БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 911
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2171 тiркелген, "Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенi", 2003 ж., N 23-24) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк ғылыми ұйымдардың ғылыми және инженерлiк-техникалық қызметкерлерiн аттестаттау ережесiнде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Аттестаттау комиссиясының құрамына аттестаттау жүргiзiлетiн ғылыми ұйымдардың басшылары, кадр және заң қызметiнiң өкiлдерi, басқа да ғылыми ұйымдардың және ғылыми қызметкерлер кәсiподағының өкiлдерi енедi. Аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң арасынан комиссия төрағасы және хатшысы сайланады.";
12-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Осыған байланысты аттестаттау көрсетiлген мерзiмнiң басталу күнiнен бастап алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.";
22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Өзiндiк пiкiрi бар аттестаттау комиссиясының мүшелерi комиссия шешiмiмен келiспеген жағдайда оны жазбаша түрде аттестаттау парағына қосып беруi мүмкiн.
Аттестатталушының аттестаттауға келмеген жағдайында бiр айдан кейiн қайтадан аттестаттау тағайындалады. Қызметкер қайтадан дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда оны аттестаттаудан өтпеген деп есептейдi.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қызметкерлердiң аттестаттау қорытындыларын бақылау тәртiбiнде ұйымның ғылыми (ғылыми-техникалық) кеңесiнiң отырыстарында қарастырылады".