Ауыз суы жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 24 наурыздағы N 147 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3608

Қолданыстағы

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  7-бабының 10) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Ыдыстарға құйылған ауыз суын, минералды табиғи және жасанды минералдандырылған суларды өндiруге, сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

      "КЕЛIСIЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық министрлiгi
      Су ресурстары жөнiндегi
      комитетi төрағасының
      міндетін атқарушы

      2005 жылғы 5 сәуір

Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау министрінің  
міндетін атқарушының       
2005 жылы 24 наурыздағы     
N 147 бұйрығымен        
бекітілген           

  "Сыйымдылыққа құйылған ауыз суын, минералды табиғи
және жасанды минералдандырылған суларды өндіруге,
сапасына және қауіпсіздігіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы
санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары

  1. Жалпы ереже

      1. "Сыйымдылыққа құйылған ауыз суды, табиғи минералды және жасанды түрде минералдандырылған сулардың өндірілуіне және сапасына қойылатын талаптар" туралы санитарлық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) қызметі сыйымдылыққа құйылған ауыз суды, табиғи минералды және жасанды түрде минералдандырылған суларды өндірумен, тасымалдаумен, қаптаумен, сондай-ақ суды өндіруге керекті құрал-жабдықтарға, аумаққа, сумен қамтамасыз етілуіне, канализация, жылумен қамтамасыз етілу, желдету, жарықтандыру, өндірістік және қосымша, санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға және жұмыскерлердің жұмыс істеу жағдайына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды анықтайды.

      2. Осы санитарлық ережелерде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) табиғи минералды су - құрамында биологиялық белсенді құрауыштары және арнайы қасиеті бар тұрақты ионды-тұзды құраммен сипатталатын табиғи жерасты суы;
      2) ыдыстарға құйылған ауыз су - шөлмектерге, контейнерлерге, пакеттерге құйылған ауыз су;
      3) жасанды түрде минералдандырылған ауыз су - өндіру барысында керекті заттармен (құраушы) байытылған ауыз су;
      ыдыстарға құйылған ауыз су - шөлмектерге, контейнерлерге, пакеттерге құйылған ауыз су;
      4) полиэтилентерефталаттан (бұдан әрі - ПЭТФ) жасалған преформа - шөлмектерді өндіруге және ауыз суды құюға арналған дайындаушы зат;
      5) кронентығын - газдың шығуына жол бермейтін, шөлмектерді тығындауға арналған арнайы тығын;
      6) озондау - арнайы жабдық - озонатордың көмегімен суды озонмен зарарсыздандыру әдісі;
      7) ультракүлгін сәуле соққысына ұрындыру - диапазоны 0,4-0,2 микрометр болатын электромагнитті толқынды суды, үй-жайдағы ауаны залалсыздандыру үшін пайдалану.

  2. Аумаққа қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
      талаптар

      3. Ыдысқа құйылған суды өндіріп, сақтап және сататын ұйым үшін жер учаскесін бөлу, оның құрылысын жүргізуге, жаңартуға және пайдалануға беру үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы өкілетті органның санитарлық-эпидемиологиялық оң қорытындысы болған жағдайда жүргізіледі.

      4. Ыдысқа құйылған суды шығаратын ұйымның өндіру, сақтау және сату аумақтары бөлек орналасуы керек. Олардың басқа ұйымдардың аумағында орналасуына рұқсат етіледі.

      5. Ұйымның аумағы қоршалынып, абаттандырылуы керек, басқа құрылыстардан бос болуы керек. Аумаққа ағаш пен бұталарды еккенде, олар гүлдену кезінде шашырап, талшық, салбырайтын өнім беретіндерді себуге болмайды.

      6. Аумаққа кіретін жол екеу болуы керек, күн сайын тазаланып, жаз айларында сумен шайылып, қыста қар мен мұздан тазартылып отырылуы керек.

      7. Ыдысқа құйылған суды өндіріп, сақтап және сататын ұйым аумағы өндірістік және шаруашылық аумақтарына бөлінеді.
      Өндірістік аумақта: ауыз суды табиғи минералды ауыз суды өндіретін ұңғымалар өндірістік корпус, өндірістік зертхана (денсаулық пункті) қоймалық үй-жайлар, шикі заттар мен дайын өнімдерді сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар, тұрмыстық үй-жайлар және қызметкерлерге арналған асхана немесе тағам қабылдауға арналған бөлмелер (ауысым ішіндегі жұмыскерлердің саны 30 кем болғанда) қарастырылуы керек.
      Шаруашылық аумағында: жөндейтін шеберханалар, ыдыстар мен жанар-жағар май қоймасы, қазандық, гараж, қоқыстарды жинайтын контейнерге арналған алаң орналасады.

      8. Атмосфералық жауын-шашын суларын ағызу үшін ғимараттардан басқа да құрылымдардан су ағатын жаққа еңісі болып, су қабылдайтын уақытында жер тазаланып отырылуы керек.

      9. Бос ыдыстар, құрылыс және шаруашылық материалдары қоймада сақталуы керек.

      10. Сынған шынылар мен қоқыстарды жинау үшін темір контейнерлер қолданылады, олар, көлемі контейнердің түбінен 3 есе үлкен асфальтталған алаңда, өндірістік және қосалқы үй-жайлардан 25 метрден кем емес қашықтықта орналастырылады.

      11. Өндірістік, тұрмыстық қалдықтар қалдық салғыштардың 2/3 бөлігі толғаннан соң шығарылып, күніне кем дегенде бір рет тазаланып отырылуы керек. Контейнерлер қоқыстан босағаннан кейін жуылып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген заттармен зарарсыздандырылады.

  3. Ыдысқа құйылған суды өндіретін ұйымдарды сумен
жабдықтауға және канализация жүйесіне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      12. Су көзін таңдағанда суға алдын-ала зертханалық тексерістер жүргізіліп, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берілуі керек. Зертханалық тексеріс ай сайын жүргізілуі керек. Жылдың әр мезгілінде қалыптасқан жағдайға байланысты тексерістер жүргізілуі керек, дегенмен жыл сайынғы алынатын сынаманың саны 12 кем болмауы керек. Су көзін радиобелсенді түрде ластайтын көз байқалған жағдайда альфа және бета белсенділіктерінің қорытынды дозасын анықтау жыл сайын жүргізілуі керек.

      13. Санитарлық-қорғау аумағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сай болуы керек.

      14. Табиғи минералды суды пайдалану курорттық орталықтың ғылыми бальнеологиялық қорытындысын алғаннан кейін жүргізіледі.

      15. Ыдысқа құйылған суды өндіру, сақтау және сату қолданыстағы НҚА, құрылыс нормаларына және ережелерге (бұдан әрі -  ҚНжЕ) сай жүргізілуі керек.

      16. Компрессорлық қондырғыларды салқындатуға және аумақтарды суғаруға техникалық су қолданылады. Ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету жүйелері бөлек болып, құбырлары айрықша бояулармен сырлануы керек.

      17. Алғашқы өңдеуден өтпейтін сыйымдылықтардағы суды сақтауға арналған суды ауыстыру әрбір 48 сағат сайын, ал ыдыстарға құйылатын су әрбір 24 сағат сайын ауыстырылып отыруы керек.

      18. Шегеннен алатын суға арналған сыйымдылықтарды тазалау және зарарсыздандыру жұмысы жылына кем дегенде бір рет; алғашқы өңдеуден өтпейтін су сақтауға арналған сыйымдылықтар, суды құйып алуға арналған, су сақтайтын сыйымдылықтар - тоқсан сайын 1 рет.

      19. Жөндеу жұмыстарынан кейін және бактериологиялық ластану орын алғанда кезектен тыс зарарсыздандырылып, зертханалық бақылау жүргізіледі және оның қорытындысы жорналға тіркеледі. Сыйымдылықтар сынама алатын шүмектермен, тұтқалармен, сатылармен, люктармен жабдықталып және олардың қақпақтары құлыппен жабылып, пломбы салынады және "ауыз су" деп белгі қойылады.

      20. Өндірістік үй-жайлар су алар жерде араластырғыш қондырғы орнатылған ыстық және суық сумен қамтамасыз етілуге тиіс; цехтарда 500 шаршы метрге бір су ағызатын кран, бірақ әрбір үй-жайға кем дегенде бір кран орнатылуы керек. Цехтар қол жууға арналған раковиналармен, араластырғышы бар кранмен, сабынмен, бір рет қолдануға арналған орамалмен немесе, электрлі кептіргіштермен жабдықталуы керек. Қол жуатын раковиналар әрбір өндірістік цехтарда кіре берісте, оларға қолдануға ыңғайлы, бірақ жұмыс орнынан арақашықтығы 15 м аспайтын жерде орналасуы керек.

      21. Жылыту жүйесінен алынған ыстық суларды технологиялық үдерістерге, құрал-жабдықтар мен үй-жайларға санитарлық өңдеу жүргізуге қолдануға болмайды.

      22. Ішкі су құбырларының ұзындығы 1,5 километрден аспауы керек.

      23. Ғимараттың канализация жүйесі қалалық канализация жүйесіне қосылуы керек. Өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларға арналған ішкі канализация жүйесі бөлек болуы керек.

      24. Канализация жүйелері болмаған елді мекенде жергілікті канализация қарастырылуы керек. Ағынды суларды жинауға арналған бетондалған шұңқырдың аузы тығыз жабылатын қақпағы болып, шұңқырдың 2/3 көлемінде толуына қарай тазалануы керек. Су сіңіретін шұңқырларды пайдалануға болмайды.

      25. Канализация жүйесінің құрылымы қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай болуы керек.

      26. Өндірістік үй-жайлардағы канализациялық траптар және ағызып әкететін канализация құбырының диаметрі еденнің кез-келген тұсынан ағынды суларды толық әкететіндей етіп қарастырылуы керек.

      27. Ағынды суларды канализация жүйесіне құю басқа жаққа құйылмайтындай етіп, жабық әдіспен жүргізілуі керек. Ағынды суларды еденге төгуге, ашық ойшықтар арқылы жіберуге болмайды.

  4. Жылу, желдету жүйесі мен жарықтандыруға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      28. Ұйымның, өндірістік, қосымша және тұрмыстық жағдайға арналған үй-жайлары қолданыстағы ҚНжЕ сай тартып шығаратын желдету жүйесімен жабдықталуы керек.

      29. Жылумен қамтамасыз ететін жылыту құралдары шаңнан тазартуға ыңғайлы болатындай етіп орналасуы керек.

      30. Барлық өндірістік және қосымша үй-жайлар, ҚНжЕ талаптарына сай, табиғи және жасанды жарық көздерімен жабдықталуы керек.
      Жарық түсетін тесіктер үй-жайдың сыртқы жағынан және ішкі жағынан жарық түсіруге кедергі жасайтын бөгде заттармен тұмшаланбауы керек. Тоқсан сайын шаң мен күйеден тазартылып, сынған шынылар ауыстырылып отырылуы керек. Терезе әйнектерін қосынды шынылардан жасауға, шынының орнына фанераны немесе картон қағазды пайдалануға болмайды.

      31. Өндірістік цехтар мен қоймалардағы жарық көздері сынып қалмауы үшін торлы көздермен жабылуы керек.

      32. Аппараттар мен сыйымдылықтардың ішкі бетін көру үшін, қорғағыш торы бар, кернеуі 12 вольттан аспайтын, тасымалданатын шамдар пайдаланылады.

      33. Өндірістік үй-жайларда микроклиматтың көрсеткіштері (температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауаның жылжу жылдамдығы) қолданыстағы НҚА талаптарына сай болуы керек. Өндірістік және қоймалық үй-жайлардың кіре берісі болмаған жағдайда ауаны қыздыруға арналған ауа пердесі қарастырылуға тиіс.
      Ыдыстарды үрлейтін қондырғылар негізгі өндіріс орнынан оқшауланып және жергілікті желдету құрылғысымен жабдықталуы керек.

      34. Технологиялық құрал-жабдықтар дірілді азайтатын қондырғылармен жабдықталуы керек. Өндірістік үй-жайлардағы шудың деңгейі қолданыстағы НҚА сай болуы керек.

  5. Өндірістік, қосымша үй-жайларға және жұмыскерлердің
жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар

      35. Өндірістік үй-жайларды жертөледе немесе жартылай жертөле үй-жайларында орналастыруға болмайды. Өндірістік үй-жайлар технологиялық үдерістер ағынын қамтамасыз ететіндей есеппен орналастырылуға тиіс.

      36. Өндірістік үй-жайлардың қабырғалары төбесіне дейін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген ылғалға төзімді материалдармен қапталуы керек.
      Өндірістік үй-жайлардың едені су өткізбейтін, үсті тайғанақ емес, араларындағы саңылау мейлінше аз болып, су ағатындай еңіс болуы керек. Су ағатын траптар тор көзбен жабылып, гидравликалық жапқыштары болуы керек. Еденнің цех ішіндегі көлік жүріп тұратын бөлігі оңай бүлінбейтін қатты тақтайшалардан жасалынуы керек.

      37. Еденді, қабырғалар мен төбелерді әрлеу үшін Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдар пайдаланылуға тиіс.

      38. Аппаратуралар мен құбыр желісі түрлі-түсті майлы бояумен сырлануы керек.

      39. Өндірістік және қосымша үй-жайлар, құрал-жабдықтар және жиһаздар таза ұсталынуы керек. Өндірістік, қосымша үй-жайларды тазалау жұмысын арнайы жұмыскер жүргізіп, ал жұмыс орындары мен құрал-жабдықтарды жұмысшылардың өздері жинауы керек. Өндірістік жұмыстарды орындауға тазалаушыны пайдалануға болмайды.

      40. Өндірістік үй-жайлардағы еденді жуу жұмыс барысында жүргізіліп, жұмыс соңынан барлық үй-жайға, құрал-жабдықтарға, жиһаздарға ылғалды жинап тазалау жұмыстары жүргізіледі. Күрделі тазалау жұмыстарын айына бір рет Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды пайдалана отырып, жүргізіледі. Ылғал бөліну арқылы істелінетін жұмыс орнында, тазалық жұмысы ылғал құрғағанша жүргізіледі.
      Тазалауға қажетті керек-жарақтарға арнайы белгі салынып, жеке шкафтарда сақталынады. Өндірістік үй-жайлар мен дәретхананы тазалау жұмыстарын әртүрлі тазалау құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі.

      41. Барлық үй-жайларға күрделі жөндеу жұмыстарын жылына кем дегенде 1 рет жүргізіледі. Қабырғаларда, төбеде, бұрыштарда көгеру пайда болса, олар әктеу алдында Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген арнайы дәрмектермен өңделіп, соңынан әктеу керек.

      42. Аздаған мөлшердегі жөндеу жұмыстарын өндірісті тоқтатпай-ақ, өнімге түспейтіндей етіп, қорғағаннан кейін жүргізіледі. Үй-жайды қайта өзгерткенде, бояғанда негізгі жұмысты жүргізуге болмайды.

      43. Қосалқы бөлшектерді, кішкентай заттарды, шегелерді өндірістік үй-жайларда сақтауға болмайды. Слесарьлардың, басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылардың саймандары арнайы сайман салғыш жәшіктерге сақталынуы керек.

      44. Ыдыстарға құйылған суды өндіру, сақтау және сату жұмыстарын ұйымдастыру үшін қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай тұрмыстық үй-жайлар бөлінуі керек.

      45. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларының құрамына мыналар кіреді: сыртқы, жұмысшы және санитарлық киімдерге арналған киім ілгіш; пайдаланылған санитарлық ережелерді қабылдауға арналған үй-жай, себезгі бөлмесі, дәретхана, әйелдердің жеке басының тазалығын сақтауға арналған үй-жай. Санитарлық киімдер сыртқы киімдерден бөлек сақталынуы керек. Аяқ киімдер арнайы шкафтарда сақталынады.

      46. Жұмыскерлер жұмыс басталардан бұрын таза санитарлық киімдерді алуы керек. Керек болған жағдайда оның құрамына резеңке етік кіреді.

      47. Тағамды асханада немесе арнайы бөлінген үй-жайда қабылдау керек.

      48. Дәретханалар алдындағы шлюздер санитарлық киімді ілетін киім ілгішпен, ыстық және суық су келтірілген қол жуғышпен қамтамасыз етіліп, онда сабын және бір рет пайдаланылатын орамалдар қарастырылуы керек.

      49. Үй-жайларға жуғыш заттарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу арнайы қызметкер арқылы жүргізіліп, жетісіне бір рет Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдана отырып, күрделі тазалау жұмыстары жүргізілуі керек.

      50. Тазалық тораптарын жинап зарарсыздандыру үшін арнайы белгі салынған құрал-жабдықтарды пайдалану керек.

      51. Суды өндіру, сақтау және тасымалдау, сату жұмыстарын ұйымдастыратын жұмыскерлер, сондай-ақ арнайы оқу бөлімінің оқушылары жұмысқа алынар алдында одан соң кезеңді медициналық тексерістерден өтіп, гигиеналық оқуды меңгеруі керек.

      52. Ұйымның жұмыскерлері қол тазалығына ерекше көңіл бөліп, арнайы жұмыс киімін киіп, ұйымнан сыртқа шыққанда және дәретханаға барардан бұрын санитарлық киімін шешіп, жұмыспен айналысардан бұрын және дәретханадан соң, сондай-ақ лас заттарменен жанасу орын алғанда қолын сабындап жуу керек.

      53. Күн сайын жұмыс басталардан бұрын жұмыскерлерді арнайы қойылған адам тексерістен өткізуі керек. Тұмауратқан немесе іш дүрбелеңі орын алғанда, сондай-ақ іріңдеген жара, кесік, күйік орын алса, анықтаған адам әкімшілікке хабар беріп, медицина мекемелеріне көрінуге жіберу керек. Тұмауратқан немесе іш дүрбелеңі орын алғанда, сондай-ақ іріңдеген жара, кесік, күйік орын алса, ондай адам жұмысқа жіберілмейді. Тексерістің қорытындысы осы санитарлық ережелердің 4 қосымшасында көрсетілген үлгідегі жорналға тіркейді.

      54. Әрбір ұйымда алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрмектермен толтырылған қобдиша қарастырылуы керек.

      55. Слесарьлар, электромонтерлер және өндірістік үй-жайларда, қоймаларда жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлер таза жұмыс киімімен жабдықталуы керек.

      56. Ұйымдарда дезинсекциялық және дератизациялық шараларды қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сай жұмыс істеуге лицензиясы бар ұйым жүргізуі керек.

      57. Кеміргіштердің кіруіне жол бермеу үшін мынандай шараларды қарастыруы керек:
      1) табалдырықтар мен есіктер қаңылтырмен немесе торлы темірмен жабылуы керек (биіктігі 40-50 см);
      2) жертөле терезелері, желдету жүйесінің тесіктері қорғағыш тормен жабылуы керек;
      3) қабырғадағы, едендегі және құбыр жанындағы тесіктер металл жаңқасы қосылған цементпен бекітілуі керек.

  6. Құрал-жабдықтарға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      58. Өніммен жанасатын құрал-жабдықтар, аппаратуралар, олардың кейбір бөліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалынуы керек.

      59. Құрал-жабдықтар мен аппаратуралар технологиялық үдерістердің ағынын қамтамасыз ете алатындай, оларға оңай жететіндей, қауіпсіздік техникасының талаптарына жауап бере алатындай болып орналасуы керек.

      60. Жабдықтар мен керек-жарақтардың беттері тегіс және тазартуға, жууға және зарарсыздандыруға оңтайлы болуы керек.

      61. Суды тазартуға арналған сүзгілерді қолданғанда, оларды тазалап, жуу және зарарсыздандыру үшін жағдайлар қарастырылуы керек. Табиғи минералды суды тазалау және қайта өңдегеннен кейін, оны қайта пайдаланардың алдында радиациялық бақылаудан өтуге тиіс. Сүзгілердің жұмысының тиімділігіне өндірістік, зертханалық бақылау айына 1 реттен кем емес жүргізіліп, ол жорналға тіркелуге тиіс.

  7. Ыдыстарға құйылатын суды өндіруге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      62. Ыдысқа құйылған суды өндіру үшін пайдаланылатын суды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен, жер асты су көзінен, бұлақтардан табиғи минералды су көздерін пайдаланады. Пайдаланылатын су қолданыстағы НҚА сай болуы керек.

      63. Ыдысқа құйылған ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі құю, тасымалдау, сақтау кезінде, мезгілі көрсетілген сату кезінде осы санитарлық ережелердің 1 қосымшасына сай болуы керек.
      Ыдысқа құйылған судың бетінде үлдір және ішінде басқа заттар, тұнба болмауы керек.

      64. Ыдысқа құйылған суды өндіретін, сақтайтын және сататын ұйымдарда суды залалсыздандыру үшін озондап, ультракүлгін сәулесінің әсеріне ұрындырады. Ауыз суды өңдегенде хлор дәрмектерінің ерітіндісін пайдалануға болмайды.
      Ыдысқа құйылған ауыз судың сапасын сақтау үшін консервант ретінде осы санитарлық ереженің 1 қосымшасындағы 4 кестеде көрсетілген реагенттерді пайдалану керек.

      65. Су құятын агрегаттарды жұмыс басталардан бұрын және соңынан таза сумен жуу керек.

      66. Ыдыстарға құйылатын табиғи минералды су микробиологиялық көрсеткіштері бойынша осы санитарлық ережелердің 2 қосымшасының талаптарына сай болуы керек; сезіну органдары, физикалық, химиялық және зияндылық көрсеткіштері бойынша қолданыстағы стандарттың талаптарына немесе нақты өнімнің техникалық жағдайына сай дайындалуы керек.

      67. Ауыз суды, жасанды минералдандырылған және табиғи минералды суларды құю таза немесе газ қосылған күйінде жүргізіледі. Суды газбен қанықтыру үшін стандарттың талаптарына сай көміртегінің қостотығы пайдаланылады.

      68. Ыдысқа құйылған ауыз суды микроэлементтермен байытуға болады. Микроэлементтердің көрсеткіші судың нақты түріне арналған технологиялық жағдайға сай болуы керек.

      69. Газдалған суды сақтау мерзімі 12 айдан аспауы керек; газдалмаған су үшін басқа техникалық жағдайға байланысты мерзім көрсетілмесе ол - бір айдан үш айға дейін.

      70. Жасанды минералдандырылған суды өндіру кезінде пайдаланылатын шикізаттарға (натрий гидрокарбанаты, натрий хлориді, кальций хлориді, магний хлориді, магний сульфаты), оның сапасын анықтайтын және тағамдық мақсатқа қолдануға болатыны туралы құжатта көрсетілуі керек.

      71. Аралас бағытта жұмыс істейтін ұйымдарда ыдысқа су құюды алкогольсіз сусындар мен шарап құюға арналған желіде жүргізуге рұқсат етілмейді.

      72. Ыдыстарға құйылған ауыз суды қолданыстағы нормативтік құжаттарға сай жәшіктерге, контейнерлерге, қораптарға және (ыстықтан тартылатын үлдірден жасалған) пакеттерге салып, тасиды.
      Өндірістік зертхана су көзіне, дайындау барысында, дайын суды ыдыстарға құяр кезде, тығындағанда өндірістік зертханалық тексеріс жүргізуі керек.

      73. Бақылауға алынатын көрсеткіштердің тізімі, тексерілу және сынақтан өткізу кезеңдерін су көзіне және суды дайындаудың технологиялық түріне және судың сапасына қарап анықтайды.

      74. Дайын өнімдердің сапасын анықтау үшін қысқартылған (әр топтан) және кезеңді (кем дегенде айына бір рет), сондай-ақ толық (кем дегенде жылына бір рет) тексеріс жүргізілуі керек.

      75. Ыдысқа құйылған суға сезім органдары арқылы және микробиологиялық тұрғыдан бақылау жасау су көзімен дайындау түріне қарамай әр топқа жүргізілуі керек.

      76. Зертханалық тексеріс кезінде дайын өнімнің тобында теріс қорытынды анықталса, сол топқа қайтадан екі есе көп мөлшерде тексеріс жүргізу керек. Қайтадан жасалған тексерістің қорытындысын негіз етіп алып, ол барлық топқа тән деп саналынады. Қорытынды қанағаттандырғысыз деп табылғанда, ол топ қайта өңдеуге жіберіледі.

      77. Дайындаушы осы санитарлық ережелердің талаптары орындалмаған жағдайда оны жоюға керекті шараларды қарастыруы керек.

  8. Су құбырларын және сыйымдылықтарды күтіп ұстауға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      78. Су өндіруге пайдаланылатын суды су көзінен ұйымға цистерналар (танкерлер) арқылы, қолданыстағы НҚА талаптарын сақтай отырып тасымалдайды. Цистерналар арқылы тасымалданатын судың сақтау мерзімі 5 тәуліктен аспауы керек.

      79. Табиғи минералды немесе ауыз суды тасымалдауға арналған сыйымдылықтар (цистерналар, танкерлер), құбырлар желісі, сорғыштар, түтіктер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалуы керек. Су тасымалдайтын сыйымдылықтарға белгі салынуы керек және олар арқылы басқа өнімді тасымалдауға рұқсат етілмейді.

      80. Құбырлар су өткізбейтін материалдардан жасалынып, толық толтырылуы керек. Тасымалдағыш сыйымдылықтарды толтыруға, сондай-ақ олардан суды құйып алу үшін тұрақты су құбырларын пайдалану керек.

      81. Резеңкеден немесе басқа материалдардан жасалған түтіктерді автокөліктік және темір жол цистерналарын стационарлы құбырлармен тек қана біріктіру үшін пайдалану керек. Түтіктер ластану мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда сақталуы керек, арнайы ілгішке ілінген түтіктердің ұштары еденге тимеуі керек. Түтіктер суды ағызып жабатын тапаншамен жабдықталуға тиіс.

      82. Біріктіретін түтіктер суды әрбір қабылдағаннан кейін белгіленген ыдыстарда ыстық сумен (температура кем дегенде +60 о С) жуылып, зарарсыздандырылуы керек, содан соң ағынды суық сумен шайылуы керек.

      83. Құбырлар мен коллекторлардың техникалық жағдайын тексеру керегінше жүргізіледі, бірақ ол тоқсан сайын 1 реттен кем болмауы керек.

      84. Шөлмектерге құйылған ауыз су жәшіктерге, контейнерлерге, қораптарға және пакеттерге (ыстыққа төзімді үлдірден жасалған) салынып тасымалдануы керек.

      85. Ыдысқа құйылған су өнімнің сапасын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көліктің барлық түрімен жүргізіледі.
      Әр көлікте белгіленген үлгідегі санитарлық төлқұжат болуы керек. Мұндай көліктерде тағам өнімдерін тасымалдауға болмайды.

      86. Автокөліктік және темір жол цистерналары, іске қосылардың алдында және пайдалану кезінде аптасына 1 реттен асырмай, ал зауыттық резервуарлар және сыйымдылықтар босатылғаннан кейін жылына бір реттен кем емес жуылып, зарарсыздандырылып отыруы керек, одан соң зертханалық бақылау жасалынады.

