Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және жойылу ережесі туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті мемстандарт Төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 25 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3580. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 Бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010.04.23 № 42 Бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің құрылу, жұмыс істеу және жойылу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары Т.А.Момышевқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Индустрия және сауда    
министрлігінің Техникалық  
реттеу және метрология   
жөніндегі комитет      
Төрағасының         
2005 жылғы 4 сәуірдегі   
N 99 бұйрығымен бекітілді 

  Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің
құрылу, жұмыс істеу және жойылу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының 3 тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, жұмыс істеу және тарату тәртібін белгілейді.
      Осы ереже талаптары мемлекеттік басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдастырушы-құқықтық нысандарға және бағыныстылығына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан техникалық комитеттер мамандарына таратылады.

  1. Жалпы ережелер

      1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі - ТК) мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады.

      2. ТК ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастырушылық және технологиялық институттардың, құрастырушылық бюролардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың өкілдерінен сәйкес қызмет салаларында ең жоғары ғылыми-техникалық әлуеті және жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен құрылады.

      3. ТК құру туралы шешім және оның құрамы техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бұйрығымен бекітіледі.

      4. ТК қызметін үйлестіру уәкілетті орган жүзеге асырады.

      5. ТК орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК), мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК) және ИСО Халықаралық ұйымының техникалық комитеттеріне (ИСО ТК) бөлінеді.

      6. ТК Кеңесі Төрағадан, жауапты хатшыдан, қауымдастыққа кіретін ТК өкілетті мүше-өкілдерден және комитет топшаларының уәкілетті өкілдерінен тұрады.

      7. Хатшылықты жүргізу үшін ТК-тің құрамына енетін ТК қызметін үйлестіру, хат алысуды жүргізу, техникалық комитет Кеңес отырыстарының құжаттарын дайындау және ресімдеу мақсатымен техникалық хатшылықты жүргізуге тілек білдірген ұйымдардың бірі таңдалады. Техникалық хатшылықтың құрамы және Төрағаның кандидатурасы ТК-ке мүше барлық ұйымдармен келісіледі және уәкілетті органмен бекітіледі. Техникалық хатшылық хат жазысуды осы ұйымның бланкінде қажетті деректеме жинақталымымен жүргізеді.

      8. Дауыс құқығы және өз функцияларын мүшелер ТК-тің Кеңесінің мәжілістерінде немесе өзінің өкілдері арқылы ТК-тің тапсырысы бойынша жұмыстарды орындау процестерінде іске асырады.

      9. ТК-інің ұйымдастырушылық және жұмыс мәжілістері сырттай, жазбаша (пошталық немесе электрондық) талқылау және пікір алысу жолымен өткізіле алады. Осындай мәжілістердің қорытындыларын қарастырудан кейін (құжаттарды бекітуге немесе оларды әрі қарай қарастыру мен әзірлеуден алып тастау туралы) ақырғы шешім ТК-тің Кеңесімен қабылданады. Шешімдер дауыстардың көпшілігімен қабылданады. Кеңестің шешімі Техникалық хатшылықпен ақпарат ТК-тің барлық мүшелеріне бір апталық мерзімде жеткізіледі.

      10. Кез келген заңды және жеке тұлғалар ТК төрағасымен келісім бойынша уәкілетті органға берілген жазбаша өтініш негізінде кіруі немесе шығуы мүмкін. Өтінішті қарастыру мерзімі берілген күннен бастап бір айдан аспауы керек. Шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      11. Техникалық хатшылықты жүргізу функциялары жүктелген ұйым хаттар мен құжаттарды дәл уақытында алу және жұмыста жедел байланысты (телефонмен, факспен, электрондық поштамен) қамтамасыз ету үшін оның жұмысын қаржы құралдарымен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етеді.

