден кейін "және міндетті әлеуметтік аударымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта "карточкаларында" деген сөзден кейін "әлеуметтік салық пен міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша бөлек" деген сөздермен толықтырылсын;

      172-тармақта "енгізушіге немесе мақсаты бойынша беруге" деген сөздер "оны бюджетке аударған немесе аударатын тұлғаларға не өзге мақсатқа жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес үшінші тұлғаларға қайтаруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "173. 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында демеушілiк және қайырымдылық көмек түрінде түскен және қатаң түрде мақсатқа сай пайдаланылатын ақша бойынша есеп айырысулар ескерiледi.
      Мақсатқа сай жұмсау үшін демеушілік және қайырымдылық көмек есебіне түскен сома 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті мен 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шотының дебетіне жазылады.
      Қаржы жылы аяқталғанда жыл iшiнде жүргiзiлген шығыстардың жалпы сомасы 213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетiне көшiрiледi.
      Демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң жекелеген түрлерi бойынша есеп айырысулардың талдамалы есебi 292-а нысан карточкаларында (кітапта N 292 нысан бойынша) жүргiзiледi.";

      175-тармақта:
      алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасы ақша қаражаттарын қайтаруға төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекеме берген төлемге шот негізінде кірістердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодына бюджетке есептеуге жатады.
      Өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтарған кезде 090 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары", 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.
      Мемлекеттік мекемеге беруші ағымдағы жылғы дебиторлық берешегін өтеуі (бұдан әрі - қалпына келтіру) бір қаржылық жыл шегінде Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік бағдарламасының шығыстары бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша орындалмаған міндеттемелердің сомасын арттыру және кассалық шығыстарды азайту арқылы жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Аумақтық қазынашылық органының төлемдерді қайтару жөніндегі төлем құжаты тиісті мемлекеттік мекемеге беріледі.
      Мемлекеттік мекеме қалпына келтіруді жүзеге асыру үшін Аумақтық қазынашылық органына төлемді қайтару жөніндегі төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде негіздеме хат береді.
      Ағымдағы жылдың дебиторлық берешегін қайтару 090 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары", 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      191-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар";

      191-2-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

      191-3-тармақта:
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі істер органдарының шұғыл-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелері, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды төлеу үшін берілетін ақшалай өтемақы бойынша;";
      он алтыншы абзац алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 191-4-тармақпен толықтырылсын:
      "191-4. 194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мақсатты ағымдағы трансферттер және дамытуға мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі.
      Жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аударған мақсатты трансферттер сомасына төлеуге шот негізінде 194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетіне және 096 "Басқа бюджеттер есебінен рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Игерілген мақсатты трансферттер сомасына 202 "Басқа бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебетіне және 194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар" кредитіне оларды игеруді растайтын құжаттар негізінде жазба жүргізіледі.";

      196-тармақтың үшінші абзацында "лимиттер" деген сөз "рұқсаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      197-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жыл аяқталғаннан кейiн 202 "Басқа бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шоттан шығыстар 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру", 142 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру бойынша шығыстар" қосалқы шоттарының дебетiне есептен шығарылады.";

      199-1-тармақта:
      бірінші абзацта "қосалқы шотында" деген сөздерден кейін, үшінші абзацта "қосымша ақысы" деген сөздерден кейін, алтыншы абзацта "жүзеге асырылған" деген сөзден кейін "байланысы бар" деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзацта "Гранттар" деген сөз "Байланысы бар гранттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      200-тармақтың үшінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар";
      213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар";

      202-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "202. 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары бойынша шығыстар ескеріледі.
      Жұмсалған материалдардың, ақша қаражаттарының және басқа шығыстардың сомасына 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті мен "Материалдық қорлар", "Ақша қаражаттары", "Есеп айырысулар" шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі. Жыл аяқталғаннан кейiн жыл iшiнде жұмсалған шығыстардың жалпы сомасы 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 400 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен кірістер" қосалқы шотының дебетiне есептен шығарылады.
      Шығыстардың талдамалы есебi N 297-б-нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алу кітабында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері бойынша жүргiзiледi. Шығыстардың есебi көп бағанды карточкаларда N 283 нысан бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.";

      203-тармақтың бірінші абзацында "қайырымдылық көмекті," деген сөздерден кейін "байланысы бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      204-тармақтың бірінші абзацында "есебiнен, сақтандыру төлемдерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;

      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "210. 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 231 "Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттен алынған қаржыландыруы көрсетіледі. 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру" қосалқы шотында басқа бюджеттерден алынған қаржыландыру көрсетіледі.
      230-232 қосалқы шоттардың кредитіне алынған рұқсаттардың немесе алынған қаражаттардың сомасы, анықталған артық материалдардың және қайтарымсыз алынған материалдардың сомасы жазылады.
      230-232 қосалқы шоттардың дебетіне жылдық есептердің негізінде жыл аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын шығыстардың сомасы; есептен шығарылған кемшін материалдардың және алатын сенім жоқ борыштардың сомасы жазылады.
      230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 283 нысанның көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.
      231 "Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру" және 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру" қосалқы шоттары бойынша есеп N 292-а-нысанның карточкаларда (292-нысанның кітабында) жүргізіледі.
      Мемлекеттік мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетін түсімдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиісті бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі. Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша сома тиісті 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және тиісінше 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";

      215-1-тармақта "қосалқы шотында" деген сөздерден кейін "байланысы бар" деген сөздермен, "Алынған", "Ағымдағы қаржы жылы", "Жұмсалған", "Гранттардың" деген сөздерден кейін "Байланысы бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      229-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "229. 400 "Ақылы қызмет көрсетудi сатудан түскен кiрiстер" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелердiң иелiгiнде қалатын және бюджет бойынша бөлiнген қаражаттардан басқа белгiлi бiр мақсаттарға жұмсалатын ақылы қызметтерден түскен кірістер ескеріледі.";
      екінші абзац алынып тасталсын;

      233-тармақта:
      мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      "Бұдан басқа, 04 "Қатаң есептілік бланкілері" теңгерімделген шотта мерзімді басылым ведомстволық жазылу бойынша абонементтер ескеріледі. Абонементтің сомасын азайту іс жүзінде алынған мерзімді басылымдардың сомасына жүргізіледі. Талдамалы есеп N 296-а нысан бойынша карточкаларда мерзімді басылымның әрбір түрі бойынша жүргізіледі.";

      "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттарды хабарламасы" қосымшасында:
      реттік нөмірі 70-жол алынып тасталсын;
      реттік нөмірлері 78, 174-жолдарда "рұқсат етілген лимитті" деген сөздер "рұқсаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 106-жолда "лимиттің" деген сөз "рұқсаттардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым