Құстардың инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 17 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3448

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының  26 бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН
     1. Қоса берілгендер бекітілсін:
     1) жоғары зардапты құс тұмауын алдын-алу және жою бойынша ветеринариялық ережелерді;
     2) құс аспергиллез ауруының алдын-алу және жою бойынша ветеринарлық ережелерді.
     2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының аумақтық басқармаларымен бірге, заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
     3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді.

     Министр

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылық министрінің 
2005 жылғы 24 қаңтардағы   
N 63 бұйрығымен бекітілген 

  Жоғары зардапты құс тұмауын алдын-алу және жою
бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі

     Жоғары зардапты құс тұмауын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының  26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалармен орындалуға міндетті Ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ережелер

     1. Жоғары зардапты құс тұмауы (Highly patopogenic avium influenza) жіті түрде өтетін жоғары зардапты вирусты ауру, тыныс алу мүшесінің зақымдалуымен және жоғары өліммен сипатталады.
     Ауруға үй құстарының барлық түрі, синантропты және жабайы құстар бейім.

     2. Қоздырғышы - Orthomyxoviridае тұқымдастығына жататын вирус, Jnfluenzavizuc түрі, А және Б серотипі. Оқшаулары А тұмау вирусына жатады, субтиптерге Н 5  және Н 7 .
     Індет қоздырғышының көзі - ауру құстар, олардың секреттер мен экскреттер арқылы көптеген мөлшерде вирус бөлініп шығады. Ауру аэрогендік, алиментарлық, трансовариалдық жолмен жұғады. 

     3. Жоғары зардапты құстардың тұмауына балауды эпизоотикалық мәліметтерге, клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістерге және зертханалық зерттеу өткізіп соңында биологиялық сынама қойылады.

  2. Жоғары зардапты құс тұмаудан ветеринариялық-санитарлық
таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары

     4. Жоғары зардапты құс тұмауынан сақтандыру үшін, жеке және заңды тұлғалар осы ветеринариялық Ережелерде көрсетілген шараларды орындауы керек. Ерекше көңілді мынаған аударады:
     1) үй құстарының жабайы құстарымен қатынасын болдырмау, әсіресе суда жүзетін құстармен;
     2) құстар шаруашылық субъекттерінде белгісіз эпизоотикалық статусы бар құстармен байланысын болдырмау;
     3) адамдардың (персонал) орын ауыстыруын бақылау;
     4) әр түрлі топтағы құстарды жекеленген оқшауда орналастыру;
     5) цикл арасындағы үзілістерді сақтау;
     6) орынды мұқият тазарту және дезинфекция жүргізу.

  3. Жоғары зардапты құс тұмауы таза емес пункттерде
және эпизоотиялық ошақтарда жүргізілетін шаралар

     5. Жоғары зардапты-құс тұмауына күдік болған жағдайда ветеринариялық зертханаға тексеруге жаңа өлген құстың өлексесін немесе құстың жанталасу жағдайы кезінде сойылған денесін (5 бастан кем емес) немесе мүшелерін (бас миын, өкпе, қара талақ) тоңазытылған күйінде немесе 50% глицерин ерітіндісімен консервация жасап, сонымен бірге ауруға күдікті деген құстан сарысуын (10 снамадан кем емес) жібереді.

     6. Жоғары зардапты құс тұмауына қолайсыз шаруашылық субъектілеріне, елді мекенде барлық құстарды сою жүргізіледі, барлық өлекселерді және өнімдерін утильге жібереді.

     7. Құс қорасын дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында тіркеуден өткен берілген аурудың қоздырғышына қарсы тиімді болатын дезинфекциялық затты қолданады.

