Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы N№25 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 265 қаулысы. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 2 ақпанда N 2310 тіркелді

Қолданыстағы

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N№836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы"  Заңын  жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы"  қаулысын  орындау мақсатында, III шақырылған
облыстық мәслихаттың IX сессиясының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 162-III "2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне сәйкес облыс әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыс әкімиятының 2004 жылғы 26 қаңтардағы N№25 "Жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі туралы"»
қаулысына  (әділет департаментінде 2004 жылғы 27 ақпанда N№1861 тіркелген, 2004 жылғы 15 наурызында N№31 "Прикаспийская коммуна" газетінде жарияланған, Атырау облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 29 қазанда N№2194 тіркелген облыс әкімиятының 2004 жылғы 6
қазандағы N№192 қаулысымен өзгерістер енгізілген) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-тармағындағы "Атырау облыстық қаржы басқармасы" сөздері "Атырау қаласы және аудандар әкімдері" сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      4-тармақтағы "Уәкілетті орган" сөздері "Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Байғожинге жүктелсін.

       Облыс әкімі