      87. Авто және темір жол цистерналарын жуу мен зарарсыздандыру әрбір толтырудың алдында Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дәрмектермен жуып, зарарсыздандырылады.

      88. Өнеркәсіп орнында озонатор агрегаты болғанда (суды өңдеуге қондырғыда озонды пайдалану), көліктік сыйымдылықтарды озон арқылы, цистернаны құрамында озонның 1,0-1,2 мг/дм 3  қанықпасы бар сумен толтырады және кем дегенде үш минөтке қақпағын ауа өтпейтіндей етіп тығыз жабу арқылы зарарсыздандыруға болады (шаюды керек етпейді).

      89. Цистерналарды тазарту бетінің қатты қабаты бар арнайы жабдықталған алаңда, қалқаның астында жүргізіледі. Алаңда құбырмен тартылған су және (керек болған жағдайда) бу жүйесі болып, канализациялық су ағатын жолмен, электр жарығымен жабдықталуы керек. Кәсіпорын жыл бойы жұмыс істейтін болса цистерналарды өңдеу үшін арнайы үй-жайлар қарастырылуы керек.

      90. Цистерналардың люктары мен құрылғылары суды тасымалдағанда және цистерналарды толтырғаннан кейін пломбылануы керек.

  9. Ыдыстар мен тығындайтын материалдарға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      91. Ауыз суды, жасанды түрде минералдандырылған және табиғи минералды суларды белгіленген тәртіп бойынша анықталынып, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген синтетикалық материалдардан жасалған пакеттерге, шөлмектерге басқа да шыныдан жасалған ыдыстарға құйылады.

      92. Синтетикалық материалдардан құюға арналған бос ыдыстар және сол ыдыстарға құйылған суды сақтау кезінде ыдыстар бір-ақ рет пайдаланылады.

      93. Өнеркәсіп орнында суды тасымалдауға және сақтауға арналған шөлмектер, басқа да ыдыстар біркелкі мөлдір, тегіс, жылтыр беті бар болып, көрінетін ақауы, тырналған жерлері, бөтен қоспалары, көпіршіктері болмауы керек.

      94. Синтетикалық материалдан жасалған ыдыстар тұмшаланбаған жағдайда келіп түскенде, әуелі жуылып, артынан шайылуы керек.
      Синтетикалық материалдан жасалған ыдыстар осы ереженің 3 қосымшасына сай зертханалық бақылаудан өтуі керек.

      95. Ыдыс жуатын мәшиненің ваннасына шыныдан жасалған шөлмектерді батырар алдында сұрыпталуы керек. Шыны шөлмектің мойыны сынғанда, бүдірі немесе бөтен иіс болғанда олар жүйеден алынып тасталынады.

      96. Ыдыстарды (қолмен немесе шөлмек жуатын машинамен) жуу, технологиялық нұсқауға сай рұқсат етілген жуғыш материалдарды қолдану арқылы жуылады. Шөлмектер ауа қысымы 1,5 атмосферада шайылады. Ондағы қанықпаның мөлшері әр ауысым сайын өндірістік зертхана арқылы тексеріліп отырылуы керек.

      97. Жуылған шыны шөлмектер жарықтандырылған экранда көру арқылы тексеріледі, тазалығы күмәнді шөлмектер қайта жууға жіберіледі.

      98. Шөлмек жуатын мәшинелерді керек болған жағдайда, бірақ аптасына кем дегенде 2 реттен жуып, зарарсыздандыру керек. Жуу ерітіндісін канализацияға жібергеннен кейін жуу мәшинесінің ваннасын затбелгілерінен, шынының сынықтарынан және басқа да қоқыстарды тазалайды. Жуғыш мәшине ваннасының іші зарарсыздандырылып, сумен шайылады. Жуылған ванналар жаңа жуғыш ерітінділермен толтырылады.

      99. Шөлмек жуатын мәшинелердің жұмыс істеу тәртібіне техникалық және зертханалық бақылау жүргізіп, оның қорытындысы цехтың шөлмектің жуылуы туралы технологиялық жорналға тіркеледі.

      100. Сынған шыны шөлмектерді жинау үшін арнайы бункер жабдықталады. Бункерді босату мәшиненің кузовына өздігінен құйылуы арқылы жүргізіледі.

      101. Тығындауға арналған материалдар цехқа қаптамамен жабылған күйде түседі. Олар автоматтандырылған түрде тығындайтын бункерге түсетін жерде ашылады. Қаптамасы жыртылған тығындау материалдарын қабылдауға болмайды. Тығындауға арналған материалдар құрғақ үй-жайларда, сөрелерде 15 о С температурада сақталады.

      102. Тығындалған шөлмектер толтырылу деңгейін, тығынның жағдайын және басқа да заттардың жоқтығын анықтау үшін бақылауға алынады. Тексеру құю, тасымалдау барысында жүргізіледі.

"Сыйымдылыққа құйылған ауыз   
суын, минералды табиғи және  
жасанды минералдандырылған   
суларды өндіруге, сапасына   
және қауіпсіздігіне қойылатын 
санитарлық-эпидемиологиялық  
талаптар" туралы санитарлық- 
эпидемиологиялық ережелер   
мен нормаларға 1-қосымша   

