Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3594

Қолданыстағы

      Сақтандыру нарығындағы актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 ресми баспасөз басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433  қаулысымен  енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтың:
      1-тармағының 11) тармақшасындағы "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы - цеденттің" деген сөздер алынып тасталсын;

      4-1-тармақ алынып тасталсын;

      7-тармақтың екінші абзацы "осы Нұсқаулықтың 5-1-тарауына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақта:
      "қолданылып жүрген" деген сөз алынып тасталсын;
      "(қайта сақтандыру)" деген сөзден кейін "есептеу күнінің алдындағы 12 ай ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Актуарийдің қорытындысына осы сақтандыру сыныбында сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі меншікті статистиканың жетіспеушілік критерийлерін, сондай-ақ осы бөлім бойынша толық есеп айырысулар мен негіздеме кіреді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. МРШР-нің мөлшері мынадай өлшемге тең болады:
      МРШР = Т + ТШ
      бұл жерде:
      Т - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша мәлімделген талаптар бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері;
      ТШ - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәлімделген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерін қарауға, реттеуге, мөлшерін белгілеуге тікелей байланысты жүзеге асырылатын шығыстары.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәлімделген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерін қарауға, реттеуге, мөлшерін белгілеуге тікелей байланысты жүзеге асырылатын шығыстарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мәліметтердің негізінде нақты шығыстар мөлшеріндегі актуарий есептейді және мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар сомасының кемінде бір проценті, бірақ кемінде екі айлық есептік көрсеткішті болуы тиіс.";

      17-тармақ алынып тасталсын;

      18-тармақтағы "16 және 17-тармақтарына" деген сөздер "16-тармағына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19-тармақтағы "16 және 17-тармақтарында" деген сөздер "16-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы МРШР-нің мөлшерін ол бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған не сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы туралы шешім шыққан, не сақтанушының ол бойынша сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тартқан (күндердің қайсысы бұрын басталатындығына байланысты) кезге дейін талап туралы өтініш берген кезден бастап үш жылдың ішінде қалыптастырады.";

      мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
      "25-1. Аннуитет шарты бойынша тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін арттыру кезінде, ОШР айқындалады:
      осы Нұсқаулықтың 25-тармағына сәйкес сақтандыру төлемдері кезеңінде. Сақтандыру төлемдерінің келтірілген күтілетін құнын есептеу сақтандыру төлемдерінің мөлшеріне жасалған арттыруды есепке ала отырып жүзеге асырылады;
      мына өлшемдердің барынша жоғарғысы сияқты жинақтау кезеңінде:
      1) сақтандыру төлемдерінің келтірілген күтілетін құнына қосылған осы Нұсқаулықтың 25-тармағына сәйкес айқындалған ОШР мөлшері (сақтандыру төлемдерінің мөлшерін арттырмай). Сақтандыру төлемінің күтілетін құны актуарий есептеген және бөлген аннуитет шарты бойынша қосымша кірістердің мөлшеріне тең;
      2) осы Нұсқаулықтың 25-тармағына сәйкес айқындалған ОШР мөлшері (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша кірістерінің есебінен аннуитет шарты бойынша сақтандыру төлемдерінің мөлшерін арттыруды есепке ала отырып).";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "26. Өмірді жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша ОМШР осы сақтандыру түрі бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жинақтаушы статистикасын ескере отырып актуарий есептейді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі меншікті статистика болмаған не осындай статистиканың деректері жеткіліксіз болған кезде (мазмұны осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес келетін актуарийдің қорытындысына сәйкес) ОМШР өлшемі МРШР-нің кемінде елу процентін құрауы тиіс. Егер МРШР-нің мөлшері нөлге тең болған жағдайда, ОМШР өлшемі есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі айдың ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақылары сомасының кемінде бес процентін құрауы тиіс.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "29. Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша МРШР мынаған тең болады:
      МРШР = Т + КШ,
      бұл жерде:
      Т - реттелмеген талаптар бойынша сақтандыру төлемдерінің келтірілген күтілетін құны;
      КШ - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру төлемдерін қарауға, реттеуге, мөлшерін белгілеуге тікелей байланысты жүзеге асырылатын шығыстарының келтірілген күтілетін құны.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру төлемдерін қарауға, реттеуге, мөлшерін белгілеуге тікелей байланысты жүзеге асырылатын шығыстарын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мәліметтердің негізінде нақты шығыстар мөлшеріндегі актуарий есептейді. Осындай шығыстардың күтілетін құны мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар сомасының кемінде бір проценті, бірақ кез келген жағдайда кемінде екі айлық есептік көрсеткішті болуы тиіс.";

      30-тармақ алынып тасталсын;

      31-тармақтағы "Осы Нұсқаулықтың 29 және 30-тармақтарында көрсетілген МРШР-нің өлшемі азаюы мүмкін" деген сөздер "Осы Нұсқаулықтың 29-тармағында көрсетілген МРШР-нің өлшемі азаюы мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
      "31-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы МРШР-нің қалыптасқан мөлшерінің болуын ол бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырған не сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы туралы шешім шыққан, не сақтанушының ол бойынша сақтандыру төлемін алудан жазбаша бас тартқан (күндердің қайсысы бұрын басталатындығына байланысты) кезге дейін талап туралы өтініш берген кезден бастап үш жылдың ішінде қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

" 5-1-тарау. Сақтандыру резервтеріндегі қайта
сақтандырушының үлесі

       32-1. Сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандырудың мынадай түрлеріне:
      1) үйлесімді қайта сақтандыру;
      2) үйлесімсіз қайта сақтандыруға байланысты жеке айқындалады.

&1. "Жалпы сақтандыру" саласы

1. Үйлесімді қайта сақтандыру

      32-2. ЕСР-ғы қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты бойынша жауапкершілік үлесіне cүйене отырып не осы Нұсқаулықтың 10 және 11-тармақтарына сәйкес қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысының нақты мөлшерінің негізінде есептеледі (алынған өлшемдердің қайсысының барынша аз болып табылатындығына байланысты).
      Қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысы қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының он процентінен аспайтын мөлшердегі қайта сақтандыру шарты бойынша қызмет көрсетуге комиссиялық сыйақыны шегере отырып қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы сияқты айқындалады.

      32-3. МРШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыруға берілген әрбір сақтандыру шарты бойынша жеке мәлімделген талап бойынша есептеледі және мәлімделген шығын сомасына қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты бойынша жауапкершілік үлесін жасауға тең болады.
      Егер ол бойынша талаптар мәлімделген сақтандыру шарты қайта сақтандыру шартының талаптарын қанағаттандырмаса, онда осы шарт бойынша МРШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі нөлге тең болады.

      32-4. ОМШР-ғы қайта сақтандырушының үлесін осы сақтандыру сыныбындағы қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі жинақтаушы статистиканың негізінде жеке әрбір сақтандыру сыныбы бойынша актуарий айқындайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы сақтандыру сыныбындағы қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі меншікті статистика болмаған не осындай статистиканың деректері жеткіліксіз болған кезде (мазмұны осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес келетін актуарийдің қорытындысына сәйкес) ОМШР-ғы қайта сақтандырушы үлесінің мөлшері МРШР-ғы қайта сақтандырушы үлесі мөлшерінің кемінде елу процентін құрауы тиіс. Егер МРШР мен МРШР-ғы қайта сақтандырушы үлесінің мөлшері нөлге тең болған жағдайда, ОМШР-ғы қайта сақтандырушы үлесінің өлшемі есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі айдың ішінде қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақысы сомасының кемінде бес процентін құрауы тиіс.

2. Үйлесімсіз қайта сақтандыру

      32-5. ЕСР-ғы қайта сақтандырушының үлесі осы Нұсқаулықтың 10 және 11-тармақтарына сәйкес айқындалады.
      Қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысы осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындалады және қайта сақтандыру шарты қолданылатын сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысынан аспауы тиіс.

      32-6. МРШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі қайта сақтандыруға берілген әрбір сақтандыру шарты бойынша жеке мәлімделген талап бойынша есептеледі және мәлімделген шығын сомасы мен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру ұйымының меншікті ұстап қалуының арасындағы айырмашылыққа тең болады.
      Егер ол бойынша талаптар мәлімделген сақтандыру шарты қайта сақтандыру шартының талаптарын қанағаттандырмаса, онда осы шарт бойынша МРШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі нөлге тең болады.

      32-7. ОМШР-ғы қайта сақтандырушының үлесін осы сақтандыру сыныбындағы қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі жинақтаушы статистиканың негізінде жеке әрбір сақтандыру сыныбы бойынша актуарий айқындайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы сақтандыру сыныбындағы қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі меншікті статистика болмаған не осындай статистиканың деректері жеткіліксіз болған кезде (мазмұны осы Нұсқаулықтың 14-тармағының талаптарына сәйкес келетін актуарийдің қорытындысына сәйкес) ОМШР-ғы қайта сақтандырушы үлесінің мөлшері МРШР-ғы қайта сақтандырушы үлесі мөлшерінің кемінде елу процентін құрауы тиіс. Егер МРШР мен МРШР-ғы қайта сақтандырушы үлесінің мөлшері нөлге тең болған жағдайда, ОМШР-ғы қайта сақтандырушы үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі айдың ішінде қайта сақтандыру шарты бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақысы сомасының кемінде бес процентін құрауы тиіс.

&2. "Өмірді сақтандыру" саласы

1. Үйлесімді қайта сақтандыру

      32-8. Жинақтаушы емес өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін есептеу осы Нұсқаулықтың 32-2-32-4-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      32-9. Жинақтаушы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты және аннуитет шарты бойынша ОШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі осы Нұсқаулықтың 22-25-тармақтарына сәйкес қайта сақтандыруға берілген сақтандыру шарты бойынша жауапкершілік үлесіне cүйене отырып не қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) нақты мөлшерінің негізінде айқындалады (алынған өлшемдердің қайсысының барынша аз болып табылатындығына байланысты).
      Қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындалады.

      32-10. Жинақтаушы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша МРШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі осы Нұсқаулықтың 32-3-тармағына сәйкес айқындалады.

2. Үйлесімсіз қайта сақтандыру

      32-11. Жинақтаушы емес өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін есептеу осы Нұсқаулықтың 32-5-32-7-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      32-12. Жинақтаушы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты және аннуитет шарты бойынша ОШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) нақты мөлшерінің негізінде айқындалады.
      Жинақтаушы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты және аннуитет шарты бойынша ОШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі жинақтаушы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты және аннуитет шарты бойынша ОШР мөлшерінен аспауы тиіс.

      32-13. Жинақтаушы өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша МРШР-ғы қайта сақтандырушының үлесі осы Нұсқаулықтың 32-6-тармағына сәйкес айқындалады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге және Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығына жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға