Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі бекітілсін.
2. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өтуге жіберсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Комитет төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы
N 12 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген
жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыруды осы Ережемен белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді.
3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру, орманның табиғи жолмен жаңаруына ықпал ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген немесе ормандардың табиғи жолмен жаңаруы орын алған орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген жерлер, өртеңдер, өспей қалған екпелер, алаңқай жерлер), сондай-ақ, егер оларда белгіленген тәртіппен орман дақылдары отырғызылса немесе олардың табиғи жолмен орман болып өсуі орын алса, орманға жарамды деп танылған ормансыз жерлер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.
4. Осы Ереже табиғи аймағына байланысты орман дақылдары мен табиғи жолмен жаңарған екпелер белгілі бір сапалық және сандық өлшемдерге жеткен кезде оларды орман көмкерген жерлерге дер кезінде ауыстыруға жәрдемдесуге тиіс.
2. Орман дақылдары отырғызылған орман көмкермеген
жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру тәртібі
5. Орман дақылдары отырғызылған орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 264 бұйрығымен бекітілген "Орман дақылдарын, қорғаныштық орман екпелерін, питомниктерді, орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге және жас өскіндерді бағалы ағаш тұқымдары санатына енгізуге жәрдемдесу шаралары өткізілген алқаптарды түгелдеу жөніндегі нұсқаулыққа" (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес осы алқаптарға орман мекемелері жүргізетін тексеру негізінде жүргізіледі.
6. Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапалы жай-күйі 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен қосымша аймақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштерімен (бұдан әрі - Нормативтер) анықталады.
7. Орман мекемелерін әкімшілік облыстар шегінде табиғи аймақтар мен қосымша аймақтарға бөлу 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
8. Нақты учаскедегі орман дақылдары сапасының сыныбы осы учаскедегі орман дақылдарының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер өлшемін 1-қосымшада көрсетілген сол көрсеткіштердің нормативтерімен салыстыру жолымен белгіленеді. Бұл ретте орман дақылдарының барлық көрсеткіштері тепе-тең болып есептеледі. Орман дақылдары сапасының ортақ бағасы үшін ең төмен мәнді сапа көрсеткішін алады.
9. Бірінші және екінші сапа сыныптарына жатқызылған орман дақылдары орман көмкерген жерлерге ауыстырады. Екінші сапа сыныбының талаптарына жауап бермейтін орман дақылдары ақаулы дақылдар деп есептеледі. Оларда орман дақылдарының сапасын оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шаралар өткізілуі тиіс.
10. 1-қосымшада көрсетілген талаптардан 20% және одан да көп мөлшерде асып түсетін, басты тұқым ағаштарының орташа биіктігі бойынша және барлық қалған көрсеткіштер бойынша 1-сапа сыныбының талаптарына сәйкес келетін орман дақылдары үздік сапалы орман дақылдарына жатады.
11. Өздерінің көрсеткіштері бойынша жасынан басқа Нормативтердің барлық талаптарына сай келетін орман дақылдары 1-қосымшада көрсетілген жастан ертерек орман көмкерген жерлерге ауыстырылуы мүмкін.
12. Бір белгісі бойынша - басты тұқымды көлегейлеп тастайтын қажетсіз ағаш тұқымдары қоспасының орташа биіктігі бойынша Нормативтерге сәйкес келмейтін орман дақылдарын қажет болған жағдайларда басты тұқымды көлегемейлеу шарасы және қайтадан түгелдеу өткізілгеннен кейін орман көмкерген жерлерге ауыстырады.
13. Өсірілетін тұқымдардың өміршең өсімдіктері бар отырғызу (себу) орындары санының жеткілікті болмауы салдарынан Нормативтерге сәйкес келмейтін орман дақылдарын есептен шығарып, табиғи жолмен өскен шаруашылық мақсаттағы бағалы тұқымдар қоспасы жеткілікті мөлшерде болған жағдайда табиғи жас өскін ретінде орман көмкерген жерлерге ауыстырады, ал ол болмаған жағдайда - орман дақылдары қорына немесе құндылығы аз және аласа жіңішке екпелерді қайта жаңарту қорына жатқызады.
