Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 214
бұйрығымен
(
қолданысқа енгізілу тәртібін
5-тармақтан
қараңыз
).
____________________________
Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізудің
ережесіне
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. 2005 жылы Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларды мемлекеттік аралық бақылаудан өткізу үшін медициналық мамандықтар бойынша тест тапсырмаларының жалпы санының дұрыс жауаптары 40 %-ға тең, қалған барлық даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша 30 %-ға тең шекті деңгей бекітілсін.
2. 25 % және одан астам мамандықтар бойынша мемлекеттік аралық бақылаудың шекті деңгейінен өтпеген білім алушылардың саны 7 % болған жағдайда жоғары оқу орны кезектен тыс мемлекеттік аттестатталуға жататындығы белгіленсін.
3. Орталық атқарушы және өзге де атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін N 33-36 бюллетенінде 993-бетте жарияланған нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2851 тіркелген, "Жоғары оқу орындарында 2 (3) - курстарынан кейін білім алушыларды 2004 жылы аралық аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 сәуірдегі N 351
бұйрығының
күші жойылды деп танылсын.
4. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н.Гамарникке жүктелсін.
Министр