  2. Стандарттау жөніндегі техникалық
комитетті құру тәртібі

      12. ТК құру туралы негіздемесі бар ұсыныс уәкілетті органға негізінде техникалық комитет құруға негіз болатын ұйыммен жіберіледі.
      Ұсыныс мыналардан тұрады:
      1) ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысына жағдайлар жасау мүмкіндіктері туралы толық ақпараты бар толық және қысқартылған аты. Келісім еркін нысанда жазбаша ресімделеді;
      2) ТК бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің саласы;
      3) ағымдағы жылдағы және (немесе) болашақтағы болжалданған жұмыс бағдарламасы;
      4) ТК жұмысына қатысуға жазбаша келіскен ТК мүше ұйымдардың болжалды тізімі.

      13. Ұсынылған материалдарды қарастырудан кейін уәкілетті орган ұнамды шешім немесе ұсынылған ұсыныстан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Егер уәкілетті орган ТК бекіту туралы оң шешімі қабылданса, оларға ТК құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық бекітіледі. Теріс шешім қабылданса уәкілетті орган өтінімді және оған қосымша құжаттамаларды ұйым-өтінушіне толықтырылуға қайтарылады немесе ұсынылған ұсыныстан бас тарту себептері туралы негіздемесімен өтінім ауытқылады.

      14. ТК "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттері" мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.

      15. Төрағаның, оның орынбасарының (қажет болса) және жауапты хатшының кандидатуралары уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      16. Төраға, төраға орынбасары, жауапты хатшы, өкілетті өкілдер өздерінің құзыреттерінің және ТК қызмет саласының шеңберінде жауапты деп саналады.

      17. Көрсетілген қызмет тұлғалардың кандидатуралары уәкілетті органмен және ТК құрылуына негіз болған ұйымның уәкілетті органымен ұсыныла алады.

      18. ТК құрамы және оны құру туралы бұйрықтың бекітілген күнінен бастап екі ай ішінде ТК жауапты хатшысы құрылымы мен ТК туралы ережені келісу және "Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер" мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізу үшін дайындайды және уәкілетті органға жібереді.

      19. ТК құрылымы ерікті формада мынадай құжаттармен бірге ұсынылады:
      1) мүшелердің тізімі және төрағаны, төрағаның орынбасарын, жауапты хатшыны және ТК мүше өкілетті өкілдерді (әр ұйымнан бір-бірден) қосатын ТК тізімдік құрамы;
      2) стандарттау объектілері (қызмет салалары), әр қосымша комитетті, оның құрамы және хатшылықтың мекен-жайы көрсетілген қосымша комитеттердің (бар болса) тізімі.

      20. ТК туралы ережені ТК төрағасы бекітеді. ТК туралы ереженің құрылымы мен тарауларының мазмұны осы ережеге сәйкес болуы керек.

  3. Стандарттау жөнінде техникалық
комитеттің жұмыс тәртібі

      21. ТК қызметі мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін жоғарылатуға, оны отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін, сондай-ақ шет елдермен өніммен (технологиямен, қызметтермен) саудалық айырбас жасасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталуы тиіс.

      22. Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді:
      1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудiң мемлекеттік жүйесiн дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;
      2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлер мен мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат топтамаларын, халықаралық, өңiрлiк ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат топтамаларын және белгіленген тәртiппен оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және сараптауға қатысу;
      3) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыс жоспарларына және бағдарламаларына ұсыныстар дайындау жатады.

      23. ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу жылының алдындағы жылдың 1 шілдесіне, жыл сайынғы есептерді 15 желтоқсанға дейін, уәкілетті органға немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ұсынылады.

  4. Стандарттау жөніндегі техникалық 
комитетті тарату

      24. ТК қойылатын талаптарға сай міндеттемелерін жүйелі орындамаған жағдайда уәкілетті орган ТК Төрағасына нақты талаптар мен орындалу мерзімі көрсетілген хабарландыру жібереді.

      25. Уәкілетті органның көрсетілген талаптары көрсетілген мерзімдерде орындалмаған жағдайда өкілетті органның шешімімен ТК бекітілген жұмыстарды орындағаннан кейін таратыла алады.

      26. Уәкілетті органның шешімімен таратылған ТК нөмірі басқа жаңадан құрылатын ТК-ке берілмеуі керек.

      27. Қажет жағдайда ТК уәкілетті органның бұйрығымен орнына бұрынғы реттік нөмірін берумен қалпына келтіріле алады.