     8. Құс шаруашылығымен айналысатын шаруашылық қожалықтарында жоғары патогенді құс тұмауы болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңдылығына қарасты тәртіппен сол аймаққа қарасты бас мемлекеттік ветеринар инспекторының ұсынысымен аймақты жоғары зардапты құс тұмауына қолайсыз деп жариялап, карантин қояды. Арнайы комиссия:
     1) аурудың таралып кетпеуіне және жоюына бағытталған шаралар жиынтығын жасайды;
     2) осындай шаруашылық субъекттерінде санация уақытын белгілейді және нақтылы шарттарға сүйене отырып, құстармен толықтырып отырады.

     9. "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27 бабына  сәйкес ауруға қолайсыз барлық құстарды сойып және қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін шаруашылық субъекттерінен карантин алынады.

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылық министрінің 
2005 жылғы 24 қаңтардағы   
N 63 бұйрығымен бекітілген 

  Құс аспергиллез ауруының алдын-алу және
жою бойынша Ветеринарлық ережесі

     Құс аспергиллез ауруының алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринариялық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының  26 бабына  сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.

  1. Жалпы ереже

     1. Аспергиллез - құс ауруының кең тараған түрі, көбіне жас балапандарда кездеседі, патогенді саңырауқұлақтар тудырады, кеңсірік қуысының ауа қапшығын, өкпені, кей-кейде басқа мүшелерді зақымдайды.

     2. Қоздырғышы - Aspergillus түріне жататын саңырауқұлақтар (басымды түрде Aspergillus Fumigatus).

     3. Аспергиллезге диагноз аурудың клиникалық белгілеріне, патоморфологиялық өзгерістеріне және эпизоотологиялық мәліметтерді есепке ала отыра жүргізілетін микологиялық зерттеу нәтижелері негізінде қойылады.

     4. Аспергиллезге диагноз қою үшін жаңа өлген құстың патологиялық материалын тығыз ыдысқа салып пергаментті қағазбен оралған түрде шаруа қожалығынан жіберіліп лабораторияда зерттеледі. Сонымен қатар құс азығы, төсеніші, және қажет болған жағдайда инфекция көзін анықтау мақсатында қабырға қырындысы мен инкубациялау жабдықтары зерттеледі.

  2. Құс аспергиллезінің Ветеринариялы-санитарлы
таза аймақтарда өткізілетін алдын-алу шаралары

     5. Шаруа қожалығындағы құс аспергиллезі ауруының алдын алу үшін ұйымдасқан-шаруашылықты және ветеринарлы-санитарлы ережелер мен осы ереженің құс шаруашылығына арналған талаптары қарастырылған шаралар жиынтығын қатаң түрде орындалуы міндетті.

     6. Біріншіден қамтамасыз етеді:
     1) құстарды ұтымды тамақтандыру бойынша толық қажетті азықпен тамақтандыру;
     2) фермаларға келетін азықтар және құс ұясының, төсеніштердің, ораулы материалдың тазалығына және жұмыртқа ыдыстарының санитарлы сапасына мұқият бақылау жасау;
     3) саңырауқұлақтардың әр түрімен жаппай тұқымданбау үшін азықтар мен азық қосымшаларын сақтау ережелерін орындау;
     4) кезең аралық алдын алу үзілістерін сақтау, бұл кезде құс ұяларына, инкубаторияға, қоймаға, тазалық заттарына, жабдықтарға, ыдыстар мен тасымалдау заттарына мұқият түрде механикалық тазарту мен дезинфекция жүргізіледі;
     5) инкубациялық жұмыртқаларды жүйелі түрде дезинфекциялау;
     6) құс ұяларының және құс фабрикаларының өндірістік аймақтарының тазалығы, вентиляциялық және басқа да қалдықтардың жиналуын болдырмау, бұталарды, биік шөптер мен өсімдіктерді өсіру;
     7) топырақты көпжылдық шөптермен егу, оларды жүйелі түрде құс фабрикасының ауа кеңістігінің эрозиясы мен шаңдануының алдын алуы мақсатында себу;
     8) шаруашылық ішіндегі жолдарды, құс ұясы қабырғаларын жүйелі түрде жуу немесе тазарту, әсіресе құс ұяларына, гүлзарларға, ағаштарға вентилятор, алаң жақтан суды су құятын машиналар көмегімен шашу.

