"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 "Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту туралы Ережесін бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 2881 болып тіркелген, 16.06.2004 ж. N 47 (603) "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 "Кейбір бұйрықтарға өзгеріс енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр