Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық әкімшілігінің 2004 жылғы 16 наурыздағы N 69 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 31 наурызда N 1900 тіркелді. Мемлекеттік тіркеуге жатпайды - Атырау облыстық Әділет департаментінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 3-1961/2005 хатымен (1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 38 бабы) және оның қолдануы тіркеусіз мүмкін

Қолданыстағы

                   ҚР Атырау облысы әділет департаментінің
                   2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан
                                     үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 1 бетте.

      АОӘД бастығы
    
      Қосымша:
      1) Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 16 наурыздағы N 69 "Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Атырау облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 31 наурызда N 1900 тіркелді)
_____________________________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  Заңының  37 бабына сәйкес және кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі облыстық комиссия хатшысының қызмет түрінің өзгеруіне байланысты облыс әкімияты қаулы етеді :

      1. Облыс әкімиятының 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 "Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы"  қаулысына  (2002 жылғы 18 сәуірде N 921 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген; 2002 жылғы 8 қарашадағы N 1192 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген облыс әкімиятының 2002 жылғы 14 қазандағы N 253 қаулысымен, 2003 жылғы 7 қарашадағы N 1701 Атырау облысы Әділет басқармасында тіркелген 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 198 қаулысымен өзгерістер енгізілген және 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 7 "Прикаспийская коммуна", 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 7 "Атырау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін.

      1 қосымшада:
      кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия құрамына енгізілсін:
      Қуанышева Айнагүл - облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық
      Қуанышқызы          және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімінің
                          жетекші маманы, хатшысы;
      аталған құрамнан Әліпов Данияр Ибрагимұлы шығарылсын.

      2 қосымшада:
      кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия туралы Ереженің 9 тармағында:
      "тоқсанына екі рет" деген сөздер "тоқсанына бір рет" деген сөздермен алмастырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

       Облыс әкімі