Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысанын, оларды толтыру және ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2005 жылғы 1 сәуірдегі N 94 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3623. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 319 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.14 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларын толтыру және ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларының нысаны бекітілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Т.А.Момышевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және сауда   
министрлігінің Техникалық 
реттеу және метрология  
жөніндегі комитеті    
Төрағасының 2005 жылғы  
1 сәуірдегі N 94    
бұйрығымен бекітілді   

  Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және
фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық
хабарламаларын толтыру және ұсыну
ЕРЕЖЕСІ

      Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-бабына сәйкес әзірленді.
      Осы ереже Cаудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық хабарламаларын (бұдан әрі - хабарламалар) толтыру және ұсыну тәртібін белгілейді. Осы ережелер Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталыққа (бұдан әрі - Ақпараттық орталық), сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар мен іс-әрекеті тікелей техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, санитарлық және фитосанитарлық шараларды әзірлеумен байланысты олардың қауымдастықтарына, одақтарына және қатысуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен қарастырылған өзге де тұлғаларға арналған.

  1. Жалпы ережелер

      1. Хабарламаларды толтыру:
      1) халықаралық саудаға елеулі әсер ететін бекітілген немесе әзірленіп жатқан техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС шаралар) туралы ақпаратқа;
      2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен СФС шаралардың жобаларын, өзгерістер мен (немесе) толықтырулар әзірленуі немесе жойылуы туралы ақпаратқа;
      3) Қазақстан Республикасы стандарттарының жобасын, өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірленуі немесе жойылуы туралы ақпаратқа;
      4) өнімнің, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растаудың қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан процедуралары туралы ақпаратқа;
      5) қабылданған немесе әзірленіп жатқан санитарлық немесе фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратқа;
      6) Қазақстан Республикасында қолданыстағы пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілу деңгейін бақылау және инспекциялау процедуралары, өндіру және карантин режимдері, мақұлдау процедуралары туралы ақпаратқа;
      7) тәуекелдерді, ескерілетін факторларды, сондай-ақ санитарлық немесе фитосанитарлық қорғаудың тиісті деңгейін анықтау процедураларына арналған ақпаратқа;
      8) Қазақстан Республикасының халықаралық және өңірлік ұйымдарға мүшелігі және стандарттау, сәйкестікті растау, ветеринария, денсаулық сақтау, өсімдіктерді қорғау және карантині, аккредиттеу жөніндегі екі жақты немесе көп жақты сипатты келісімдер мен Саудадағы техникалық кедергілер (бұдан әрі - СТК) және СФС шаралар жөніндегі Келісім шегінде уағдаластықтарға қатысуы туралы ақпаратқа;
      9) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, СФС шаралар, стандарттардың жарияланған жобалары немесе олар туралы ақпарат көздері туралы ақпаратқа жүзеге асырылады.

  2. Ақпараттық орталық хабарламаларын толтыру
және ұсыну тәртібі

      2. Хабарламалар қолданысқа енгізілу мерзіміне байланысты:
      1) қалыпты;
      2) шұғыл түрлерге бөлінеді.

      3. Қалыпты хабарламаларды ақпараттық қызметтер Ақпараттық орталыққа техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттар мен оларға өзгерістердің және өнімнің, қызметтер көрсету және СФС шаралардың сәйкестігін растау процедураларын әзірлеу кезеңінде мүдделі ДСҰ-ға мүше елдердің елдің қандай нақты реттеуді енгізгісі келетінімен танысу мүмкіндігін беру мақсатында жібереді.

      4. Шұғыл хабарламаларды ақпараттық қызметтер Ақпараттық орталыққа техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің, стандарттар мен оларға өзгерістердің және өнімнің, қызметтер көрсету және СФС шаралардың сәйкестігін растау процедураларын қабылдаған жағдайда мүдделі ДСҰ-ға мүше елдерді адамдардың денсаулығы мен өмірін, жануарлар мен өсімдіктерді, қоршаған ортаны қорғаудың шұғыл проблемаларымен байланысты нақты реттеудің енгізілгені туралы хабарлау мақсатында жібереді.
      СТК және СФС шаралар жөніндегі Келісім шегінде шұғыл хабарламаларды толтыру тәртібі 1 қосымшада берілген.

      5. ДСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ-ға мүше елдерге хабарламалар ағылшын тілінде жіберіледі.

      6. Ақпараттық орталық қолданыстағы немесе әзірленіп жатқан техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер, стандарттар, оларға өзгерістер және өнімнің, қызметтер көрсету мен СФС шаралардың сәйкестігін растау процедуралары туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми баспа басылымында және жалпы қолданыстағы ақпараттық жүйеде хабарлама түрінде жариялайды.

      7. БСҰ хатшылығына, СТК жөніндегі комитетке, СФС жөніндегі комитетке және ДСҰ-ға мүше елдерге ұсынылған хабарламаларға ақпараттық нөмір сәйкестендіру нөмірін береді.

      8. Хабарламалар осы бұйрықпен бекітілетін нысандарға сәйкес толтырылады.

      9. ДСҰ Хатшылығы хабарламаны алған кезде оған нотификациялық нөмір береді.

      10. Хабарламаларда берілетін ақпарат хабарлама объектісін толығымен және нақты және оның халықаралық стандарттар, халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдардың жарлық пен нұсқаулықтар талаптарына сәйкестік деңгейін сипаттауы керек.

      11. Хабарлама нысанының әрбір деректемелері толтырылған болуы керек. Ақпарат болмаған жағдайда бағанада "белгісіз" немесе "белгіленбеген" деген жазу жазылады.

      13. Хабарламалар көлемі А4 нысанды 2 беттен артық болмауы, қарпі Times New Roman 12 болуы керек.

                                  Саудадағы техникалық кедергілер,
                                   санитарлық және фитосанитарлық
                                    шаралар жөніндегі ақпараттық
                                      орталық хабарламаларын
                                   толтыру және ұсыну ережесіне
                                             1 қосымша

        СФС жөніндегі ДСҰ келісім шегінде шұғыл
             хабарламалар толтыру тәртібі

Хабарлама
бөлімі

Толтыру бойынша ұсыныстар

1. Келісімнің
хабарлаушы
тарапы

Қазақстан Республикасы  1)

2. Жауапты
орган

Құжатты қабылдайтын (бекітетін) жауапты
мемлекеттік басқару органының атауы
Санитарлық немесе фитосанитарлық шараларды
белгілеу жобасын әзірлеуші мемлекеттік
басқару органының атауы

3. Қамтылатын
өнім (қызмет
немесе басқа
объект)

ДСҰ берілген ұлттық тізбелер деректеріне
сәйкес өнім атауларының нөмірі (лер)
(қысқартулар рұқсат етілмейді)
Ол туралы  2) хабарлама берілетін құжат
ережелеріне әсер етуі мүмкін өңірлер немесе
елдер
МСС кодтары қосымша

4. Құжат атауы

Әзірленетін құжаттың белгіленуі және толық
атауы
Құжат беттерінің саны
Құжат аудармасы немесе оның аударылу
перспективасы туралы ақпарат
Құжатқа қысқаша түсіндірменің барлығы туралы
ақпарат

5. Мазмұн
сипаттамасы

Құжат жобасына берілген қысқаша түсіндірме
(құжатты қолдану мүмкіндігін түсінуді
қамтамасыз етуі керек, қысқартулар болмауы
керек)

6. Мақсаты
және негізі

Негізгі бекітілетін талаптар: [ ] тағам
өнімдерінің қауіпсіздігі; [ ] жануарлар
саулығы; [ ] өсімдіктерді қорғау; [ ]
адамдарды паразиттерден,
жануарлардан/өсімдіктерден немесе аурулардан
қорғау; [ ] аймақтарды паразиттерден келетін
зардаптардан қорғау

7. Шұғыл
проблема
негізі

Шұғыл шараларға қарау себебі (тері)

8. Халықара-
лық стандарт-
тар, алдын ала
жазулар және
ұсыныстар

Халықаралық стандарттар, түсіндірмелер,
ұсыныстар бар [ ]
Халықаралық стандарттар, түсіндірмелер және
ұсыныстар болған жағдайда сәйкес сілтеме
немесе олардан қысқаша үзінділер беріледі

