"Энергетикалық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 214 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазқстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 2 ақпандағы N 23 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3471

Қолданыстағы

     1. "Энергетикалық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3089 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2004 жылғы N 41-44 жарияланған) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 214  бұйрығына  мынадай толықтыру енгізілсін:
     көрсетілген бұйрықпен бекітілген энергетикалық сараптама өткізу ережесінде:
     4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "Энергетикалық сараптама жөніндегі жұмыстарды орындау үшін ұйымдарда міндетті түрде аттестациядан өткен электр зертханасы, электр қауіпсіздігі бойынша кіру рұқсаты бар тиісті топтағы білікті қызметшілер, тексеруден және электрлік сынақтан өткен өлшейтін және сынайтын аспаптардың болуы қажет.".
     2. Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр