БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1034
бұйрығына
(нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 1313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары базалық білім (бакалавриат) туралы Ережеде:
4-тармақта "Республикасының жоғары кәсіптік білімді мамандарды даярлаудың бағыттары мен жоғары кәсіптік білім мамандықтарының Классификаторына" деген сөздер "Республикасы бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеуіші" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта "ҚР МЖБС 3.001-2000. Білім жоғары кәсіптік. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартымен" деген сөздер "Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер" ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрі 2004 жылғы 20 қарашадағы N 953 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 3298 болып тіркелген, Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің
ережесіне
сәйкес жүргізіледі.".
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.