Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттердің есебінен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу медициналық тексеруін жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 11 қаңтардағы N 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3425. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 340 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 12.05.2015 № 340 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы N 1050  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттердің есебінен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу медициналық тексеруін жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша):
      1) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау;
      2) тоқсан сайын келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің ана мен бала денсаулығын сақтау басқармасына осы бұйрықтың орындалуы туралы ақпаратты ұсынсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің 
міндетін атқарушының     
2005 жылғы 11 қаңтардағы   
N 16 бұйрығымен бекітілді  

  Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық
трансферттердің есебінен ұрпақты болу жасындағы
әйелдерге алдын алу медициналық тексеруін
жүргізу ережесі

      1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар  жоспарымен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді кейіннен динамикалық бақылау және сауықтыру арқылы жыл сайынғы алдын алу тексерулері жүргізіледі. Бұл іс-шараларды іске асыру кезең-кезеңмен мына түрде жүзеге асырылады: 2005 жылы 20-34 жастағы әйелдер; 2006 жылы 15-19 және 35-49 жастағы әйелдер.

      2. Ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу медициналық тексерулер (бұдан әрі - тексеру) ұрпақты болу трактсының патологиясын анықтау, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсарту, ұрпақты болу жасындағы әйелдердің аурушаңдығы мен қайтыс болуын төмендету мақсатында жүргізіледі.

      3. Ұрпақты болу жасындағы әйелдерді тексеруді меншік нысанына қарамастан, көрсетілген қызметтің түрлеріне лицензиясы бар, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (әйелдер консультациясы мен кабинеттері, отбасылық дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі - ОДА), емханалар) емдеу-алдын алу ұйымдарының акушер-гинеколог дәрігерлері жүргізеді.

      4. Тексерулер медициналық ұйымдардағыдай, шарт болған жағдайда әйелдердің жұмыс істейтін жері бойынша да (медицина қызметкерлерінің ұйымдарға баруы арқылы) есепке алу-есеп беру құжатына тексеру мәліметтері міндетті түрде енгізіле отырып, жүргізілуі мүмкін.

      5. Медициналық тексерулерді жүргізу үшін емдеу-алдын алу ұйымының бірінші басшысы бекіткен күнтізбелік жоспар мен кесте құру қажет.
      Бұл күнтізбелік жоспар тексеруге жататын әйелдердің саны, жауапты мамандар, сондай-ақ жұмыс орындарына мамандардың баруы арқылы тексерулер жүргізілетін кәсіпорындар мен ұйымдардың көзделген тізбесі туралы ақпараттан тұруы тиіс.
      Тексерулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруді облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) бас акушер-гинекологтарына бекітіп беру қажет.

      6. Тексерулерді кәсіпорындарда немесе мекемелерде жүргізу кезінде тексерулерді жүргізу мерзімдерін бірінші басшымен келісіп алу қажет.

      7. Әйелдерді алдын алу тексерулерінің алдында, кейіннен динамикалық бақылау мен сауықтыруды жүргізе отырып, алдын ала тексерудің пайдасы туралы түсіндіру жұмысы, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын нығайту және сақтау жөніндегі санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіледі.

      8. Ауылдық жерлердегі жеке және шалғай аудандардағы ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу тексеруін аудандық орталық емханалардың (ауруханалардың) көшпелі дәрігерлік бригадасы жүргізеді. Көшпелі бригаданың акушер-гинекологы дәрігерінің жұмысын аудандық акушер-гинеколог дәрігері үйлестіреді. Әйелдерді тексеру кестесі учаскелік ауруханалардың, отбасылық/дәрігерлік амбулаториялардың, аудандық орталық ауруханалардың/аудандық ауруханалардың емханалары мен емхана бөлімшелерінің бас дәрігерлеріне, фельдшерлік және фельдшерлік-акушерлік пункттердің меңгерушілеріне хабарланады.

      9. Әйелдерді алдын алу тексерулерін жүргізу кезінде тексерулердің міндетті әдістерінің тізбесіне: сүт бездерін тексеру және саусақпен тексеру, айналарда жатыр мойнын тексеру, цитологиялық және бактериоскопиялық скрининг үшін қынап жағындыларын алу, бимунальды гинекологиялық зерттеулер, ал әйелдерге 35 жастан бастап - маммография жүргізу кіреді.

      10. Алдын алу гинекологиялық тексеруінің нәтижесінде денсаулық тобы критерийі белгіленеді:
      1) "Дені сау" - анамнезде шағым жоқ, етеккір пайда болған сәттен бастап, оның функциясы мен гинекологиялық аурулары жоқ; тексеру кезінде ұрпақты болу жүйесі мүшелері өзгермеген;
      2) "Іс-жүзінде дені сау" - анамнезде гинекологиялық ауруларға нұсқамалар, операциялық араласулар, оның ішінде түсіктер, етеккірдің ритмі мен сипатының бұзылуы бар; алдын алу тексеруі сәтінде шағым болған жоқ; объективті тексеру кезінде ұрпақты болу жүйесі функциясының бұзылуы мен әйелдердің еңбекке қабілеттілігінің төмендеуін тудыратын анатомиялық өзгерістердің болуы;
      3) "Науқас" - объективті тексеру кезінде, тіпті пациенттің көзінше гинекологиялық ауруларын анықтау.

      11. Алдын алу гинекологиялық тексерудің нәтижелері "Алдын алу тексерулерді есепке алу картасы" (N 131/у нысаны).

      12. Әйелдерден ұрпақты болу мүшелерінің патологиясын анықтаған жағдайда, бұл мәліметтер аумақтық әйелдер консультацияларына (кабинеттеріне), ОДА, емханаға ары қарай сауықтыру және диспансерлік бақылау үшін, ал экстрогенитальды патологияны айқындаған жағдайда, аурулардың бейіні бойынша мамандарға жіберіледі.

      13. Акушер-гинеколог дәрігер, әйелдер консультациясының (кабинетінің), ОДА меңгерушісі, емдеу-алдын алу ұйымының басшысы медициналық тексерулер мен диспансерлеудің нәтижелеріне, әйелдерді алдын алу медициналық тексерулері мен динамикалық бақылаудың сапасына тоқсан сайын талдау жүргізеді.