      1. Ыдысқа құйылған ауыз су алынатын су көздеріне қарай мынандай түрлерге бөлінеді:
      1) жер асты су көзінің табиғи суы: артезиандық, бұлақтық, жер асты (бірден ыдыстарға құйылады немесе тазалап дайындағаннан кейін);
      2) жер беті су көзінің табиғи суы: көлдік, өзендік, мұздан, теңізден алынатын сулар (тазалап дайындағаннан кейін пайдалануға жіберіледі);
      3) орталықтандырылған су құбыры жүйесінен алынатын ауыз су (дайындалғаннан кейін немесе құяр алдында тазалаудан өткеннен кейін пайдалануға жіберіледі).
      2. Ыдысқа құйылған сулар мынандай категорияға бөлінеді:
      1) алынған жерінің атауымен;
      2) дайындалған ауыз су (алдын-ала дайындалған судан алынған су);
      3) ас суы (минералдық тұздарды және көміртегінің қостотығын қосу арқылы немесе оларды қоспай-ақ алынған су);
      4) тазаланған су (әртүрлі әдістерді қолдана отырып, минералсыздандырылған ауыз су);
      5) кондиционерленген су (қосымша макро, микроэлементтермен байытылған су).
      3. Минералдандыру деңгейіне қарай ыдысқа құйылған сулар былай жіктеледі:
      1) өте тұщы ауыз су - (құрамындағы 1 литрдегі минералдық тұздың мәні 0,25 грамнан (бұдан әрі - г/л) кем келетін су);
      2) орташа тұщы су - (құрамындағы 1 литрдегі минералдық тұздың мәні 0,25-0,5 г/л дейінгі су);
      3) тұщы су - (құрамындағы 1 литрдегі минералдық тұздың мәні 0,5-1,0 г/л дейінгі су);
      4) минералдандырылған ауыз су - (құрамындағы 1 литрдегі минералдық тұздың мәні 1,0-1,5 г/л дейінгі су).
      4. Ыдысқа құйылған судың көміртегі қостотығымен қанығу деңгейіне қарай былай бөлінеді:
      1) табиғи газдалған немесе көмірқышқылды су - (су көзінен бөлінетін көміртегінің қостотығының мөлшерін анықтап, оны жасанды түрде ыдысқа құйылған судағы бос көміртегі қостотығының мөлшерін көбейткенде су көзінен алынардағы көміртегінің қостотығы деңгейінен техникалық ауытқу  + 20% құрауы керек);
      2) өзіндегі көміртегі қостотығының мөлшерімен байытылған су - (судан шығатын газбен сол жерде байытылып, ыдысқа құйылған судағы көміртегінің қостотығының деңгейі бастапқы деңгейден кем дегенде 20 пайыз мөлшерде жоғарлату керек);
      3) көміртегінің қостотығы көп су - (судағы табиғи көміртегінің қостотығы 1 литрге есептегенде 250 милиграмнан (бұдан әрі - мг/л) асатын су);
      4) газсыздандырылған су - (өңдеуден өткеннен немесе ыдысқа құйылғаннан кейінгі көміртегі қостотығының мөлшері су көзіндегі мөлшерден аз болып, қалыпты температура мен қысымда газ бөлінбейтін судың түрі);
      5) көміртегінің қостотығымен байытылған су - жасанды түрде көміртегінің қостотығымен байытылған су;
      6) газдалмаған су - құрамында көміртегінің қостотығы жоқ су.
      5. Ыдысқа құйылған су көміртегінің массалық үлесіне қарай (бұдан әрі - СО 2 ) былай болып бөлінеді:
      1) аз газдалынған - құрамындағы СО 2  мөлшері 0,20-0,3% деңгейіндегі су;
      2) орташа газдалған - құрамындағы СО 2  мөлшері 0,30-0,4% деңгейіндегі су;
      3) күшті газдалған - құрамындағы СО 2  мөлшері 0,4% көп су.
      6. Ыдысқа құйылған су сутегілік көрсеткішіне қарай былай бөлінеді:
      1) рН көрсеткіші 6,0-8,5 дейін болатын су - (табиғи су көздерінен және сыйымдылыққа су көзінен құйғанда ауаның енбеуін қамтамасыз етіп құйылған су);
      2) рН көрсеткіші 5,0-7,0 дейін болатын су - (дайындалып, өңделген су);
      3) рН көрсеткіші 4,5-6,0 дейін болатын су - (табиғи немесе жасанды түрде көміртегі қостотығымен байытылған су);
      рН мөлшері 4,5 төмен болуы мүмкін.
      Уақытқа, жыл кезеңдеріне, судың минералдануына, жасанды көміртегі қостотығымен байытуды қосқандағы ауадағы көміртегі қостотығының өзгеруіне байланысты сутегі көрсеткішінің тұрақты болмауының салдарынан жоғарыда көрсетілген рН мөлшері тұрақты сан емес.
      7. Балалар тағамдары үшін ыдысқа құйылған су сапа және қауіпсіздік көрсеткіштеріне қарай бірінші және жоғарғы категорияға бөлінеді.

              Ыдыстарға құйылған ауыз судың сапасы
                мен зиянсыздығының көрсеткіштері

                                                           1-кесте

 

 

Көрсеткіштері  

өлшеу
бір-
лігі

Ыдыстарға құйылған
судың нормативтері
мен сапасы, аспауы
керек

Зиян-
дылық
көрсет-
кіштері

Қауіп-
тілік
сыныбы

Бі-
рінші
кате-
гория

Жо-
ғарғы
кате-
гория

Бала-
ларға
ар-
нал-
ған
тағам

  

  

Сезім мүшелерінің көрсеткіштері:

Иісі 20 о С

балл-
дар

0

0

0

с/м. 1)

-

60 о С дейін
қыздырғанда

балл-
дар

0

0

0

с/м.

-

Дәмі 

балл-
дар

0

0

0

с/м.

-

Түсі 

гра-
дустар

5

5

5

с/м.

-

Лайлығы 

ЕМФ

1,0

0,5

0,5

с/м.

-

Сутегі көрсеткіші
(рН)

бір-
лігі

6,5-8,5

6,5-8,5

6,0-8,0

с/м.

-

Құрамында тұзды көрсеткіштері*:

Хлоридтер (CL - )

г/л

250

150

150

с/м.

4

Сульфаттар (SO 4 2- )

г/л

250

150

150

с/м.

4

Химиялық құрылымының қауіпсіздік критерийі

Құрамының тұзды және газды көрсеткіштері:

Нитраттар
(NO 3 бойынша)

мг/л

20

5

5

с/м.

3

Цианидтер
(СN бойынша) 

мг/л

0,035

0,035

0,035

с.-т. 2)

2

Күкірсутек (Н 2 S) 

мг/л

0,003

0,003

0,003

с/м. иіс.

4

Уытты металдар

Барий
(Ва, жиынтығы)

мг/л

0,7

0,1

0,1

с.-т.

2

Берилий
(Ве, жиынтығы)

мг/л

0,0002

0,0002

0,0001

с.-т.

2

Темір
(Fe, жиынтығы)

мг/л

0,3

0,3

0,3

с/м.

3

Кадмий
(Сd, жиынтығы)

мг/л

0,001

0,001

0,001

с.-т.

2

Кобальт
(Со, жиынтығы)

мг/л

0,1

0,1

0,1

с.-т.

2

Литий
(Li, жиынтығы)

мг/л

0,03

0,03

0,03

с.-т.

2

Марганец
(Мn, жиынтығы)

мг/л

0,05

0,05

0,05

с/м.

3

Мыс (Сu, жиынтығы)

мг/л

1,0

1,0

1,0

с/м.

3

Молибден
(Мо, жиынтығы)

мг/л

0,07

0,07

0,07

с.-т.

2

Натрий
(Na, жиынтығы)

мг/л

200

20

20

с.-т.

2

Никель
(Ni,  жиынтығы)

мг/л

0,02

0,02

0,02

с.-т.

3

Сынап
(Hg, жиынтығы)

мг/л

0,0005

0,0002

0,0002

с.-т.

1

Селен
(Se, жиынтығы)

мг/л

0,01

0,01

0,01

с.-т.

2

Күміс
(Ag, жиынтығы)

мг/л

0,025

0,025

0,0025**

с.-т.

3

Қорғасын
(Pb, жиынтығы)

мг/л

0,01

0,005

0,005

с.-т.

