"Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 112 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 53 бірлескен қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 16 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3482. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 130 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 № 130 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктер қызметінің айқындық дәрежесін көтеру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына және "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың  капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 112 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 53 бірлескен қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2856 тіркелген, 2004 жылғы шілдеде "Қаржы хабаршысы" N 6 (6) журналында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     1-қосымшада:
     "Бағалы қағаздың сатып алу құны ұлттық валютамен" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
     "Номиналды құны/сатып алу құны 1 ";
     "Бағалы қағаздың сатып алу құны ұлттық валютамен" деген бағаннан кейін "Номиналды құн валютасы 2 " деген бағанмен толықтырылсын;
     "Ескертулер:
    1 - Номиналды құны облигациялар бойынша толтырылады, сатып алу құны акциялар бойынша толтырылады";
     " 2 - Акциялар бойынша осы баған толтырылмайды";
     2.3.n. жолдан кейін мынадай мазмұндағы 2-1. - 2-1.n. жолдармен толықтырылсын:
2-1        "Қазақстан
          Даму Банкі"
          АҚ-ның об-
          лигациялары
2-1.1.
2-1.2.
2-1.3.
2-1.n.

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

     3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

     4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

     Төраға