9. Релевантты
құжаттар

Күні мен сілтеме нөмірін қоса хабарлама
басылған басылым
Хабарлама жарияланатын тіл (дер)
Әзірленетін құжаттың халықаралық баламасына
сілтеме (нақты сілтеме нөмірімен немесе
басқа үйлестірумен)
Берілген халықаралық баламадан ауытқуларды
түсіндіру
Өзгертулер енгізуге қабылданған шаралар және
өзгертулер енгізілген құжаттар (күні мен
сілтеме нөмірін немесе үйлестірудің басқа
белгілерін қоса)
берілген құжаттар немесе оларға қысқаша
түсініктеме алуға болатын хабарлама (лар)
басылған тіл (дер)
Хабарламалар шығарылған тіл(дер)
Жаңа құжаттар немесе оларға қысқаша
түсіндірмелер алуға болатын тіл(дер)
Жаңа құжаттар немесе оларға қысқаша
түсіндірмелер қол жеткізімді тіл(дер)
Жаңа құжат жарияланатын басылым
Егер құжаттар тегін таратыла алмаса, осы
қызметтің бағасы көрсетілсін

10. Күшіне
енгізілетін
күн/әрекет
ету мерзімі

Құжатты қолданысқа енгізу күтілетін күн
Құжаттың әрекет ету мерзімі

11. Құжатты
мына жерден
алуға болады
Пікірлермен
жұмыс істеуге
жауапты орган

тағайындалған ТКК және СФС жөніндегі ДСҰ АО
[ ] және/немесе [] жауапты мемлекеттік
басқару органының атауы және мекенжайы
(мекенжайы, телефон және/немесе факс нөмірі,
болған жағдайда электронды пошта мекенжайы
және/немесе Интернеттегі web-сайтты қоса)

12. Хабарлама-
лар құрауға
жауаптылар

Тағайындалған жауапты мемлекеттік басқару
органының мекен жайы, өзара әрекетті жүзеге
асыратын және хабарламалар құруға жауапты
тұлғаның Т.А.Ә. (мекенжайы, телефон
және/немесе факс нөмірі, болған жағдайда
электронды пошта мекенжайы және/немесе
Интернеттегі web-сайтты қоса)

       1) - Қажет болған жағдайда жергілікті билік органының атауы көрсетіледі
      2) - Мүмкіндігінше әсер етілетін елдерді санамалаған дұрыс; бұл болмаған жағдайда "Қазақстан Республикасына тауар экспортқа шығаратын барлық елдер", "шығарылатын тілге түсетін барлық елдер" айналысын пайдаланған дұрыс.

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Индустрия және сауда
                                           министрлігінің Техникалық
                                             реттеу және метрология
                                                жөніндегі комитеті 
                                             Төрағасының 2005 жылғы 
                                                  1 сәуірдегі N 94
                                               бұйрығымен бекітілді

        СТК және СФС жөніндегі ДСҰ Келісім шегінде
                    хабарлама нысаны

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ
G/TBT/Notif/BY/00.
Күні
(00-0000)
______________________________________________________________

                        ХАБАРЛАМА

Келісімнің хабарлаушы тарапы:

Жауапты орган:
Түсініктермен (пікірлермен) жұмысқа жауапты орган:

[ ] бабына сәйкес хабарланады:

Қамтылатын өнім:

Құжат атауы:

Мазмұнын сипаттау:

Мақсаты және негізделуі:

Релевантты құжаттар:

Құжатты қабылдау (бекіту) шамаланатын күн:
Құжатты қолданысқа енгізу шамаланатын күн:

Түсініктер (пікірлер) ұсынылатын соңғы күн:

Құжатты алуға болады:

Хабарлама құрауға жауапты:

                                           Қазақстан Республикасы
                                             Индустрия және сауда
                                           министрлігінің Техникалық
                                             реттеу және метрология
                                               жөніндегі комитеті 
                                            Төрағасының 2005 жылғы 
                                                 1 сәуірдегі N 94
                                              бұйрығымен бекітілді

       Техникалық және санитарлық және фитосанитарлық
         шаралар бойынша халықаралық және өңірлік
        ұйымдарға қатысу туралы хабарлама нысаны

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ
G/TBT/Notif/BY/00.
Күні
(00-0000)
______________________________________________________________

                       ХАБАРЛАМА

Хабарлаушы ел:

Екі жақты немесе бірнеше тарапты келісім атауы:

Келісім қатысушылары:

Келісімнің күшіне енетін күні:

Қамтылатын өнім:

Келісім заты:

Келісімнің қысқаша сипаттамасы:

Қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады