"Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 100-б Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3617

Қолданыстағы

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө  бұйрығына  (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 2262, Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 наурыздағы N 52-ө бұйрығымен енгізілген өзгертулері мен толықтыруларына, нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде N 3490 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесінің:
      19-тармағының бірінші абзацындағы "abx" индексі" деген сөзінен кейін "ИБЖ қызметінің "DEF" коды деген сөздерімен толықтырылсын;
      "корпоративтік желі" деген сөзінен кейін ", ИБЖ операторының коды" деген сөздерімен толықтырылсын;
      3) тармақшадағы "(қажет болған жағдайда);" деген сөзінен кейін ", ИБЖ қызметін қоспағанда;" деген сөздерімен толықтырылсын.
      2. Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (Сейтімбеков А.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С. Оразалиновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, таныстырылуға жатады және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің WEB-сайтына қойылады.

      Төраға