Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 7 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 12 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3352

Қолданыстағы

     "Азаматтардың ұрпақ жаңғырту құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған сәйкес азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесі бекітілсін.
     2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу, ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
     3. Әкімшілік департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық ресми тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
     4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау Вице-Министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
     6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы       
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 
2005 жылғы 7 қаңтардағы       
N 7 бұйрығына қосымша       

  Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді
жүргізу туралы ереже

     1. Хирургиялық стерилдеуді қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде жасы отыз бестен асқан немесе екі баласы бар, медициналық айғақтары бар және жасы мен баласының санына қарамай азаматтардың келісімімен жасалады.

     2. Хирургиялық стерилдеуді тек қана азаматтардың келісімімен, емдеу-алдын алу ұйымдарында стационар жағдайында, меншік түріне қарамай, көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар, аталған операцияны жасау қажеттілігін алдын ала құлағдар ете отырып жүргізіледі.

     3. Азаматтардың хирургиялық стерилдеуге медициналық айғақтарды медициналық ұйымдарда, құрамында денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, дәрігер акушер-гинеколог, ауру шыққан жердің маман дәрігері бар комиссия (бұдан әрі - ДКК) белгілейді.
     Медициналық айғақтары болған жағдайда аталған мамандардың қолы қойылған және медициналық ұйымның мөрімен куәландырылған толық клиникалық диагнозы қойылған қорытынды беріледі.
     Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық стационар жағдайында медициналық айғақтар қойылған жағдайда, ауру тарихына әйелдің ауруына (жай-күйіне) қарай маман дәрігердің, емдеуші дәрігердің және денсаулық сақтау ұйымының (бөлімшесінің) басшысының қолдарымен бекітіліп, тиісті жазбалар жазылады.

     4. Хирургиялық стерилдеу хирургиялық стерилидеу әдісі бойынша арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер (минилапоротомия, лапроскопия, вазектомия) жүргізеді.

     5. Емдеу-алдын алу ұйымдарының дәрігер акушер-гинекологтар, уролог-андрологтар азаматтар хирургиялық стерилдеуге жолдама алу үшін өтініш жасаған кезде операцияға медициналық қарсы айғақтардың жоқтығын анықтау үшін тексеру, қарау жүргізеді.
     Тексерудің деректері амбулаториялық науқастың медициналық картасына (N 025/у нысаны) жазылады.
     Хирургиялық стерилдеу бойынша операциялар жасауға байланысты азаматтарға іш қуысы хирургиялық операциялары үшін регламенттелген толық клиникалық тексеру өткізіледі.

     6. Хирургиялық стерилдеу операцияларын жасауға медициналық қарсы айғақтар болмаған жағдайда азаматтарға ұйымдардың атауы мен мекен-жайы, көрінушіні тексерудің қорытындысы, ДКК қорытындысы, сондай-ақ көрінушінің жазбаша келісімі көрсетіле отырып азаматтарға медициналық ұйымға жолдама (028/у нысан) беріледі.

     7. Хирургиялық стерилдеу операциясын жасар алдында емдеу-алдын алу ұйымының дәрігері мынадай медициналық есеп беру-есепке алу құжаттарын толтыруы қажет: "Амбулаториялық аурудың медициналық картасы" (N 25/у нысан), "Қорытынды (анықталған) диагноздарды тіркеуге арналған статистикалық талон" (N 25-2/у нысан), стационарда - "Стационарлық аурудың медициналық картасы" (N 003-у нысан), операциялық журнал (N 008/у нысан), сондай-ақ әйелдер консультациясы мен жалпы емдеу жүйесіндегі емханаға арналған көшірме.

Қазақстан Республикасы       
Денсаулық сақтау министрінің м.а. 
2005 жылғы 7 қаңтардағы       
N 7 бұйрығымен бекітілген     
Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді
жүргізу ережесіне қосымша    

Хирургиялық стерилдеуді жүргізу үшін медициналық
айғақтар мен қарсы айғақтарының тізбесі

     1. Қазіргі немесе өткен уақыттағы барлық орындағы қатерлі ісіктер.
     2. Қайталанған кесерово тілігі және балалары болған кезде гинекологиялық операциядан кейінгі жатырда тыртықтың болуы.
     3. Эндокриндік жүйе аурулары:
     1) тиреотоксикоз;
     2) туа біткен немесе жүре біткен гипотиреоз;
     3) ауыр нысандағы қант диабет;
     4) жұбайлардың екеуінде де қант диабетінің болуы;
     5) гиперпаратиреоз, гипопаратиреоз;
     6) қантсыз диабет;
     7) бүйрекүсті безі аурулары (белсенді фазасы немесе арнайы емдеуден кейін айқын қалдық құбылыстар);
     8) амилоидоз.
     4. Қан және қан өндіру мүшелерінің аурулары:
     1) апластикалық анемия;
     2) өршу сатысындағы тромбопеникалық және тромбопатикалық жағдайлар;
     3) өршу сатысындағы геморрагиялық жағдайлар.
     5. Психикалық бұзылулар (болашақ баланың анасы мен әкесінің психоневрологиялық ұйымда куәлануы):
     1) психоздар, оның ішінде алкогольдық, дәрілік, шизофрениялық және басқа да неорганикалық психоздар;
     2) органикалық аурулардың нәтижесінде тууындайтын өтпелі және созылмалы психоневрологиялық жағдайлар;
     3) шизофрения;
     4) параноиды жағдай;
     5) жеке басының бұзылуы;
     6) созылмалы маскүнемдік;
     7) ақыл-ес кемістігі.
     6. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің аурулары:
     1) орталық жүйке жүйесінің ауыр асқыну ауруларынан өтуі (менингит, энцефалит, миелит пен энцефаломиелит);
     2) орталық жүйке жүйесінің тұқымқуалаушылық және дегенеративті аурулары;
     3) бытыраңқы склероздың барлық нысаны, орталық жүйке жүйесінің басқа да миелинсіздендіру аурулары;
     4) эпилепсия - барлық нысаны;
     5) каталепсия мен нарколепсия - барлық нысаны;
     6) асқынған және уытты невропатия - өршу сатысындағы барлық нысаны;
     7) бұлшық ет дистрофия мен миопатияның басқа да түрлері;
     8) нұрлы төр қабығы торларының аурулары - ауыр нысаны, көру жүйесінің невриті, кератит, көру өткірлігінің төмендеуі өршіген туа біткен катаракта;
     9) вестибулярлы аппарат аурулары;
     10) отосклероз - барлық нысаны; есту қабілеті төмендеген есту нервісі аурулары; туа біткен саңыраулық, мылқаулық.
     7. Қан айналымы жүйесінің аурулары:
     1) үзіліссіз қайталанатын миокардит;
     2) жүрек қысылуы белгісі бар созылмалы перикардит;
     3) митральды, аортальды, үш жармалы қақпақша кемшіліктері, 2-3 дәрежедегі қан айналымы жеткіліксіздігі бар көп арналы кемшіліктер;
     4) жиі кризисі бар 11А дәрежедегі гипертониялық ауру, 2-6-3 дәрежедегі қатерлі ісік;
     5) ишемиялық жүрек ауруы - барлық нысан;
     6) өкпе гипертензиясының болуы - 2-3-дәреже;
     7) жүрек қағысы мен өткізгіштің бұзылуы: 3 дәрежедегі атриовентрикулярлы блокадалар, жыпылық артемиясы, жиі ұстамалары бар пароксизмальды тахикардия;
     8) аорта анавризмы;
     9) артерия эмоболиясы мен тромбозы;
     10) түйіншек периартериит және ұқсас жағдайлар;
     11) қан айналым жүйесінің басқа да туа біткен кемшіліктері;
     12) өкпе гипертензиясы симптомдары кезінде шығарылған хирургиялық кемшіліктерінің коррекциядан кейін жағдайлар, туа біткен кемшіліктерді толық емес хирургиялық түзетулер, септальды кемшіліктер мен ашық артериальды өткізудің реканализациясы;
     13) жүректің басқа қақпақшаларының қанағаттанарлықсыз жағдайындағы жүректің қақпақшаларын протездегеннен кейінгі жағдай.
     7. Тыныс алу мүшелерінің аурулары:
     1) қолқа, трахея немесе бронхтардың стенозы;
     2) бронхиальды демікпе - ауыр нысан;
     3) бронхоэктатикалық ауру - ауыр, гормонотәуелді нысан;
     4) өкпе-жүрек жеткіліксіздігі бар, ішкі мүшелердің амилоидозымен өкпе және өкпе қабығы аурулары;
     5) өкпе поликистозы;
     6) 2-б және 3-дәрежелі тыныс алу кемістігі бар тыныс алу мүшелері аурулары;
     7) өкпе туберкулезінің ауыр нысандарымен ауырғандар.
     9. Ас қорыту мүшелері аурулары:
     1) өңештің сүмбілеуге келмей тарылуы және стенозы;
     2) жасанды өңеш;
     3) стенозы және анамнездегі қан кетуі бар асқазан мен ұлтабар жарасы;
     4) алдыңғы қуыс қабырғасы алшақтаған елеулі мөлшердегі іш қуысының жарығы;
     5) ішек қан қететін уақытша оңалу сатысындағы жиі өршитін жұқпалы энтелиттер мен колиттер;
     6) операция жасалған асқазан синдромы;
     7) функциясы бұзылған бауыр мен өт жолының созылмалы аурулары және бауыр циррозы;
     8) ішек дисбактериозыы, ауыр түрі;
     9) созылмалы қайталанатын гломерулонефрит;
     10) жіті және созылмалы бүйрек кемістігі;
     11) бүйрек және басқа органдар (тұрақты гипертония) бұзылған бүйрек паренхимдерінің аурулары жалғыз бүйректің созылмалы қайталанатын пиелонефриті;
     12) бүйрек функциясы бұзылған гидронефроз (екі жақты, жалғыз бүйрек, туа біткен);
     13) бүйрек кемістігі бар бүйрек поликистозы;
     14) әйелдердің жыныс мүшелері араласқан жыланкөздер және оларды түзеу операциясынан кейінгі жағдай.
     11. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің және біріктіру тіндерінің аурулары:
     1) біріктіру тіндерінің диффуздық аурулары;
     2) буындар функциясы ауыр бұзылған ревматоидты артрит және басқа да асқынудан тыс қабыну артропаттар;
     3) функциясы бұзылған тірек-двигатель аппаратының аурулары (шорланған спондилит, остеохондропатия);
     4) қолдарды, саусақтардың (барлығын немесе 4 саусақты) кесу;
     5) аяқтарды, табандарды (толық) кесу.
     12. Туа біткен аномалия: бір типті даму кемістігі бар балалардың қайталанып тууы; хромосомды аномалиясы бар баланың тууы; жоғары дәрежелі пенетрант бар ата-анасының бірінен болған доминантты тұқым қуалайтын аурулар.
     13. Тұқым қуалайтын және туа біткен аурулар:
     1) нақты белгіленген ауру бар балалардың монотектік ацурулары кезінде (амин қышқылының, көмірсутегінің, гликолипидті, алмасулар бұзылуы) патологиялы текті жұбайының біріндегі гетерезиготтық берілу;
     2) бір типті даму кемістігі бар балалардың қайталанып тууы;
     3) жоғары дәрежелі пенетрант бар ата-анасының бірінен болған доминантты және рецессивті тұқым қуалайтын аурулар.
     14. Хирургиялық стерильдеу үшін қарсы айғақ мыналар табылады:
     1) жіті (немесе асқыну сатысындағы созылмалы) жұқпалы аурулар;
     2) жіті (немесе асқыну сатысындағы созылмалы) қабыну аурулар;
     3) декомпенсация сатысындағы өмірлік маңызды мүшелердің созылмалы аурулары;
     4) жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары кезіндегі гемодинамика көрсеткіштерінің бұзылуы;
     5) қан және қан өндіру мүшелері аурулары кезіндегі гемотологиялық көрсеткіштердің бұзылуы.