     7. Эксплуатациялық құс ұяларының еденін жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында сумен ылғалдап отырады, ал 7-10 күнде 1 рет - натрий гипохлориді (кальций) немесе 300 миллилитр 1 квадратты метрге есепте құрамында 0,5 белсенді хлоры бар хлорамин Б ерітіндісімен өңдейді. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға рұқсат етілген басқа да жаңа ветеринариялық препараттарды қолданады.

  3. Құс аспергиллезінің таза емес аймақтарда
және індеттік ошақтарда өткізілетін шаралар

     8. Құстарда аспергиллез ауруын тапқаннан кейін инкубаторияның, инкубациялық жұмыртқалар мен олардың жиналу орнының санитарлық жағдайын қамтамасыз ету шараларын қолға алады; құс азықтарының, төсеніш материалдарының санитарлық сапасын, басқа объектілерде, құс ұяларында, қоймаларда, тасымалдау заттарында және қоршаған ортада саңырауқұлақтар спораларының жиналуын тексереді. Саңырауқұлақпен зақымдалған объекті анықталған жағдайда, оларды алып тастайды немесе тазалап дезинфекцияланады.

     9. Ауру құс анықталған шаруа қожалықта (елді мекен, аула, құс ұялары) тағайындалған тәртіпте аспергиллезбен зақымдалған деп жарияланып оған осы ауру бойынша шектеу енгізеді.

     10. Құс аспергиллезіне таза емес шаруашылық субъектісінде рұқсат етілмейді:
     1) зақымдалған құс ұясынан (елді мекен, аула) сау ұяға ауыстыруға;
     2) зақымдалған объектіден сау объектіге мүліктерді, жабдықтарды және санитарлы өңдеуге сай емес басқа да заттарды ауыстыруға;
     3) зақымдалған құс ұясында (елді мекен, аула) жұмыс атқарушының сау объектіге келуіне, жұмыртқаны бірінші күн ішінде міндетті түрде дезинфекциялап тамаққа қолдануға;
     4) алдын ала жұмыртқаларға дезинфекция жасамай инкубаторияға әкелуге.

     11. Өз қорасындағы ауру құс сойылып және утилдеуге жібереді.
     12. Күрделі эпизоотиялық жағдайда мал дәрігер маманы мен құс шаруашылық субъектісінің басшысының көзқарасымен құсты тезірек союға жібереді.

     13. Аралас инфекцияларды (аспергиллезден басқа ауруларды) ауру сипатымен диагнозын есепке ала отыра кезінде шектеу қойылады.

     14. Шаруашылық субъектісінде барлық зақымдалған аймақтарда кешенді санация жүргізіледі, және де бір мезгілде балапандардың тыныс жолының емдеу-сақтандыру санациясы мен ауа, жұмыртқа, ыдыстар, тасымалдау заттары, мүліктер, арнайы киімдер (халат, медициналық маска, резеңке қолғап, резеңке етік, резеңке алжапқыш) дезинфекциясы өткізіледі.

     15. Мекемені тазалау іші мен сыртына бір мезгілде жүргізіледі, ең алдымен жуу бөлімін механикалық тазалау, сосын инкубатория мен құс ұясы, сою цехы, қойма мен басқа да өндірістік бөлімдер, ішкі жабдықтар, сосын-мекеменің сыртқы бөлімі және оған жалғасатын жолдың қатты беткейі, вентиляциялық аймақ ең аз мерзім ішінде (1-3 күн) дезинфекцияланады, сондықтан да шаруашылық субъектісінің санитарлық тәртібін қамтамасыз ету шараларын күшейтеді.

     16. Шаруашылық субъектісінен құс аспергиллезі ауруы бойынша шектеуді алып тастау құс ұясынан ауру құсты соңғы рет алып тастап қорытынды тазалау мен дезинфекция жүргізілгеннен кейін 3 ай ағымында өтеді.