Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі N 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылғы 27 тамызында N 3041 тіркелген) "Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу Ережесінің 6-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"IP-телефония - бұл телефон байланысы және IP-хаттамасы арқылы нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру қызметтерін ұсыну";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"нақты уақыт режімінде факсимильдік хабарларды беру (соның ішінде алдын-ала төленген карточкалар бойынша) және телефон байланысы қызметінің IP- желісін қолдануға мүмкіндік беретін IP-хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып ұсынатын байланыс операторы - IP-телефон операторы";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"IP-телефонын пайдаланушысы - IP-хаттамасы базасында технологияны қолдана отырып телефон және факсимильдік байланыс хабарлары қызметі ұсынылатын телекоммуникация желісінің абоненті немесе басқа пайдаланушысы.";
43-тармақта:
"мәліметтерді беруші желі операторлары," деген сөздерден кейін "IP-телефон операторлары" деген сөздермен толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша;
мынадай мазмұндағы параграфпен толықтырылсын:
"5-1. IP-желісінің құрылғыларын қосу ерекшеліктері
46-1. IP-желісінің құрылғыларын (интеллектуалды платформа) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желісіне қосу ҚаТТ немесе ОПТЖ АҚТС деңгейінде DEF кодын пайдаланумен жүзеге асады (нөмірлеудің географиялық емес аймағы).
46-2. DEF коды және ab Х1Х2 оператор коды. DEF аймағында байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы тәртіппен анықталған уәкілетті органмен тағайындалады.
46-3. Бір IP-желісінен басқа IP-желісіне IP-телефония қызметін ұсыну қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желісі арқылы жүзеге асады.
46-4. IP-желісін пайдаланушымен жасалынған телефондық трафикті өткізу IP-желісінің нүктесіне қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желісін қосу арқылы жүзеге асады.".
2. Байланыс саласындағы Мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді, таратылуға жатады және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің сайтына қойылады.
Төраға м. а.
Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің Төрағасы
24 қаңтар 2005 жыл