Ауыл шаруашылық жануарларының бідейлендіру үшін қолданылатын сырғалардың көлемін ұлғайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2003 жылғы 02 сәуірдегі N 164 "Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру туралы" (2003 жылы 25 сәуірде N 2247 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2003 жылғы желтоқсан айындағы N 12 ақпарат - талдау бюллетенінде жарияланған)
бұйрығына
келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесіне:
17 тармақ келесі мәтінде жазылсын:
"17. Бірдейлендіру нөмірінің жеке тасымалдаушының бірінші жолында, ауыл шаруашылығы жануарының туған жері (халықаралық стандартизациялау жөніндегі ұйымның-ISO коды) елдің аталуы қысқартылған екі әріп қойылады және облыстың коды, екінші жолда ауданның (қаланың), ауылдық (поселкалық) округі, ал үшінші жолға жануардың бірдейлендіру нөмірі.";
көрсетілген Ереженің қосымшасында:
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін 1-ші тармақтағы сырғалардың, таңбалардың және татуировкалардың үлгілері келесі мәтінде жазылсын:
"1. Ірі қара малдарды, бұғыларды, қойларды, ешкілерді және шошқаларды бірдейлендіру үшін сопақша сырғамен.
Көлемі: ұзындығы - 35 миллиметр (әрі қарай - (мм), ені - 25 мм, қалыңдығы - 2 мм; сырға мен бекіту тұтқасының аралығы - 11 мм; бекіту тұтқаның қалыңдығы - 5 мм; тұтқаны бекітетін сақинаның ені - 20 мм; бірінші және екінші жолдардағы шрифтердің көлемі - 5 мм, ал үшінші жолдағы сандардың - 7 мм, сырғалар жұмсақ әрі берік түрлі-түсті фонды материалда, сандар әр-түрлі түсті және ойылып жазылады, жазу екі қатар орналасады: бірінші қатарда елдің аталуы қысқаша екі әріп, облыстың коды, екінші қатарда аудан (қала), ауылдық (поселкалық) округтің коды, ал үшінші қатарда жануарлардың бірдейлендіру нөмірі.".