2

Стронций (Sr 2+ )

мг/л

7,0

7,0

7,0

с.-т.

2

Сурьма
(Sb, жиынтығы)

мг/л

0,005

0,005

0,005

с.-т.

2

Хром (Cr 6+ )

мг/л

0,05

0,03

0,03

с.-т.

3

Мырыш (Zn 2+ )

мг/л

5,0

3,0

3,0

с/м.

3

Уытты металды емес элементтер:

Бор (B, жиынтығы)

мг/л

0,5

0,3

0,3

с.-т.

2

Күшән
(As, жиынтығы)

мг/л

0,01

0,006

0,006

с.-т.

2

Галогендер:

Бромид-ион

мг/л

0,2

0,1

0,01

с.-т.

2

Ластанудың органикалық көрсеткіштері:

Перманганатты
тотығу

МгО 2

3,0

2,0

2,0

-

-

Аммиак және
аммоний-ион
(N 2 бойынша) 

Мг/л

0,1

0,05

0,05

-

-

Нитриттер
(NО 2 бойынша)

Мг/л

0,5

0,005

0,005

с/м.

2

Жеңіл белсенді
заттар (ЖБЗ),
анионбелсенділер

Мг/л

0,05

0,05

0,05

с/м.

-

Мұнайөнімдері
(жиынтығы)

Мг/л

0,05

0,01

0,01

с/м.

-

Фенол

Мг/л

0,0005

0,0005

0,0005

с/м. иіс.

4

Бромоформ
(бромирленгенде)

мг/л

0,02

0,001

0,001

с.-т.

2

Дибромхлорметан

мг/л

0,01

0,001

0,001

с.-т.

2

Бромдихлорметан

мг/л

0,01

0,001

0,001

с.-т.

2

Бенз(а)пирен

мг/л

0,000005

0,000001

0,000001

с.-т.

2

Ди(2-этилгексил)
фталат

мг/л

0,006

0,0001

0,0001

с.-т.

2

Гексахлорбензол

мг/л

0,0002

0,0002

0,0002

с.-т.

2

Линдан (гамма-
изомер ГХЦГ)

мг/л

0,0005

0,0002

0,0002

с.-т.

1

2,4 - Д

мг/л

0,001

0,001

0,001

с.-т.

2

Гептахлор

мг/л

0,00005

0,00005

0,00005

с.-т.

2

ДДТ (изомерлер
жиынтығы)

мг/л

0,0005

0,0005

0,0005

с.-т.

2

Атразин

мг/л

0,0002

0,0002

0,0002

с.-т.

2

Симазин

мг/л

0,0002

0,0002

0,0002

с.-т.

4

Радиациялық қауіпсіздік көрсеткіштері:

Альфа белсенді-
лігінің меншік
жиынтығы

Бк/л

0,1

0,1

0,1

-

-

Бета белсенді-
лігінің меншік
жиынтығы

Бк/л

1,0

1,0

1,0

-

-

       * - судың сезім мүшелеріне ететін әсеріне байланысты
анықталатын тұздық құрамының көрсеткіші;
      ** - балалар тағамына арналған ыдысқа құйылған суға күміс
консервантты қолдануға болмайды;
      *** - қалдық озонды анықтау үшін 12 минөттен кем емес уақыт
ішінде байланыс жасағаннан кейін және араластыру камерасынан
өткеннен кейін жүргізіледі.
      1. Көрсетілген қысқартулар:
      1) с/м. - сезім мүшелері;
      2) с.-т. - санитарлық-токсикологиялық көрсеткіш.

         Ыдысқа құйылған судағы макро, микроэлементтер
       құрамы ауқымдылығының физиологиялық нормативтері

                                                           2-кесте

Көрсеткіштері

Өлшеу
бір-
лігі

Ауыз
судағы
физиоло-
гиялық
норматив-
тердің
ауқым-
дылығы

Ыдыстарға құйылған судың
нормативтері мен сапасы,
аспауы керек

Бірінші
кате-
гория

Жоғарғы
кате-
гория

Балаларға
арналған
тағам

Жалпы минерал-
данған (құрғақ
қалдық)

мг/л

100-1000

1000

200-500

200-500

Кермектік

мг-
экв/л

1,5-7

7

1,5-7

1,5-7,0

Сілті 

мг-
экв/л

0,5-6,5

6,5

0,5-6,5

0,5-6,5

Кальций (Са)

мг/л

25-130

130

25-80

25-80

Магний (Мg)

мг/л

5-65

65

5-50

5-50

Калий (К)

мг/л

-

20

2-20

2-20

Бикарбонаты (НСО 3 )

мг/л

30-400

400

30-400

30-400

Фторид-ион (F)

мг/л

0,5-1,5

1,5

0,6-1,2

0,6-1,2**

Йодид-ион (J)

мг/л

0,01-0,125

0,125

0,04-0,06*

0,04-0,06

       * - аурудың алдын-алуға бағытталған басқа шаралармен қоса суды
0,03-0,06 мг/л деңгейде йодтау йод жоқтығының алдын-алу шараларын
жүргізу үшін жаппай жүргізілетін шара ретінде қолданылады;
      ** - балалар тағамына (жасанды жолмен тамақтандырғанда)
арналған ыдысқа құйылған судағы фторид-ионының құрамы 0,6-0,7
деңгейде болуы керек.

            Ыдысқа құйылған ауыз судың микробиологиялық,
        вирусологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері

                                                           3-кесте

Көрсеткіштері

Өлшеу
бірлігі

Ыдысқа құйылған су сапасының нормативтері

Бірінші
категория

Жоғарғы
категория

Балаларға
арналған
тағам

Бактериологиялық көрсеткіштер:

37 о C температурадағы
ЖБС

КОЕ/мл

20 көп
емес

20 көп
емес

20 көп
емес

22 о C температурадағы
ЖБС

КОЕ/мл

100 көп
емес

100 көп
емес

100 көп
емес

Жалпы колиформдық
бактериялар

КОЕ/100 мл

300 мл жоқ

300 мл жоқ

300 мл жоқ

Термотолерантты
колиформды бактерия-
лар

КОЕ/100 мл

300 мл жоқ

300 мл жоқ

300 мл жоқ

Глюкозо оң коли-
формды бактериялар

КОЕ/100 мл

300 мл жоқ

300 мл жоқ

300 мл жоқ

Сульфит түзетін
клостридийлердің
споралары

КОЕ/100 мл

20 мл жоқ

20 мл жоқ

20 мл жоқ

Pseudomonas
аеruginosa

  

1000 мл
жоқ

1000 мл
жоқ

1000 мл
жоқ

Патогендер 2 және
3 топтарындағы
микроорганизмдер

КОЕ/100 мл

жоқ

жоқ

жоқ

Вирусологиялық көрсеткіштер:

Колифагтар

БОЕ/100 мл

1000 мл жоқ

1000 мл жоқ

 1000 мл жоқ

Паразитарлық көрсеткіштер:

Криптоспоридий-
лердің ооцистілері

Саны/50 л

Жоқ 

Жоқ

Жоқ

Лямблийлердің
цистілері

Саны /50 л

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Гельминттердің
жұмыртқалары

Саны /50 л

Жоқ

Жоқ

Жоқ

               Суды өңдеу барысында пайда болатын
            түзілетін заттар мөлшерінің көрсеткіштері

                                                           4-кесте

Көрсеткіштері

Өлшеу
бірлігі

Нормативі,
көп емес

Зиян-
дылық
көрсет-
кіштері

Қауіп-
тілік
сыныбы

Хлор:

 

 

 

 

Бос қалдық

мг/л

0,05

с/м.

