Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі N 107 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3598

Қолданыстағы

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Талғат Амангелдіұлы Момышевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға
      міндетін атқарушы

Техникалық реттеу және   
метрология жөніндегі    
комитет Төрағасының м.а.  
2005 жылғы 15 сәуірдегі  
N 107 бұйрығымен     
бекітілді         

  Стандарттарды және стандарттау, метрология,
сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік
құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін
шығару және пайдаланушыларды олармен және олар
туралы ақпаратпен қамтамасыз ету
ЕРЕЖЕСІ

      Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының  15-бабына  сәйкес әзірленді және стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
      Осы ереже талаптары меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) құратын техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен стандарттар қорына және олардың құзыреттік шегінде мемлекеттік органдарға және мемлекеттік орган қорларына таратылады.

  1. Жалпы ережелер

      1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен стандарттардың мемлекеттік қорын уәкілетті орган мен мемлекеттік органдар өздерінің құзыреттіктері шегінде құрады.

      2. Әрбір стандарттың және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және оның бір данасын құжатты әзірлеген тұлға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық дерекқорды нысандау үшін уәкілетті органға жібереді.

  2. Стандарттарды және стандарттау, метрология,
сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік
құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сілтемелерін
және олар туралы ақпаратты шығарудың жалпы ережелері

      3. Уәкілетті орган: стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды (бұдан әрі - нормативтік құжаттар), стандарттар каталогтары мен сілтемелерін және олар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттардың ақпараттық сілтемесінде шығаруды, оның ішінде электронды басылымын және уәкілетті органның сайтында жедел ақпаратты орналастыруды жүзеге асырады.

      4. Баспа өнімін шығару:
      1) стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарды, каталогтары ҚР СТ 1.22-2001 "Стандарт ісі. Оны нысандау, өзгерістер енгізу, сақтау, көкейкесті ету, мұрағатқа тапсыру және жою тәртібі" Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес Стандарттар ісін алғаннан кейін үш айлық мерзім ішінде;
      2) стандарттар және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттарға, каталогтарға өзгерістерді уәкілетті орган бекіткен өзгерістер мәтінін алғаннан кейін бір айлық мерзім ішінде орындалады.

      5. Стандарттарды және нормативтік құжаттарды шығару кезінде ресімдеу ҚР СТ 1.5-2004 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттардың құрылуына, мазмұндалуына, ресімделуіне және сипатталуына қойылатын жалпы талаптар" Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес орындалады.

      6. Қазақстан Республикасы аумағына мемлекетаралық стандарттар мен оларға өзгерістерді енгізгеннен кейін уәкілетті органның мемлекеттік кәсіпорны мемлекетаралық стандарттар мен оларға өзгерістердің қолданысқа енгізілгені және шығарылғаны туралы ақпаратты стандарттардың ай сайынғы ақпараттық сілтемесінде қалыптасқан тәртіпте бір айдан артық емес мерзім ішінде ресми жариялануын жүзеге асырады.

      7. Бекітілгені туралы ресми ақпарат, әрбір стандарттың және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі нормативтік құжаттың, стандарттау каталогтары мен сілтемелерінің бір данасы және электронды түрі мен олар туралы ақпаратты құжатты әзірлеген тұлға уәкілетті органға бірыңғай анықтамалық-библиографиялық дерекқорды құру үшін жібереді.

      8. Республикада қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар туралы ақпарат Қазақстан Республикасының баспа басылымдарында жарияланады.

      9. Ай сайынғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттарының ақпараттық сілтеуіші ресми бөлімнен тұрады және уәкілетті органның стандарттау жөніндегі қабылданған мемлекеттік нормативтік құжаттары, оларға өзгерістер мен түзетулер туралы, Қазақстан Республикасы аумағына қабылданған және енгізілген мемлекетаралық нормативтік құжаттар, оларға өзгерістер мен түзетулер, сондай-ақ олардың қолданысқа енгізілу мерзімдері және қосымша ақпараттан тұрады.
      Қосымша ақпарат: халықаралық және мемлекетаралық кеңес отырыстары, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмысшы топтар отырыстары туралы мәліметтер, сондай-ақ басқа ақпараттан тұрады.

  3. Қолданушыларды стандарттармен және стандарттау,
метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөніндегі
нормативтік құжаттармен, стандарттар каталогтары мен
сілтеуіштерімен және олар туралы ақпаратпен
қамтамасыз етудің жалпы ережелері

      10. Қолданушыларды стандарттармен және нормативтік құжаттармен, стандарттар каталогтарымен және сілтеуіштерімен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

      11. Өзінің құрамында техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер қорына ие ұйымдар өзінің құзыреті шегінде пайдаланушыларды стандарттармен және нормативтік құжаттармен, стандарттар каталогтары мен сілтемелерімен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

      12. Мүдделі заңды тұлғаларға, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік қорының абоненттері мен пайдаланушыларына ақпарат беру жазбаша өтініштер бойынша қордың ақпараттық жүйесін пайдаланып, сондай-ақ электронды пошта, Интернет халықаралық желісін пайдаланып жүзеге асырылады.

      13. Абонементтік қызмет көрсетілуге келісім-шарт мүдделі заңды және жеке тұлғалармен бір жылдан кем емес мерзімге бекітіледі. Бұл жағдайда абоненттерге мерзімі аяқталған кезде өзгере алатын ағымдағы жылға тұрақты абоненттік нөмір беріледі.