"Кiшi заң актiлерiн жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн орындау және нормативтiк құқықтық құжаттарды қолданыстағы заңнамамен сәйкестiкке келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң қызметкерлерiне Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi жүзеге асыру жөнiндегi Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 1999 жылғы 19 наурыздағы N 44-б бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде N 741 тiркелген, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Вопросы труда" бюллетенiнде 1999 ж., N 7-8 жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бұйрықтың атауындағы, Бұйрықтың 1-тармағындағы және Нұсқаулықтың атауындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Республикалық ұлан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
Нұсқаулықтың кiрiспесiндегi "iшкi iстер органдарының," деген сөздерден кейiн мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiп қолданылатын, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - ЗТМО) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемiн алуға құқығы бар қызметкерлерiне Зейнетақы төлеу жөнiндегі мемлекеттiк орталықтан еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi жүзеге асырудың тәртiбiн нақтылайды.";
1, 3, 5, 15, 23, 26, 34, 35 36, 40, 51-тармақтарға "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы толықтыру енгiзiлсiн: "және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң, қаржы полициясы мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берiлген және iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасы заңдарымен белгiленген тәртiп қолданылатын, еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы және мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi олардың нақты тұратын жерi бойынша қызмет көрсетушi Банк жүргізедi.".
2. Осы бұйрық pecми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
"____"____________ 2005 ж.
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасы
"____"____________ 2005 ж.
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
"____"____________ 2005 ж.