Мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитет Төрағасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3657

Қолданыстағы

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  iске ауру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында жұмыстар жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Талғат Амангелдiұлы Момышевқа жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық оның бiрiншi ресми жарияланғаннан бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға

Қазақстан Республикасы       
Индустрия және сауда министрлігінің 
Техникалық реттеу және метрология  
жөніндегі комитет Төрағасының    
2005 жылғы 13 мамырдағы N 136     
бұйрығымен бекітілді        

  Мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың қатысуымен сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу ережесі

МАЗМҰНЫ       

      Осы ереже Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының  7-бабына  сәйкес әзірленген және сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың өзара әрекеттерін белгілейді.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - ол арқылы аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы екенін ресми танитын рәсім;
      2) сәйкестікті растау жөніндегі органдар - меншік нысанына қарамастан, өнімді, көрсетілетін қызметті өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді, көрсетілетін қызметті берушілер мен тұтынушылардан тәуелсіз, штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды  және (немесе) бекітіліп берілетін қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар;
      3) сәйкестікті растау - нәтижесі объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;
      4) сәйкестікті растау схемасы - объектінің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін осы жұмысты жүргізудің нақты кезеңдерін (сынау, өндірісті бағалау, сапа менеджменті жүйесін бағалау, нормативтік және техникалық құжаттаманы талдау және басқалар) сипаттай отырып, айқындау тәсілдері;
      5) стандарттау жөніндегі техникалық комитет - бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық - кеңесші орган;
      6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды басқаруға, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға және стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етуге уәкілетті мемлекеттік орган.

      2. Сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер және сәйкестікті растау жөніндегі органдардың өзара әрекеттері мынадай принциптерде негізделеді:
      1) техникалық реттеу жүйесінің және сәйкестікті растау ережелерінің бірлігі мен тұтастығы;
      2) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау;
      3) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;
      4) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі.

  2. Мемлекеттік органдар, стандарттау жөніндегі
техникалық комитеттер және сәйкестікті растау
жөніндегі органдардың қатысуымен сәйкестікті растау
және аккредиттеу саласындағы жұмыстарды жүргізу

      3. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер:
      1) сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы негізге алынушы мемлекеттік стандарттарды, халықаралық, өңірлік стандарттарды, шетел мемлекеттердің және ұлттық стандарттарды, оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге;
      2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген міндетті сәйкестікті растауға жататын бір текті өнімдердің сәйкестігін растауды жүргізудің нақты процестері мен процедураларына мемлекеттік стандарттарды әзірлеуге;
      3) сәйкестікті растау және аккредиттеу саласындағы мемлекеттік стандарттарды, шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттарды және оларға енгізілетін өзгерістерді сараптауға қатысады.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте заңды тұлғалардың өтінімі бойынша жүзеге асырылады.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың құқық қабілеттілігі, олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзімінің бітуіне, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының  36-бабында  белгіленген тәртіптен күші жойылуына деп тануына байланысты тоқтатылады.

      6. Өнімнің және процестердің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растауды:
      1) өнімді өндіруші (орындаушы) сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында;
      2) өнімді тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестікті растау жөніндегі органның сертификаттау жүргізуі нысанында;
      3) сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімге, процестерге сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру нысанында жүргізіледі.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатқа ие.

      8. Сәйкестікті міндетті растау кезінде адамның өмірі мен денсаулығы, олардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық регламенттер, нақты стандарттар және басқа да нормативтік құжаттардың өнімнің міндетті талаптарына сәйкестігін растайды.

      9. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі және сәйкестікті растау схемалары бойынша жүзеге асырылады.

      10. Өнімнің сәйкестігін ерікті растау стандарт немесе өзге нормативтік құжатқа өтінім берушінің таңдауы бойынша, сондай-ақ өтінім берушінің арнайы талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады.

      11. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды басқару техникалық реттеу мемлекеттік жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      12. Өнімдердің, процестердің сәйкестігін растау саласында мынадай жұмыстар жүргізіледі:
      1) сәйкестікті растау жөніндегі органға (сәйкестік туралы өтінімдер) өтінім беру және оны қарау;
      2) өтінімді (сәйкестік туралы) қарау нәтижелері, сәйкестікті растау схемасын таңдау бойынша шешімді қабылдау;
      3) өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінім беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі органның арасында шарт рәсімдеу;
      4) өтінілген өнімдердің үлгілерін сәйкестендіру, сұрыптауын жүргізу және оларды сынақ зертханасына (орталық) ұсыну;
      5) өтінілген өнімдердің және сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделген басқа да жұмыстардың үлгілеріне сертификатталған сынақ жүргізу;
      6) сынау нәтижелерін талдау немесе сәйкестік туралы өтінішпен алынған құжаттарды қарау;
      7) сәйкестік сертификатты беру мүмкіндігі туралы шешімді қабылдау;
      8) сертификатты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі тізілімінде тіркеу және оны өнімнің сәйкестігі белгісін таңбалауға құқылы өтінім берушіге беру;
      9) өнімдердің сертификатталған сипаттамаларының тұрақтылығына және сапа менеджмент жүйесінің (егер бұл сертификаттау схемасымен қарастырылса) қалыптастырылуына инспекциялық бақылау жүргізу;
      10) өнімдерді сертификаттау нәтижелері туралы ақпарат беру.

      13. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі сәйкестікті растау саласында, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттауда, жүйе тізілімін жүргізуде біртұтас саясат жүргізуді және сәйкестікті растау мақсаттарын іске асыруға қажетті өзге де талаптарды қамтамасыз етеді.