Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 11 ақпандағы N 25 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1170 тіркелген, 2000 жылғы 19 маусым - 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1835 тіркелген) бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау ережесінде:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметі
туралы", "
Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы
" Қазақстан Республикасының заңдарына, қаржылық есептің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау тәртібін және ұсыну мерзімдерін айқындайды.";
1-тармақта:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бұл топтың бірыңғай қаржылық есеп беру ретінде ұсынған қаржылық есеп беруі;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) азшылық үлесі - бұл еншілес ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің таза кірістерінің (шығындарының) және таза активтерінің оның капиталындағы үлесіне тиесілі, бас банк тікелей немесе еншілес ұйымдар арқылы жанама түрде иеленбейтін бөлігі;";
12) тармақшада және мәтін бойынша одан әрі "қаржы-шаруашылық қызмет қорытындылары туралы" деген сөздер "кірістер және шығыстар туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
1) тармақшадағы "жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай)" деген сөздер "он екі ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша алынып тасталсын;
12-тармақтағы "есеп беру" деген сөздерден кейін "қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан былай - уәкілетті орган) келісім бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
13-тармақтағы "Ұлттық Банк белгілеген талаптар мен тәртіптерге сәйкес" деген сөздер "уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
18-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (4-қосымша);";
36-тармақтағы "қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына" деген сөздер "қаржылық есептің халықаралық стандарттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
N 1 қосымшада:
"Минус: Жіктелген активтер мен дебиторлық берешек бойынша шығынды жабуға арналған басқа да провизиялар" деген баптың атауы "Кейінге қалдырылған салық талабы" деген баптың атауымен ауыстырылсын;
"Басқа міндеттемелер" бабынан кейін "Кейінге қалдырылған салық талабы" деген баппен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-қосымшамен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктерінің
шоғырландырылған қаржылық
есебін жасау ережесіне
4-қосымша
N 4-нысан
Топтың меншікті капиталындағы _______ жылғы
өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
Мың теңгемен
Баптардың атауы |
Жар-
|
Эм-
|
Алын-
|
Ре-
|
Бас-
|
Бөлін-
|
Жиын-
|
Есепті кезең
|
|||||||
Есеп саясатындағы
|
|||||||
Есепті кезең
|
|||||||
Есепті кезеңде
|
|||||||
Дивидендтер |
|||||||
Негізгі құрал-
|
|||||||
Сатуға арналған
|
|||||||
Есепті кезеңнің
|
|||||||
Ішкі аударымдар |
|||||||
оның ішінде: |
|||||||
резервтік капиталды
|
|||||||
негізгі құрал-
|
|||||||
Басқа да операциялар |
|||||||
Есепті кезең
|
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.