3

Байланысқан қалдық

мг/л

0,1

с/м.

3

Хлороформ
(суды хлорлағанда)

мг/л

0,06

с.-т.

2

Қалдық озон
(суды озондағанда)

мг/л

0,3

с/м.

 

Формальдегид
(суды озондағанда)

мг/л

0,005

с.-т.

2

Полиакриламид

мг/л

2,0

с.-т.

2

Белсенді кремний
қышқылы (Si бойынша)

мг/л

10,0

с.-т.

2

Полифосфаттар
(PO 4 бойынша)

мг/л

3,5

с/м.

3

Төртхлорлы көміртегі

мг/л

0,002

с.-т.

2

Алюминий коагулянты-
ның қалдық мөлшері

мг/л

0,2

с.-т.

2

             Ыдысқа құйылған судағы консерванттар
                    мөлшерінің көрсеткіштері

                                                           5-кесте

Консерванттар

өлшеу
бірлігі

Қанық-
паның
рұқсат
етілген
шегі

Ыдысқа құйылған су
сапасының норма-
тивтері, көп емес

Бірінші
категория

Жоғарғы
категория

Күміс (Ag)

мг/л

0,05

0,025

0,0025

Йод (J)

мг/л

0,125

0,06

0,06

Көміртегінің
қостотығы (СО 2 )

%

0,4 1)

0,4

0,2

       1) емдеу және емдік-тағамдық минералды сулардағы стандартқа
сай көміртегі қостотығының жоғарғы шектеулі массалық үлесі

                                      "Сыйымдылыққа құйылған ауыз
                                       суын, минералды табиғи және
                                       жасанды минералдындырылған
                                       суларды өндіруге, сапасына
                                      және қауіпсіздігіне қойылатын
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                       талаптар" туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                        мен нормаларға 2-қосымша

        Жасанды жолмен минералдандырылған және табиғи
      минералды сулардың микробиологиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштері

өлшеу бірлігі

Нормативі

Жалпы колиформды бактериялар

100 мл бак-
териялар саны

Болмауы
керек

Минералдандырылған сулар үшін
жалпы микробтық сан:
1) су көзінен;
2) ыдысқа құйылғандар үшін

1 мл (КОЕ) шоғыр
түзетін бакте-
риялардың саны

 
 
100
50

Термотолерантты колиформды
бактериялар

100 мл шоғыр
түзетін бакте-
риялардың саны

Болмауы
керек

Pseudomonas аеruginosa
(көк іріңді таяқша)

100 мл шоғыр
түзетін бакте-
риялардың саны

Болмауы
керек

Олифагтар

100 мл түйін
түзейтін бірлік
(ТТБ) саны

Болмауы
керек

Патогенді, оның ішінде
сальмонеллдер саны

100 мл бакте-
риялардың саны

Болмауы
керек

Ашытқы (жасанды түрде мине-
ралдандырылған сулар үшін)

1 мл ШТБ

10 аспауы
керек

Өңез (жасанды түрде минерал-
дандырылған сулар үшін)

1 мл ШТБ

10 аспауы
керек

       Табиғи минералды және жасанды түрде минералдандырылатын сулардың нақты өнімі үшін сезім мүшелері арқылы анықталатын көрсеткіштері, химиялық тұрғыдан залалсыздығының көрсеткіштері стандарттың немесе нормативтік құжаттың талаптарына
сай анықталады.

                                      "Сыйымдылыққа құйылған ауыз
                                       суын, минералды табиғи және
                                       жасанды минералдындырылған
                                       суларды өндіруге, сапасына
                                      және қауіпсіздігіне қойылатын
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                       талаптар" туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                        мен нормаларға 3-қосымша

      Полимерлік материалдардан жасалған ыдысқа құйылған
        судағы ауысу коэффициентінің рұқсат етілген шегі
          (АКРЕШ) және міндетті көрсеткіштердің тізімі

Полимерлердің түрі

Сумен жанасқанда
ингредиенттердің көшуі

ДКМ,
мг/л

Полиолефиндер: төменгі қысым-
дағы және жоғарғы қысымдағы
полиэтилен, полипропилен,
полибутен-1, полиметилпен-
тен этиленнің, пропиленмен
немесе бутиленмен полиоле-
финдер негізінде жасалған
аралас материалдар

Спирттер

изопропилді

0,1

Пропилді

0,1

бутилді

0,5

метилді

0,2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Полиэфирлер:
полиэтилиэтилен-терефталат
(ПЭТФ-бөтелкелер)

Еріткіштер:

бензин

0,1

гексан

0,1

ацетон

0,1

этилацетат

0,1

формальдегид

0,005

Ауыр металдардың тұздары:

алюминий

0,2

хром

0,05

диметилтерефталат
этиленгликоль
фенол

0,5
1,0
0,0005

диэтиленгликоль

1,0

Полиамидтер

Е - капролактам

0,5

Полистирол және стиролдың
полимертекстері 

стирол

0,1

Полиметакрилат

метиметакрилат

0,01

Поливинилхлорид және поливинил
хлоридтердің полимертекстері

Фтал қышқылының
эфирлері (ДБФ, ДОФ)

0,1

қорғасын

0,01

Мырыш

0,05

Поликарбонат

фенол

0,0005

                                      "Сыйымдылыққа құйылған ауыз
                                       суын, минералды табиғи және
                                       жасанды минералдындырылған
                                       суларды өндіруге, сапасына
                                      және қауіпсіздігіне қойылатын
                                       санитарлық-эпидемиологиялық
                                       талаптар" туралы санитарлық-
                                        эпидемиологиялық ережелер
                                        мен нормаларға 4-қосымша

          Цех қызметкерлеріне жүргізілген медициналық
              тексеру қорытындыларын тіркеу жорналы

Цех (бригада) _____________________________________________________
___________________________________________________________________
Бастық (бригадир) _________________________________________________
___________________________________________________________________
                            (аты, жөні)

N
р/н

Аты,
жөні,
тегі

Цех,
лауа-
зымы

Айы/күні

1

2

3

4

7

...

30

1.

 

 

Дені
сау

Ке-
зекті
дема-
лыста

Ауру

Дема-
лыста

Жұмыс-
тан
боса-
тылды

...

Дені
сау

2.