2003 жылғы 20-маусымдағы N 442-ІІ Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына , "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15-шілдедегі N 162-І Заңының 11-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22-қаңтардағы N 75 қаулысының 5-тармағына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес, "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының орман алқаптарының ерекше қорғалуын қамтамасыз ету, оларды қолайсыз сыртқы әрекеттерден қорғау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің сыртқы шекарасы жанынан көлемі 2 км жер учаскелерін жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен алмай, жалпы алаңы 252,0 мың га (екі жүз елу екі мың га) қорғалатын аймақ белгіленсін, соның ішінде:
Бесқарағай ауданы бойынша - 190,0 мың га;
Бородулиха ауданы бойынша - 38,0 мың га;
Семей қаласы бойынша - 24,0 мың га.
3. "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесіне жергілікті орындарда қорғалатын аймақтың шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының
2004 жылғы 30 сәуірдегі N 453
қаулысына қосымша
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесінің қорғалатын аймақ аумағында тыйым салынатын қызметтердің тізбесі
1. Өндірістің және тұтынудың қалдықтарын, сондай-ақ радиобелсенді материалдар мен минералды тыңайтқыштарды қоймалау және көму.
2. Су қоймаларын ағынды суларды қашыртқылау үшін пайдалану.
3. Қоршаған ортаға физикалық әсер ететін қауіпті химиялық, биологиялық заттарды зиянды пайдалану.
4. Барлық пайдалану түрлерінде орман шабуға, шәйір, орманның екінші дәрежелі материалдарын және ағаш шырындарын дайындау.
5. Орманды қорғау күштерінің бақылауымен өткізілетіннен басқа, шөп өсімдіктерін жағу.
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық басқармасының бастығы