14. Егер орман дақылдары өсірілетін тұқымның орташа биіктігінің жеткіліксіз болуы салдарынан орман көмкерген жерлерге ауыстырылмайтын жағдайда қайтадан түгелдеу және бұл мәселені алдағы жылдары қайта қарау туралы шешім қабылданады.
15. Орман дақылдарын орман көмкерген жерлерге ауыстыру үшін өсірілетін өміршең өсімдіктердің алқап бойынша біркелкі орналасуы, ал қатарлап отырғызылған екпелерде - қатарлардағы діңдердің жанаса бастауы міндетті шарт болып табылады.
16. Учаске алқабы бойынша біркелкі емес орман дақылдарының сапасы біркелкі болмаған кезде учаскені табиғи күйінде және жоспарлау материалында белгілеп, әрбір сапа сыныбының орман дақылдарына сәйкес келетін жеке телімдерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте Нормативтерге сәйкес келетін дақылдардан оқшауланған өспей қалған немесе қайта жаңартуға жататын орман дақылдарының алқабы кемінде 0,5 гектар, ал 1 және 2-сыныпты орман дақылдарында - кемінде 3,0 гектар болуға тиіс.
17. Екі рет отырғызу тәсілімен өсірілген орман дақылдары орман көмкерген жерлерге олар 1-қосымшада келтірілген нормативтік көрсеткіштерге жеткен кезде екінші рет отырғызу тәсілімен өсірілген дақылдарды ауыстыру жасында ауыстырылады.
18. Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарын тексеру деректері 3-қосымшаға сәйкес белгіленген далалық карточкаларға енгізіледі, олар орман дақылдарын отырғызу жылдары бойынша, сондай-ақ олардың сапалық жай-күйі бойынша топтастырылады.
19. Далалық карточкалардың негізінде 4-қосымшаға сәйкес орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапалық жай-күйін бағалау ведомосы жасалады. Орманшылықтар бойынша қорытынды деректер келтірілген бұл ведомостар орман мекемелеріне, бар болса, орман мекемелерінің филиалдарына беріледі, ал соңғылары өз кезегінде орман мекемелеріне жиынтық деректерді ұсынады, олар белгіленген тәртіппен статистикалық есептілікті дайындау үшін пайдаланылады.
3. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу
жөніндегі іс-шаралар жүргізілген орман көмкермеген
жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру
20. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар жүргізілген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру Нұсқаулыққа сәйкес осы учаскелерді қаз-қалпында тексеру негізінде жүргізіледі.
21. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қалпына келтірілген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру мүмкіндігі осындай іс-шаралар өткізілгеннен кейін бесінші жылы жүргізілетін бірінші есепке алу (түгелдеу) кезінде анықталады.
22. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде пайда болған қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдарды табиғи жолмен қалпына келтірудің жай-күйін бағалау ағаш кесу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес шәкілдер бойынша жүргізіледі.
23. Аталған учаскелерде ормандар осы шәкілдерде көрсетілген өлшемдерге тең немесе одан асып түсетін мөлшерде біркелкі қалпына келіп жатқан жағдайда учаскелер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.
24. Шаруашылық мақсаттағы құнды тұқымдармен қалпына келген орман көмкермеген жерлерде осы тұқымдар аталған учаскелерде өсіп келе жатқан жапырақты тұқымды ағаштар мен бұталар биіктігінің үштен бірінен аспауға тиіс. Осы көлем аз мөлшерде болған жағдайда орман көмкерген жерлерге ауыстырғанға дейін осы жас екпелерде күтім жасау мақсатында ағаш кесу шараларын жүргізу қажет.
25. Аймақтық шәкіл талаптарына сай келетін көрсеткіштер бойынша бас тұқымдармен қалпына келген учаскелер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады және ағаш тұқымдарының жас өскіндері санатына енгізуге жатады.
26. Орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу шараларын жүргізу нәтижесінде пайда болған шаруашылық мақсаттағы құнды жас өскіндерге уәкілетті органмен келісім бойынша орман орналастыру мекемесі белгілеген нақты орман өсіру жағдайлары мен шаруашылық түрі үшін басты тұқымдар болып табылатын қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдар екпелері ғана жатады.
27. Орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген шаралармен бірге орман көмкермеген жерлерде қаз-қалпында тексеру (түгелдеу) нәтижелері бойынша осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық мақсаттағы құнды ағаш тұқымдарының жас екпелерін орман көмкерген жерлерге ауыстырудың жиынтық ведомосы жасалады.
4. Орман табиғи жолмен қалпына келген орман
көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру
28. Ағашы кесілген жерлерде, өртеңдерде, басқа да орман көмкермеген жерлерде, сондай-ақ табиғи жолмен орман өсіп келе жатқан ормансыз жерлерде табиғи жолмен қалпына келтірудің (орман өсірудің) нәтижелілігін бағалау және оларды орман көмкерген жерлерге ауыстыру осы Ереженің 20-27-тармақтарымен айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
29. Осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген учаскелерде табиғи жолмен қалпына келтірудің нәтижелілігін бағалау қалпына келтірудің нәтижелілігін бағалау шәкілдері бойынша өсу орнының жағдайларын ескере отырып, пайда болған жас екпелердің саны, құрамы, биіктігі және орналасуының біркелкілігі бойынша жүргізіледі.
30. Осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру шаруашылық мақсаттағы құнды тұқымдардың өміршең өскіні болған жағдайда және орманның табиғи жолмен қалпына келуін бағалаудың шәкілі бойынша нақты орман өсіру аймағы үшін шәкілдермен белгіленген "жақсы" деген нормадан кем емес мөлшерде кейіннен табиғи жолмен қалпына келген жағдайда жүргізіледі.
31. Ағаштың түбір немесе тамыр өркендерінің пайда болуы арқылы вегетативтік жолмен қалпына келе алатын ағаш тұқымдары өскен кеспеағаштар мен өртеңдер табиғи жолмен қалпына келген жағдайда және, егер тұқыммен қалпына келтіру мүмкін болмаса, ал вегетативтік жолмен қалпына келтіру шаруашылық жүргізу мақсаттарына сәйкес келетін болса, көрсетілген учаскелер, егер өркендер саны бекітілген шәкілдер талаптарына сәйкес келетін болса, орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.
32. Орман табиғи жолмен қалпына келген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру фактісі актімен ресімделіп, оған түгелдеу комиссиясының мүшелері қол қояды. Комиссия орман мекемесі директорының бұйрығымен құрылады. Комиссияның құрамына директордың орынбасары мен орман мекемесінің мамандары кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы тиіс және бес адамнан кем болмауы керек.
33. Осы құжаттардың негізінде 6-қосымшаға сәйкес орманның табиғи жолмен қалпына келуі нәтижесінде пайда болған ағаш тұқымдарының жас екпелерінің орман көмкерген жерлерін орман көмкермеген жерлерге ауыстырудың жиынтық ведомосы жасалады.
34. Орман мекемелері планшеттерде, таксациялық сипаттамаларда және басқа да есеп құжаттамаларында белгі қояды, сондай-ақ жоғарыда аталған өзгерістер статистикалық есептілікте көрініс табады.
35. Мемлекеттік орман қорындағы басқа мақсаттарда пайдаланылмайтын ормансыз алқаптарға (шабындық, жайылымдық, тыңайған жер және басқалары) ағаш тұқымдары табиғи жолмен өскен (орман өсіру) жағдайда оларды орман көмкерген алқаптарға ауыстыру осы Ереженің 27-31-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
5. Орман дақылдарының және табиғи қалпына келтіру
мен табиғи ағаш өсіруге жәрдемдесу шараларының
нәтижесінде пайда болған табиғи қалпына келтірудің
сапасын бағалаудың дұрыстығын және орман көмкерген
жерлерге дер кезінде ауыстыруды бақылау
36. Орман дақылдарының және табиғи қалпына келтіру мен табиғи ағаш өсіруге жәрдемдесу шараларының нәтижесінде пайда болған табиғи қалпына келтірудің сапасын бағалаудың дұрыстығын және орман көмкерген жерлерге дер кезінде ауыстыруды бақылау Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
37. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыруға мемлекеттік бақылауды орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндеті жүктелген уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен
аймақ тармақтары бойынша орман көмкерген жерлерге
ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын
бағалаудың нормативтік көрсеткіштері
Тұқымдық- |
Негізгі орман |
Орман |
Сапа |
Өсірі- |
Өсірі- |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Орманды дала аймағы |
|||||
Салпыншақ |
Жас және ылғалды |
4 |
1 |
4,2 |
2,0 |
Сібір |
Ылғалды және жас |
5 |
1 |
4,0 |
1,5 |
Кәдімгі |
Жас шоққарағайлар |
6 |
1 |
5,3 |
1,4 |
Шаған |
Ылғалдану шарттары |
4 |
1 |
3,0 |
1,5 |
1.2. Шағын адырлы Көкшетау облысы |
|||||
Салпыншақ |
Жас шоққайыңдар |
4 |
1 |
4,0 |
1,8 |
Сібір |
Қара және қою |
5 |
1 |
3,5 |
1,4 |
Кәдімгі |
Құрғақ және |
6 |
1 |
6,0 |
1,2 |
Шаған |
Ылғалдану шарттары |
4 |
1 |
2,8 |
1,5 |
2. Дала аймағы |
|||||
Салпыншақ |
Ылғалдылығы |
4 |
1 |
4,0 |
1,8 |
Емен |
Жайылма және |
10 |
1 |
3,0 |
1,5 |
Сібір |
Әдеттегі және оң- |
5 |
1 |
3,5 |
1,3 |
Кәдімгі |
Құрғақ және жас |
6 |
1 |
5,0 |
1,3 |
Терек |
Ылғалдылығы |
4 |
1 |
3,0 |
3,5 |
Шаған |
сондай |
4 |
1 |
2,8 |
1,5 |
2.2 Шөлейт дала аймағы |
|||||
Салпыншақ |
Құрғақ және |
5 |
1 |
3,2 |
1,8 |
Аласа |
Қою қоңыр топырақ |
4 |
1 |
3,0 |
2,1 |
Сібір |
сондай |
6 |
1 |
3,5 |
1,3 |
Кәдімгі |
Құрғақ және жас |
6 |
1 |
6,0 |
1,2 |
Терек |
Ылғалдылығы |
4 |
1 |
3,0 |
3,5 |
Шаған |
сондай |
4 |
1 |
3,0 |
1,4 |
2.3. Қуаң дала аймағының тармағы |
|||||
Салпыншақ |
Құрғақ қайың |
6 |
1 |
3,2 |
1,3 |
Аласа |
Қою қоңыр топырақ |
4 |
1 |
3,0 |
2,1 |
Тал |
Жайылма және |
4 |
1 |
3,0 |
3,5 |
Жиде |
Сондай |
4 |
1 |
3,0 |
1,5 |
Кәдімгі |
Құрғақ |
7 |
1 |
6,0 |
1,2 |
Жас шоққарағайлар |
6 |
1 |
5,0 |
1,4 |
|
Терек |
Жайылма және |
4 |
1 |
3,0 |
3,0 |
Шаған |
Сондай |
4 |
1 |
3,0 |
1,5 |
3. Шөл аймағы |
|||||
Аласа |
Сұр және сұр құба |
4 |
1 |
3,0 |
1,6 |
Тал |
Жайылма және |
4 |
1 |
3,0 |
3,2 |
Жиде |
сондай |
4 |
1 |
3,0 |
1,5 |
Қара |
Сұрғылт құба |
5 |
1 |
1,2 |
0,8 |
Терек |
Жайылма және |
4 |
1 |
3,0 |
3,0 |
3.2. Оңтүстік шөлдері аймағының тармағы |
|||||
Аласа |
Сұр, құмдауыт және |
4 |
1 |
3,0 |
1,8 |
Тал |
Жайылма және |
4 |
1 |
3,0 |
3,0 |
Жиде |
Сондай |
4 |
1 |
3,0 |
1,5 |
Қара |
Тау етегіндегі |
5 |
1 |
1,5 |
0,9 |
Сазды және құмда- |
5 |
1 |
1,5 |
0,8 |
|
Құм алдының құм |
5 |
1 |
1,5 |
1,0 |
|
Сырдария өңірінің |
5 |
1 |
1,1 |
0,7 |
|
Балқаш өңірінің |
5 |
1 |
1,2 |
0,8 |
|
Терек |
Суару жүйесінің |
3 |
1 |
2,5 |
3,0 |
4. Тау ормандары |
|||||
Кәдімгі |
Таудың қоңыр |
4 |
1 |
1,5 |
1,2 |
Шренк |
Шағын және орташа |
10 |
1 |
3,8 |
1,1 |
Сиверс |
Тау ормандарының |
5 |
1 |
1,5 |
1,1 |
4.2. Оңтүстік және Кенді Алтай |
|||||
Сібір |
Жас, ылғалды және |
8 |
1 |
4,0 |
1,0 |
Сібір |
Жас және шөбі |
6 |
1 |
4,0 |
1,5 |
Майқарағай |
Жас шөбі қалың, |
10 |
1 |
4,0 |
1,0 |
Кәдімгі |
Таулы-орманды, |
7 |
1 |
4,0 |
1,5 |
Сібір |
Таулы-орманды |
8 |
1 |
4,0 |
1,0 |
Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасының орман мекемелерін
табиғи аймақтар мен аймақ тармақтары бойынша
әкімшілік облыстар шегінде бөлу
Табиғи аймақ |
Әкімшілік |
Орман мекемелері |
1 |
2 |
3 |
1. Орманды дала аймағы |
||
1.1. Оңтүстік және |
Қостанай |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Солтүстік |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
1.2. Шағын адырлы |
Ақмола |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Солтүстік |
"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық |
|
2. Дала аймағы |
||
2.1. Бірқалыпты |
Ақмола |
Куйбышев ормандар мен жануарлар |
Қостанай |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Павлодар |
Үрлітөбе ормандар мен жануарлар |
|
Солтүстік |
"Ақан-Сері" ормандар мен |
|
2.2. Шөлейт дала |
Ақмола |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Ақтөбе |
Мартөк ормандар мен жануарлар |
|
Шығыс |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Қостанай |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Павлодар |
Максим Горький ормандар мен |
|
2.3 Қуаң дала |
Ақмола |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Ақтөбе |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Шығыс |
"Семей орманы" мемлекеттік |
|
Батыс |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Қарағанды |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Қостанай |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Павлодар |
Павлодар ормандар мен жануарлар |
|
3. Шөл аймағы |
||
3.1 Солтүстік шөлі |
Ақтөбе |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Атырау |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Батыс |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Қарағанды |
Ақтоғай, Жаңаарқа, Ұлытау |
|
3.2 Оңтүстік шөлі |
Алматы |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Жамбыл |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Қызылорда |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Маңғыстау |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
Оңтүстік |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
4. Тау ормандары |
||
4.1. Батыс Тянь-Шань |
Жамбыл |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Оңтүстік |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
|
4.2. Солтүстік |
Алматы |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
4.3. Жоңғар |
Алматы |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
4.4. Оңтүстік |
Шығыс |
Ормандар мен жануарлар дүниесін |
Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 3-қосымша
________ жылы орман көмкерген жерлерге
ауыстырылатын орман дақылдарын түгендеудің
N ___ далалық карточкасы
1. Орман мекемесі ________________________ филиалы ________________
2. Орманшылық _____________________________________________________
3. Облысы _________________________________________________________
4. Ауданы _________________________________________________________
5. Учаскенің орналасқан жері: N _____ орам, N ______________ телім,
6. Орман өсіру жағдайларының түрі _________________________________
7. Алқаағаштар түрі _______________________________________________
a. Орман дақылдары;
b. Жыра мен сайлардағы, құмдар мен басқа да жайсыз жерлердегі
қорғаныштық орман алқаағаштары;
c. Жайылымдарды қорғайтын орман алқаағаштары
8. Жүргізу жылы ___________________________________________________
9. Учаскенің көлемі ________________________________________ гектар
10. Жылжу схемасы _________________________________________________
Өсімдіктердің қатарларда орналасуы __________________________ метр,
қатар аралығы _______________________________________________ метр,
11. 1 га отырғызылатын өсімдіктердің саны ___________________ дана
12. Алқаағаштардың тексеру кезіндегі жай-күйі _____________________
Есепке |
Есепке |
Қатара- |
тұқым |
Өсірілетін |
Өсірілетін |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Қорғаныштық алқа- |
Табиғи |
Табиғи өскен |
Жұмсақ жапырақты |
|
Қатар- |
Қатарара- |
|||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1.
2.
және т.б
Тұқымдылар бойынша сынаулардағы жиынтығы __________________________
1 гектарға есептегенде
13. Комиссияның қорытындысы:
а) орман дақылдары сапа сыныбы, құрамы _____________________бойынша
орман көмкерген жерлерге ауыстырылады
б) орман дақылдарының (қорғаныштық орман екпелерінің) жағдайын
жақсарту шараларын жүргізу талап етіледі
___________________________________________________________________
(белгіленген шаралар мен өткізу мерзімдері көрсетіледі)
в) қорғаныштық орман екпелері ________________ бағамен пайдалануға
беруге жатады
г) белгіленген қайталап тексеру мерзімі
_______________________________________
(күні, айы, жылы)
Комиссия мүшелері:
(қызметі, тегі, аты-жөні)
200__ жылғы "___" ________________.
Комиссия қорытындысымен келісемін
Басшы
200__ жылғы "___" ________________
14. Орман мекемесі орталық комиссиясының орман дақылдарының
сапасын бақылап бағалау туралы белгісі.
(қызметі, тегі, аты-жөні)
200__ жылғы "___" ________________
Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 4-қосымша
_____ жылдың түгендеу деректері бойынша орман
көмкерген жерлерге ауыстырылған орман дақылдарының
сапалық жай-күйін бағалау
ВЕДОМОСЫ
Орман мекемесі ___________________ филиалы ________________
Орманшылық _____________ облысы __________ ауданы _________
Орман |
Үстіміздегі |
Соның ішінде сапа |
|||
Жағдайы |
I |
II |
Өсірілетін |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
_____ жыл
және одан үлкен
_____ жыл
_____ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
ЖИЫНЫ
%%
Комиссия мүшелері:
(қызметі, тегі, аты-жөні)
20___ жылғы "___" ____________
Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 5-қосымша
________ жылы орманның табиғи жолмен қалпына келуіне
жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық
жағынан бағалы ағаш тұқымдыларының жас талдарын
орман көмкерген жерлерге ауыстырудың
ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСЫ
Орман мекемесі _________________ филиалы ___________________
орманшылық _________________________
(гектар)
Жәр- |
Есеп беру |
Қа- |
Бе- |
Жәрдемдесу |
Қалпына келгені |
|
бар- |
с.і. |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Басты |
Орман көмкерген |
Есептен |
Орман көмкер- |
||||
бар- |
Соның |
барлығы |
Соның |
барлығы |
соның |
||
үсті- |
соның |
||||||
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
20___ жыл
және одан ерте
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
ЖИЫНЫ:
___ жылғы "___" ____________ Басшы
Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 6-қосымша
_________жылы орман көмкермеген жерлерде орманды
табиғи жолмен қалпына келтіру нәтижесінде пайда
болған ағаш тұқымдыларының жас талдарын орман
көмкерген жерлерге ауыстырудың
ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСЫ
Орман мекемесі __________ филиалы __________ орманшылық ___________
Кесу |
Табиғи |
Тексе- |
Қалпына келтірілді |
|||
бар- |
соның ішінде |
|||||
қылқан |
қатты |
жұмсақ |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Орман көмкерген |
Ауыстырылмай |
|||
барлығы |
соның ішінде |
|||
қылқан |
қатты |
жұмсақ |
||
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
20___ жыл
және одан бұрын
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
ЖИЫНЫ:
___ жылғы "___" ________ Басшы ___________________________