Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы аумағында стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, шет мемлекеттердің ережелері мен ұсыныстарын есепке алу және қолдану туралы ұсынылған Ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Төраға орынбасары Момышев Талғат Амангелдіұлына жүктелсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология
комитеті Төрағасының
2005 жылғы 13 мамырдағы N 135
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында стандарттау,
сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі шет
мемлекеттерінің ережесі мен нұсқауын, халықаралық,
аймақтық, ұлттық стандарттар,
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін
қолдану және есепке алу
ЕРЕЖЕСІ
Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережесі мен нұсқауын, халықаралық, аймақтық, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін қолдану және есепке алу тәртібін белгілейді (бұдан әрі - халықаралық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары).
Осы ереже халықаралық стандарттарға және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына таратылмайды, оны өнімдерді өндіру, процестерді, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және эксперимент жұмыстары кезінде қолдану жоспарланады.
1. Терминдер
1. Осы ережеде мынадай терминдер пайдаланылады:
1) ұқсас (баламалы) стандарттар - мазмұны мен ұсыну нысаны бойынша ұқсас үйлестірілген стандарт;
2) түрлендірілген стандарттар - оларды сәйкестендіру және түсіндіру шарттары кезінде көріну нысаны бойынша техникалық ауытқулары және (немесе) айырмашылықтары бар үйлестірілген стандарт;
3) баламасыздық стандарттар - халықаралық стандарттың техникалық ережесінің аз бөлігі және (немесе) сәйкестендірілмеген техникалық ауытқулары бар, ұсыну нысаны бойынша айырмашылықтары бар стандарттар;
4) құрылымы (халықаралық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары) - тарауларды, тармақтарды, тармақшаларды, кестелерді, сызбалық материалдарды және қосымшаларды мазмұндау тәртібі;
5) талап - қадағалануға тиісті критерийлері бар халықаралық стандарттардың және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының ережесі.
2. Жалпы ережелер
2. Қазақстан Республикасының аумағында мыналар қолданыла алады:
1) нақты заңды немесе жеке тұлғалар үшін есептік тіркеуі әдісімен немесе мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық стандарттар;
2) техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштері ретіндегі техникалық-экономикалық ақпараттың халықаралық және аумақтық жіктеуіштері;
3) нақты заңды немесе жеке тұлғалар үшін есептік тіркеуі әдісімен немесе Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарына олардың талаптарын қосу жолымен халықаралық және нормативтік құжаттар;
Халықаралық стандартқа және нормативтік құжаттарға бұрын енгізілген өзгерістер мен толықтырулар олардың ажыратылмас бөлігі ретінде ескеріледі және қолданылады.
Халықаралық стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын аудару кезінде көрсетілген өзгерістер мәтінге енгізілген немесе бөлек аударылған болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары ретінде халықаралық және шет мемлекеттердің аумақтық, ұлттық стандарттарын қолдану үшін қажетті шарттар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және аумақтық ұйымдарға мүшелігі;
2) стандарттау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы екі жақты (көпжақты) келісім-шарттардың (келісімдердің) болуы.
3. Қолданылуы үшін жоспарланатын халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының талаптары Қазақстан Республикасының техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы болмауы тиіс.
Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
4. Халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары, егер стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары белгілеген ережелер олардың құзыретіне кірсе, осы Ережеге берілген Қосымшаға сәйкес өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуге жатады.
5. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылуы үшін қабылданған халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары тіркеу нөмірі беріліп, мемлекеттік стандарттау жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
6. Мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданған және есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары туралы ақпараттар, сондай-ақ хабарландыру мәтіндері (ҚР СТ АК) мемлекеттік стандарттарының жылдық және ай сайынғы ақпараттық көрсеткіштерінде жарияланады.
Мемлекеттік және халықаралық стандарттардың сәйкестік дәрежесі туралы ақпараттар қалыптастырылатын электронды деректер қорына, мемлекеттік стандарттары бойынша каталогтар мен сілтемелерге кіреді.
7. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңесімен (МАК) немесе ТМД елдерінің құрылыстағы техникалық нормалау және стандарттау жөніндегі мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиясы (ҚМҒТК) қабылдаған халықаралық стандарттарды, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін қолдану қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық
стандарттарды қолдану
8. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық стандарттарды қолдану мынадай әдістермен жүзеге асырылады:
халықаралық стандарт мұқабасын мемлекеттік стандарт мұқабасына алмастыруды қарастыратын мұқаба ауыстыру;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) жетекшісінің бұйрығы түрінде Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық стандарттарды олардың мұқабаларын ауыстырмай енгізуді растау туралы хабарландыру жариялауды қарастыратын растау.
Стандарттың мазмұны, атауы, құрылымы немесе ұсыну нысаны ұқсастырылған немесе өзгертілген халықаралық стандарттар негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу.
Халықаралық стандарт негізінде мемлекеттік стандартты әзірлеу тәртібі "Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 98 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде N 3587 тіркелген).
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 21 қазандағы N 360 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз).
9. Мемлекеттік стандарттар ретінде халықаралық стандарттарды қолдану жөніндегі міндеттер мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарының жоспарына және (немесе) бағдарламасына кіреді.
Халықаралық стандарттарды мемлекеттік стандарт ретінде қолдану жөніндегі тапсырмаларды мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу тәртібі "Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 106 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 12 мамырда N 3639 тіркелген).
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 21 қазандағы N 360 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
10. Халықаралық стандарттар уәкілетті орган жетекшісінің бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.
11. Халықаралық стандарттар талаптарына мемлекеттік стандарттар талаптарының мынадай сәйкестік дәрежелері қолданылады:
ұқсастығы (баламалығы);
өзгерістер енгізу (түрлендіру);
баламасыздығы.
Олардың сәйкестік дәрежесі мынадай индекстермен белгіленеді:
IDT - талаптары ұқсас болғанда;
МОD - өзгерістер енгізілгенде (түрлендірілген стандарттар үшін);
NEQ - талаптардың баламасыздығы жағдайында.
4. Есептік тіркеу әдісі
12. Мемлекеттік және орыс тіліндегі халықаралық стандарттардың, техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының түпнұсқалық аудармасы қолдануға жатады.
13. Өндірілетін өнімге және онымен өзара байланысты объектілерге (терминологияға, жіктеуге, сынамаларды сұрыптауға, бақылау әдістеріне, тасымалдау, сақтау, буып-түю, таңбалау, пайдалану, кәдеге жарату ережелеріне) арналған халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары есептік тіркеуге жатады.
14. Халықаралық стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуге алу үшін мынадай құжаттар:
1) уәкілетті орган немесе оның ведомтсвосына қарасты кәсіпорын бекіткен халықаралық стандарт пен шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың екі көшірмесі және оның мемлекеттік және орыс тіліндегі түпнұсқалық аудармасы;
2) стандарттардың түпнұсқалары иесімен жасалған келісім-шарттың, ұйымның, ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа қоғамдық бірлестіктердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының, салалық стандарттардың, түпнұсқа иесінің осы құжаттарға қабылданған барлық өзгерістермен тұтынушыларды қамтамасыз етуі жөніндегі міндеті баяндалған техникалық шарттардың, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды үшінші жаққа беруге құқығын растау немесе жоққа шығару көшірмесі;
3) егер халықаралық стандарттарда және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында олардың құзыретіне кіретін өнімдерге, процестерге қойылатын талаптары бар болса, өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдары қорытындысының көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа органдар мен ұйымдардың қорытындылары, міндетті келісім ұсынылуы тиіс.
Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
15. Халықаралық стандарттарды, шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын есептік тіркеуге алуды уәкілетті орган немесе ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізгеннен кейін оның ведомствосына қарасты кәсіпорын жүргізеді.
Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын қабылдау мерзімін уәкілетті орган немесе ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізгеннен кейін оның ведомствосына қарасты кәсіпорын белгілейді.
Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 172 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
16. Стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік нормативтік құжаттардың есептік тіркеуден өтетіні туралы ресми ақпарат жарияланғаннан кейін, олардың қолданылуына мүдделі жеке және заңды тұлғалар өнімнің, процестің қауіпсіздігіне мемлекеттік қадағалау органдарымен келісуден өтудің қосымша процедурасынан өтпей құжат пайдаланушы қатарына кіргізіледі.
17. Есептік тіркеуден өткен халықаралық стандарттар мен шет мемлекеттердің нормативтік құжаттарында сілтемелер жасалған нормативтік құжаттарды оларды пайдаланушылар көкейтесті етеді.
Стандарттау, сәйкестікті растау
және аккредиттеу жөніндегі
шет мемлекеттерінің ережесі
мен нұсқауын, халықаралық,
аймақтық, ұлттық стандарттар,
техникалық-экономикалық ақпарат
жіктеуіштерін қолдану және
есепке алу ережесіне
Қосымша
Халықаралық стандарттарды және шет ел мемлекеттердің
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын келісу
қажет мемлекеттік органдар тізбесі
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 21 қазандағы N 360 бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі (Ақпарат қауіпсіздігі мен мемлекеттік құпиялардың қорғалуының қамтамасыз етілуіне қадағалау қызметі).
1-1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (Ақпарат және байланыс қызметі).
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (жолдағы және автомобиль көлігіндегі қауіпсіздікті қадағалау қызметі).
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (қызметтері: санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, дәрілік құралдарды, дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы қадағалау).
4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (атмосфераны, гидросфераны, жер үсті және жер асты суларын, топырақ қабаттарын экологиялық қадағалау қызметі).
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі (қызметтері: өртке қарсы, техникалық, кен қадағалау, төтенше жағдайларды қадағалау).
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (мал дәрігерлік қадағалау және өсімдіктер карантині қызметтері).
7. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі (көліктің барлық түрлеріне, автомобиль жолдарына қадағалау қызметі).
8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (еңбек қауіпсіздігі қызметі).
9. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (мемлекеттік энергетикалық және газды қадағалау қызметі).
9-1 Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі (байланыс және телекоммуникация саласындағы қадағалау қызметі).
10. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитеті (атом энергетикасы саласындағы қадағалау қызметі).
11. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті (құрылыс және құрылыс материалдары саласында қадағалау қызметі).