"Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 38-ө бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 17 ақпандағы N 52-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3490

Қолданыстағы

     "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерін нөмірлеу ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті Төрағасының 2003 ж. 28 наурыздағы N 38-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 6 мамырда N 2262 тіркелген) мынадай өзгертулер енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникация желісінің нөмірлеу ресурстарын бөлу мен пайдалану Ережесіндегі:
     3-тармағының 3)тармақшасы алынып тасталсын;

     13-тармақтағы "Уәкілетті органмен келісім бойынша және нөмірлеу жоспарымен сәйкес ұлттық оператор және/немесе басым байланыс операторы" деген сөз "Уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;

     14-тармақтың екінші абзацындағы "басым байланыс операторымен және/немесе ұлттық оператормен бірге" сөздері алынып тасталсын;

     19-тармақтағы бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
     "Байланыс операторының нөмірлеудің географиялық емес аймақта "DEF" (" DEFad") кодын, "ad" кодын "adx" индексін алу үшін ведомстволық немесе корпоративтік желілердің иелері уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:";

     21-тармақтағы "Ұлттық байланыс операторына және/немесе басым байланыс операторына" және "Ұлттық операторлармен және/немесе басым байланыс операторларымен" деген сөз "уәкілетті органға" және "уәкілетті органмен" сәйкес сөздерімен ауыстырылсын;

     25-тармақтағы "ұлттық және/немесе басым байланыс операторымен ұйымдастырылуы" сөздері алынып тасталсын;
     "ұлттық операторы және/немесе басым байланыс операторы" деген сөзі "уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын;

     26-тармақтағы "ұлттық немесе басым байланыс операторының ұсынуы бойынша" сөздері алынып тасталсын;

     27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Шұғыл, ақпараттық-анықтама және тапсырыс қызметтеріне қол жетімділіктегі 3 сандық нөмірлерді тағайындауды уәкілетті орган 3 сандық қызметтерді нөмірлеу жоспарына сәйкес жүзеге асырады";

     28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "Абоненттерге абоненттік нөмір байланыс операторларымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 қазанда N 3177 тіркелген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 204-ө бұйрығымен бекітілген телефон байланысы қызметін көрсету Ережелеріне сәйкес оператор желісі нөмірлеу жоспарының шеңберінде шарт жасасқан кезде беріледі";

     30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "30. Уәкілетті органмен нөмірлеу ресурсын ("adx" индексі, абоненттік нөмірлер) алу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
     1) нөмірлеу ресурсын алушының өтініші бойынша;
     2) байланыс операторы лицензиясының қолданылуы тоқтатылғанда;
     3) байланыс операторларының нөмірлеу ресурсын пайдалануды реттейтін нормативтік құжаттарды бұзғанда;
     4) жергілікті телекоммуникация желісінің бөлінген нөмірлеу ресурсын алған сәттен бастап екі жылдың ішінде елу пайызға дейін оператормен қолданылмаса.";

     31-тармақтағы "ұлттық немесе басым байланыс операторлары уәкілетті органнан келісім алғаннан кейін" деген сөзі "Уәкілетті орган" сөздерімен ауыстырылсын.

     2. Байланыс саласындағы Мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсін.

     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді, таратылуға жатады және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің WEB-сайтына қойылады.

    Төраға